Арық жалбыз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Арық жалбыз

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Lamiaceae
Кіші тұқымдасы: Nepetoideae
Тегі: Mentha
Түрі: M. longifolia
Екі-есімді атауы
Mentha longifolia
(L.) Huds.

Арық жалбыз (лат. Mentha longifolia) – ерінгүлділер тұқымдасының жалбыздар тегінің тамыр сабақты көпжылдық шөптес өсімдігі.

Ботаникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Биіктігі 30-180 см, жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, сағақсыз, қандауыр тәрізді, үстіндегі беті қошқыл жасыл, астыңғы беті - үйысқан ақ түкті.

Гүлдері сабақ ұшында үздікті шоқ, бұтақтарында масақ тәрізді болып шоғырланған. Тостағаншасы қоңырау пішіндес, күлтесі күлгін түсті. Маусым-тамызда гүлдейді.

Жемісі төрт жарнақты.

Африкада, Азияда және Еуропаның барлық бөлімдерінде кең таралған. Қазақстанда Орал, Қостанай, Семей, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жоңғар аймақтарында кездеседі.

Ылғалды жерлерде, арықтардың бойында өседі.

Классификация

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арық жалбыздың бірнеше түршелері бар[1][2][3]:

  • Mentha longifolia subsp. grisella (Briq.) Briq.
  • Mentha longifolia subsp. hymalaiensis Briq.
  • Mentha longifolia subsp. longifolia
  • Mentha candicans Mill.
  • Mentha spicata var. longifolia L.
  • Mentha sylvestris subsp. polyadenia Briq.
  • Mentha sylvestris subsp. typhoides Briq.

Пайдаланау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арық жалбыз - эфир майлы, хош иісті және балды өсімдік. Оны медицинада, парфюмерияда, конфет, ликер өндірістерінде пайдаланады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Euro+Med Plantbase Project: Mentha longifolia Мұрағатталған 9 наурыздың 2012 жылы.
  2. African Flowering Plants Database: Mentha longifolia Мұрағатталған 29 сәуірдің 2008 жылы.
  3. Huxley, A., ed. (1992). New RHS Dictionary of Gardening. Macmillan ISBN 0-333-47494-5.
  • Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том