Ара балы
Ара балы, бал — жоғары калориялы дәмді, диеталық тағам.
Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал – тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әртүрлі атайды. Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты болып келеді. Ара балының сапасын негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақтық қасиеттері арқылы ажыратылады.
Бал – қуаты жоғары тамақтық азық. Оның 1 кг-ы 3250 кал. қуат береді. Бал адам организмін витаминдермен, ақуызбен, ферменттермен, т.б. тіршілікке қажетті заттармен байытады. Сондай-ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық тигенде қолданады. Ара балын косметикада, дәрі жасау өндірісінде пайдаланады. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5оС-тан 10оС-қа дейінгі температурада сақтайды.[1]
Табиғи балдың түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады. Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы. Гүлдейтін қаншама өсімдіктер бар болса, соншама балдың түрлері бар:
- Түйебұршақ (донник) балы бірінші сұрыпты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
- Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.
- Жөке (липа) балы жақсы сұрыптқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
- Шабындық (луговой) балы бірінші сұрыпты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
- Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сұрыпқа жататын балдың бұл түрі, суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Балдың шығуы бойынша түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Табиғи бал шығу тегі бойынша гүлді, бал шырыны және аралас болуы мүмкін.
Гүл балын аралар гүлді өсімдіктердің балшырындарынан бөлінетін балшырындарды жинау және өңдеу процесінде шығарады.
Аралар бал шырыны (тли және кейбір басқа жәндіктерден тәтті секрециялар) және бал шырыны (кейбір өсімдіктердің жапырақтары мен шырша инелеріне қантты шырынның экссудациясы) өсімдіктердің жапырақтарынан немесе сабақтарынан жинау арқылы бал бал шығарады. Балдың балында минералдардың жоғары мөлшері бар, сондықтан ол аралардың қыстауына қалдырылмайды: қорытылмаған заттардың көбеюі аралар ішектерінің тез толып кетуіне әкеледі. Ал бал аралар ұяда дәрет етпейтіндіктен, жылуды күтіп, бал шырынын ішу диареяға, аралар тобының әлсіреуіне және ішек ауруларының (нозематоз) өршуіне, колониялардың өліміне дейін әкелуі мүмкін.
Балдың емдік қасиеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Емдік қасиеті ерте кезден белгілі болып, түрлі ауруларға қарсы әркім өзінше пайдаланып келген суық тигенде, жүрек, бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан, ішек, жүйке ауруы, сондай-ақ қан қысымының көтерілуі сияқты дерттерге шипа. Оны көпке созылып, асқынып кеткен жарақатқа да жағуға болады. Соған орай балды кейбір ауруларға қалай пайдалануға болатыны туралы қысқаша мәлімет ұсынамыз. Бұл тәсілдерді ата-бабаларымыз байырғы заманнан пайдаланған. Балдың пайдасын адамзат өте ерте заманнан білген. Бізден 3000 мың жыл бұрын еврейлердің адам мен мал жарақатын балмен емдегені жөнінде деректер ұшырасады.[2]
- Суық тигенде. Суық тигенде, тұмауратқан кезде балды ыстық сүтке немесе лимонның шырынына қосып, науқастан әбден айыққанша ішкен дұрыс. Ол үшін бір стақан ыстық сүтке бір шай қасық бал және сары май қосып ішеді. Ал сүт жақпайтын адамдар үшін бүтін бір лимонның шырынына 100 грамм бал қосып, әбден езілгенше араластырып, сұйықталған соң пайдалануына болады. Оны ішкенде екі-үш күндей жылы жатқан жөн. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Сонымен қатар бір литр суға ұнтақталған 500 гр пиязды, 400 гр қантты және 50 гр балды қосып, отқа үш сағаттай қайнатып, суыған соң шыны шөлмекке құйып ауызын мықтап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам күніне 4-5 рет ас қасықпен ішуі керек, сонымен қатар қызарып ауырып тұрған тамақты шаю да пайдалы. Сондай-ақ шәйнекте қайнап тұрған суға бір асқасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қызарғанын басады.
- Асқазан, ішек ауырғанда. Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп немесе керісінше азайып кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанда жарасы бар науқас тамақтың алдында бір жарым, екі сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал қанның құрамындағы гемоглобинді көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал қышқылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын азайтады.
- Бал жараға да ем. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыруы керек. Жараға жағатын дәріні 60 гр балға бір шай қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды.
- Жүрек ауырғанда. Бал жүрек ауруы бар адамдарға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі рет үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептеуір жақсарады. Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі.
- Бауыр ауырғанда. Балды бауыр және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады, оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке, сәбізге, лимон шырынына қосып, жеген дұрыс. Кейде тұрыптың ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, 3-4 сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шай қасықпен, күніне 2-3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйрекке құм, тас жиналудан сақтайды. Емдік қасиеті мол тағам түрлерінің ішінде табиғи балдың алар орны ерекше. Халық медицинасы бал арқылы ем қабылдауды осыдан 4000 жыл бұрын білген-ді. Грек елінің ұлы ғалымы Пифагор «Ұзақ өмір сүрудің себебі - балды жиі қабылдағаннан» десе, әлемге әйгілі медицина ғалымы, жазушы Абу ‘Али Ибн Сина (Авиценна, 980-1037 ж.ж): «Егер жастық шағыңды сақтап қалғың келсе, балды жиі же!» - деген екен.[3]
Бал жинау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бал жинау — ара ұясының жылы маусымдағы гүл шірнесі мен тозаңын жинап, бал өндіруі; табиғи процесс. Аралардың ішінде бал жинауға тек ерекше балауыз бездері бар, “жұмысшы” аралар ғана қатысады. Ара өзінің “бал сауытына” (артқы екі аяғында болатын арнайы қуыс) өз салмағының жартысындай шірне (нектар) жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араға қалдырып, қайтадан ұшып кетеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады, желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін, ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Араның Бал жинауы ара ұясының күйіне, ауа райына, өсімдік түріне және оның омартаға қашықтығына, шірненің бөліну дәрежесіне байланысты. Бір маусымда ара ұясы 100 — 200 кг бал жинайды.
Араның Бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан оны үш кезеңге бөлуге болады. Көктемгі жинау — өсімдіктің алғашқы гүлдеу кезеңінде басталады. Ерте көктемде, тал, үйеңкі, алма, алмұрт ағаштары гүлдеген кезде аралар екі аптадай тынымсыз (күніне 5 — 6 кг) бал жинайды. Көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары болады. Жазғы жинау 2—3 аптаға созылады. Бұл кезде бал (күніне 6—7 кг), негізінен, жөке ағашынан жиналады. Өйткені жөке ағашы маусымның аяғы, шілденің басында гүлдейді. Жөкеден алынатын бал қоңыр түсті, хош иісті келеді. Ең көп бал — қарақұмықтан жиналады. Қарақұмық бір айдан артық гүлдеп тұрады. Күн ашық, ылғалды болса, бір ара ұясы маусымына қарақұмықтан 50—60 кг-ға дейін бал жинай алады. Күзде аралар балды аз, негізінен, күнбағыстан (күніне 3 — 4 кг) жинайды. Одан алынатын бал ашық сары түсті, иіссіз болады.[4]
Жасанды бал
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жасанды бал қантты қышқыл гидролиз әдісімен алынған инвертті қанттың концентрацияланған ерітіндісінен тұрады. Консистенция сироп тәрізді. Өз бетінше қанттануы мүмкін немесе бұл процесс қант немесе табиғи балдың ұрық кристалдарын қосуды жылдамдатады. Бояу үшін нафтол қолданылады. Синтетикалық бал эссенциясымен немесе ара балымен хош иістенеді. Жасанды балда 22% - дан аспайтын су, 30% - дан аспайтын сахарозалар бар.
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Modern beehives
-
Smoking the hive
-
Using a blower to remove bees from honey prior to removal to honey house
-
A beekeeper removing frames from the hive
-
A capped honey super frame
-
Opening the cells: Uncapping
-
An uncapping fork
-
Uncapping the cells by hand using an uncapping knife
-
Extracting the honey
-
Filtering the honey
-
Pouring in pots
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- ↑ "Ордабасы": Энциклопедия.- Шымкент:"Ордабасы".2008.
- ↑ Балдың емдік қасиеті(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;