Мазмұнға өту

Астрахан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Астрахан
орыс. Астрахань

Астрахан Кремлі
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Ресей

Федерация субъектiсі

Астрахан

Мэрі

Мария Пермякова

Тарихы мен географиясы
Координаттары

46°20′ с. е. 48°02′ ш. б. / 46.333° с. е. 48.033° ш. б. / 46.333; 48.033 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°20′ с. е. 48°02′ ш. б. / 46.333° с. е. 48.033° ш. б. / 46.333; 48.033 (G) (O) (Я)

Алғашқы дерек

1334 жыл

қала статусы

1717 жыл

Жер аумағы

208,70[1][2] км²

Орталығының биiктігі

-25 м

Климаты

континеталды

Тұрғындары
Тұрғыны

524 371 адам (2021)

Тығыздығы

2512,68 адам/км²

Ұлттық құрамы

орыстар (77,93 %)
татарлар (6,98 %)
қазақтар (5,45 %)
әзербайжандар (1,31 %),
армяндар (0,96 %)
украиндар (0,95 %)
басқалары (6,42 %)[3]

Конфессиялар

Христиандар, Мұсылман/мұсылмандар, яһудилер, будисттер және басқалары

Этнохороним

Астрахандық, Астахандықтар

Ресми тілі

орыс

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 (8512)

Пошта индекстері

414000—414057

Басқалары
Марапаттары

Қазан төңкерісі ордені

astrgorod.ru  (орыс.)

Астрахан картада
Астрахан
Астрахан

Астрахан, Қажытархан (орыс. А́страхань) – Ресей Федерациясындағы қала, Астрахан облысының орталығы[4]. Төменгі Поволжьеның экономикалық және мәдениеттік орталығы деп саналады[5]. Ресейдің тарихи маңызы бар қалалардың біріне жатады[5]. Астрахан қалалық округын қалыптастырады.

Еділ дельтасының жоғарғы жағында орналысқан. Астраханнан Мәскеуге дейін жолдың қашықтығы 1550 км. Қала 4 ауданға бөлінген: Кировский, Советский, Ленинский, Трусовский. Тұрғыны 524,4 мың адам (2021). Ауданы: 208,70 км²[1][2].

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Astrakhan

Этимология

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қаланың аттың пайда болғаны туралы көп аңыздар бар.

Баяғыда Астраханның аттың пайда болған туралы екі пікір болған. Бірінші пікір бойынша, аты славян «страхань» сөзінен шықты, ал екіншісі бойынша скиф сөздерінің «ас» - әскердің басшысы және «тархан», бірақ екі пікірін де В. Н. Татищев жоққа шығарды[6][7].

Орыс шежірелерінде қаланы Азсторокань, Азтаракань, Азтарокань, Азторакань, Азторокань, Азторохань, Асторокань, Асторохань, Астрохань, Хазторокань деп атаған[8].

Мишарларда да қаланың атауы туралы аңыз бар. Аңыз бойынша оларда Сарай хан деген билеуші болған, оның Астыр хан мен Қасым хан деген балалары болған. Ол аңыз Алтын Орланың Сарай-Бату, Астрахан мен Қасымов деген қалалары туралы түсіндіргісі келді[9].

Астрахандықтардың өзіңдерінде аты Астра болған Хан туралы әлде оның Астра қызы туралы аңыз бар[10]. Ол аңыз кешкі орыс тілден шыққаны анық. Ол аңыздың ақиқатқа жақындығы ғылымда қаралыстырылмаған[11].

Кейбір таласты теориялар бойынша, қаланың аумағында Алтын Орданың тархан сауатымен ас тайпасы тұрып, көшкен[12]. Бірақ-та Астрахан аумағындағы ас тайпасы туралы қазіргі уақытта мәлімет жоқ[11]. Тарихта Астар - Кавказдың солтүстігінде және Дон өзеннің бойында тұрған Аландар. Еділ аумағындағы Астар тайпасы туралы тек Виллем Рубруктың жазбаларында ескертіледі[13].

Қала XIII ғасырдың екінші жартысында пайда болғаны деп сеніледі. М. Г. Сафаргалиев айтуы бойынша, қала Алтын Орда Ислам дінін қабылданғанда пайда болған. Виллем Рубрук 1254 жылда Еділдің бойында ауылы бар екенін ескертті. Ауыл Бату хан мен Сартақ ханға қыстауы болып және хан бұйрығымен шіркеу құрғызалған.

Жазбаша түрде Қажытархан бірінші рет қалаға Өзбек ханмен бірге барған Ибн Баттутаның жазбаларында ескертілген. Орта ғасырлардың карталары Қажытарханды Еділдің батыс жағалауында, қазіргі уақыттағы Астраханның орналасуына қарағанда жоғары.

Алтын Орда уақытында

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сауда жолдарында болғандықтан, Қажытархан Алтын Орданың сауда орталығы болып кетті. Шығыс тауарларымен келген керуендер, мына жерге Сарайлардан келіп, екі жаққа жіберілген, оңтүстікке(Кавказға) және батысқа(Азовқа). Иосафато Барбаро специялар мен жібек Итальяндық колония Қажытархан арқылы өткен.

1395 жылдың қысында Әмір Темірдің әскерлері келген. Шежірелер бойынша, Еділ бойында қалың мұз бөліктерден қабырға құрғызған, бірақ Қажытарханның басшылары Әмір Темірге шайқассыз қаланы беріп, қаланы тонаған. Иософата Барбаро сөзі бойынша, Қажытархан - қиратылған қалаға дейін дерлік.

Астрахан хандығы уақытында

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қала қайттан құрғызылып, 1459 жылында Астрахан хандығының астанасы болған. XV ғасырда Венециядан келген Амброджо Контарини қаланың төмендеудің ізі қалғаны туралы айтқан: "Үйлер аз, болса барлығы саз балшығынан құрғызылған, бірақ та қаланы биік емес тас қабырғасы бар."

XVI ғасырда Астраханның жақсы орналасуынан, хандық Осман империясының, Қырым хандығының және Ноғай орданың назарын аударған. 1533 жылда "орыс партиясы" пайда болды, ол Мәскеу үкіметімен тығындалып, оның әсерінен Астрахан хандығы Мәскеу үкіметімен сауда-саясаттық шартқа отырған[14]. 1552 жылында Руске қарсы шыққан Ямгурчи хан Астраханның билеушісі болған[15]. Иван Қорқынышты оны ханның орнынан шығару үшін 30 мың стрелецтерді жіберген. 1554 жылда Астрахан қаласын Русь княздіктер жаулап алған да, ханның орнына Ямгучи құлатқан Дервиш-Әліні қойған. Ол Мәскеумен жақсы қарама-қатынасқа уәде берсе де, Қырыммен одаққа кіргеннен кейін, орыс промосковтық көңілін бұзған да, содан кейін бір орыс отрядқа шабуыл жасаған[15]. Иван Қорқынышты қайттан стрелецтерді жіберіп, бірақ енді хандықты Ресей толықтай жаулап алып, Ресейге қосқан[15].

Ресей құрамындағы Астрахан

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
XVII ғасырдағы Астрахан. 1682 жылдың Гравюрасы
Астрахандағы көрпе базары

1558 жылында қалада ағаштан қамал құрғызылып басталған. 1636 неміс саяхатшы Адам Олеарий қаланың ашылуы күні көре алды. ал 1559 жылдың жазында Бұхарадан қайтып келген ағылшын дипломаты Энтони Джениксон Астрахан туралы "аралда, биік жағалауында және ішіндегі сарайы бар" деп айтқан. 1582 жылда ағаштан құрғызылған қабырғалардың орнына қабырғаларды тастан жасап, онымен бірге 8 үлкен мұнара тұрғызған, олар - Астрахан кремлінің бас бөлігі болған.

Орыс Астраханы Мәскеу патшалығына тек қана оңтүстік-шығыста орналасқан күшті форпост болмай, Азияға "қақпа" болған. Астраханға басқа қалалардан көп адамдар келіп, Еділ мен Каспийдің минералдық тұз бен бекіре үшін келген.

1569 жылда Астрахан түркі-татарлық әскерінің қоршауына төтеп берген.

1670 жылда тұрғындар қалаға Стенька Разинаны кіргізіп, өзінді-өзі басқаруды бастаған[16]. Бір жылдан кейін патшалық әскер басшысы қамалды қоршап алып, оған қарсы тұрғындар көтерілісті көтеріп, екі жарым айдан кейін ғана оны жіберген. 1692 жылда Оба індеті 16 мың адамдардан 10 мың адамды қырған.

XVIII ғасырдағы Астраханның интенсивті колонизациясы басталды. Петр I-нің бұйрығымен 1717 жылдың 22 қарашадан бастап Астрахан губерниясы пайда болған, оның аумағы қазіргі уақыттағы Еділ федералды округтің аумағымен бірдей дерлік. Астрахан губерния қаласы деген статусын алған. Келесі жылдарда Астрахан губерниясының аумағы Ресей империясының губерниялардың шекаралырының өзгертуінің әсерінен өзгерліді. Астрахан губерниясы қазіргі уақыттағы Астрахан облысына ұқсас аумағын Сталинград облысыынан шыққанда(1943 жылдың 27 желтоқсанында) алған.

Астрахан қаланың орталықтың планы, 1903 жыл

1897 жылдағы санағы бойынша қалада 112 880 адам тұрған. Тұрғындар аралығында Орыс тілін ана тілі деп 86 563 адам деп белгілеген[17].

1917 жылдағы болған Қазан революциясы әсерінен 1918 жылдың қаңтарында көшелер бойында шайқастар жүргізіліп, нәтижесінде Большевиктер антибольшевиктік күштерін талқандаған. 1919 жылдың жаз бен күз бойы азаматтық соғыстың кескілескен ұрыстары болған.

1920 жылдан бастап 1928 қала Қалмақ автономдық облыстың астанасы болған.

1942 жылдың жазында гитлердің әскерлері Астраханға 100-150 км қашықтықта келген. Люфтваффе Еділдегі кемеледі аспаннан бомбалаған, кейбір бомблар қалаға түскен. Соғыс бойында қала жанар-жағармай материалдардың Централды Ресейге ауыстырып тиетін орын болған.

1950-1960 жылдарда қаланың реконструкциясы басталған. Қала үшін жаңа Генералды план қабылданылған, ол бойынша жаңа парктер ашылады, алаңдар пайда болған, Еділдің жағалауы қайттан салынып, Астрахан Кремлінің реставрациясы басталған.

2008 Астрахан қаланың 450 жылдық мерейтойын қарсы алған.

2007 жылда трамвай жолдары жабылған, ал 2017 жылда троллейбустік жолдарды жапқан.

Физикалық-географиялық характеристикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Астрахан Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығысында, Каспий маңы ойпатынның Шөлейт белдемесінде орналасқан. 11 аралда орналасып, қала Еділдің жағалауында 45 километрден астамға тартылған. Рельефі - жазық, биіктігі 5-15 м төбелері бар. Қаланың орталығы теңіз деңгейінен -23 м биіктікте.

Қоңыржай климат, континенталды, үлкен жылдық және жаздың тәуліктік ауа температурасы амлитудалары бар, Жауын-шашынның мөлшері аз және буланғыштық жоғары. Қалаға көбінесе шығыстық, оңтүстік-шығыстық және солтүстік-шығыстық желдер келеді, ал сәуірден бастап, тамызға дейін аңызақтар байқалады. Сондай климаттың түрі оның Шөлейт белдемеде орналасқаны түсіндіреді.

Бір жылда орта есеппен 213 шуақты күн болады[18]. Күннің ұзақтығы 8 сағаттан 36 минуттан (22 желтоқсан) басталып, 15 сағат 48 минутке (22 маусым) дейін өзгеріледі[19]. Жауын-шашынның жылдық нормасы: 234мм[20]. Жауын-шашын саны бойынша Астрахан Еуропаның ең үлкен құрғақ қала деп саналады.

Астраханның ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел Жыл
Абсолюттық максимум, °C 14,0 17,1 24,0 32,0 36,8 40,6 41,0 40,8 38,0 29,9 21,6 16,4 41,0
Орташа максимум, °C −0,1 −0,8 7,8 17,4 23,8 29,3 32,0 30,6 24,4 16,3 7,1 1,2 15,9
Орташа температура, °C −3,7 −3,7 2,3 11,1 17,7 23,1 25,6 24,0 17,7 10,4 3,1 −1,9 10,5
Орташа минимум, °C −6,5 −7,1 −1,9 5,9 12,1 17,4 19,6 18,1 12,3 6,0 0,0 −4,6 5,9
Абсолюттық минимум, °C −31,8 −33,6 −26,9 −8,9 −1,1 −5,4 10,1 6,1 −2 −10,5 −25,8 −29,9 −33,6
Жауын-шашын нормасы, мм 15 12 16 23 28 25 24 21 17 18 18 16 234
Дерекнама: [20]

Сағаттық белдеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Астрахан МСК+1 Сағаттық белдеуінде орналасқан. Уақыттың UTC-ге қатысты жылжуы - +4:00. Қолданылатын уақытына және географиялық Бойлыққа қатысты орта талтүс 12:48-де басталады.

Астраханның аудандардағы халқы, I бөлім (Сағат тілі бойынша: Аудандардың атаулары, орыстар, татарлар, қазақтар)
Астраханның аудандардағы халқы, II бөлім (Сағат тілі бойынша: Аварлар, Ноғайлар, Лезгиндер, Cығандар)


Халық санағы
1811 1840 1856 1863 1888 1897 1913 1914 1926 1931 1933 1939 1956
37 800 45 900 34 600 42 800 74 000 112 880 150 700 154 500 184 000 208 966 225 400 253 595 276 000
1959 1962 1967 1970 1973 1975 1976 1979 1982 1985 1986 1987 1989
295 768 320 000 368 000 410 473 435 000 447 000 447 700 461 003 474 000 489 000 497 000 509 000 509 210
1990 1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002
478 000 512 000 512 000 511 000 512 000 482 000 484 000 490 000 486 000 488 000 486 100 479 700 504 501
2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015
504 700 502 800 501 300 499 000 500 200 503 100 504 141 520 339 520 700 525 387 527 345 530 863 532 699
2016 2017 2018 2019 2020 2021
531 719 532 504 533 925 534 241 529 793 524 371

2019 1 қаңтарда Астрахан халық саны бойынша 1115 қалалардан 33-інші орында болған.

Астраханда 173 ұлт өкілдерден астам, 14 діндік конфессиялар, 155 қоғамдық бірлестік бар және 17 ұлттардың мәдениеттік қоғамдары бар жұмыс істейді.

2010 жылда өткізілген Ресейлік халық санағы бойынша ұллтық құрамы[3]
Ұлт Саны, адам Барлық ұлтын жазған адамдардың үлесі, %
Орыстар 339 853 77,93
Татарлар 30 432 6,98
Қазақтар 23 783 5,45
әзербайжандар 5737 1,31
Армяндар 4195 0,96
Украиндар 4141 0,95
Ноғайлар 3777 0,87
Аварлар 3693 0,85
Лезгиндер 3255 0,75
Сығандар 2141 0,49
Басқалар 11 080 2,54
Ұлтын ескерткен 436 075 100,00
Ұлтын жазбаған 84 264

Білім және ғылым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қаладағы білім беру орталықтары:

  • 35 жоғарғы оқу орны;
  • 90 балабақша;
  • 80 жалпы білім беру орталығы;
  • 28 қосымша білім беру орны.

Негізгі жоғарғы оқу орындары:

  • Астрахан мемлекеттік университеті;
  • Астрахан мемлекеттік техникалық университеті;
  • Астрахан мемлекеттік медициналық университеті;
  • Астрахан мемлекеттік консерваториясы.

Астрахан қаласының спорт клубтары:

  • "Волгарь" футбол клубы. Әлемнің 1988 жылғы ең үздік қақпашысы Ринат Дасаев өзінің кәсіби футболдағы алғашқы қадамдарын осында бастаған.
  • "Динамо" гандбол клубы. КСРО-ның 1990 жылғы чемпионы.
  • "Динамо" ватерпол клубы. Ресей чемпионатының 2015 жылғы қола жүлдегері.
  • "Астраханочка" гандбол клубы. 2015 жылғы әйелдер арасындағы Ресей біріншілігінің жеңімпазы.

Бауырлас қалалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Росстат. База данных показателей муниципальных образований. Мұрағатталған 27 қаңтардың 2014 жылы.
  2. a b Генеральный план города Астрахань. Основные технико-экономические показатели. Мұрағатталған 2 қазанның 2013 жылы.
  3. a b Перепись 2002 года показала изменение национального состава населения Москвы. «Демоскоп» — Электронная версия бюллетеня «Население и общество». Институт демографии Государственного университета — Высшей школы экономики. Тексерілді, 13 қаңтар 2009.  (орыс.)
  4. {{{тақырыбы}}}. — ISBN 5-85270-320-6.
  5. a b Официальный сайт органов местного самоуправления.. Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 желтоқсан 2013.
  6. Зайцев И. В. Астраханское ханство. М., 2004. С. 11.
  7. Татищев В. Н. Избранные произведения. Л., 1979. С. 172.
  8. Полное собрание русских летописей. — М.: Языки русской культуры, 2000. — Т. 14 — С. 176—600 с. — ISBN 5-7859-0134-X.
  9. Ахмеров Г. Избранные труды. Казань, 1998. С. 147.
  10. Charnock, Richard Stephen. Local Etymology: A Derivative Dictionary of Geographical Names. — London: Houlston and Wright, 1859. — P. 18.
  11. a b Крепость. Путешествие в Каспийскую столицу. Астрахань: ООО Типография «Нова», 2009. С. 22.
  12. Шнайдштейн Е. В. Северный Прикаспий в древности: Учеб. пособие по истории края. Астрахань, 1992. С. 41, 43—44 (гл. «Ас-Тархан»).
  13. Гильом Де Рубрук. Путешествие В Восточные Страны, главы 47—53, издание 1957 года.
  14. АСТРАХАНСКОЕ ХАНСТВО
  15. a b c Официальная история
  16. Золотарёв П. А. «История об астраханском бунте казака Степана Разина и о убиении в оном митрополита Иосифа, боярина князя Прозоровского и многих воевод»
  17. Первая всеобщая перепись населения Российской Империи 1897 г. Распределение населения по родному языку и уездам 50 губерний Европейской России. Демоскоп Weekly. — Астраханский уезд — г. Астрахань. Тексерілді, 20 сәуір 2014.
  18. Погода в Астрахани по месяцам
  19. Месячные таблицы времени восхода и захода солнца в Астрахани
  20. a b Климат Астрахани