Арарат жанартауы
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Арарат жанартауы (арм. Масис) — Армян таулы қыратындағы ең биік жанартаулық сілем. Ол Түркияның шығысында, Армения мен Иран Ислам Республикасы шекарасына жақын орналасқан. А. ж. бірігіп кеткен екі конустан – Үлкен Арарат (биікт. 5165 м) және Кіші Арарат (бикт. 3925 м). тауларынан тұрады. Базальт жыныстарынан түзілген. Лавадан құрылған жанартаудың беткейлерін (4250 м-ден жоғары) мәңгі қар басқан. А. ж-нда 30-ға жуық мұздық бар.