Араб-Израиль қақтығысы
Араб-Израиль қақтығысы | |||
| |||
Араб мемлекеттері Лигасы | Израиль | ||
Израильға қарсы соғысқандар | Иордан өзенінің батыс жағалауы және Газа секторы | ||
Дата |
27 ақпан 1920 жылдан – қазірге дейін | ||
---|---|---|---|
Орын | |||
Статусы |
Қақтығыс жалғасуда | ||
Қарсыластар | |||
| |||
Шығындар | |||
| |||
Араб-Израиль қақтығысы — Таяу Шығыс аймағын ұзақ уақыт бойы шарпыған, әлі күнге дейін тиімді шешімін таппай келе жатқан өзекті шиеленіс болып табылады. Палестинаға байланысты арабтар мен еврейлер арасындағы дау-жанжалдың күре тамыры Израиль мемлекеті құрылғанға дейін басталды.[1]
Қақтығыстың тамыры Осман империясы мен Палестинадағы еврейлердің жағдайы исламдық діни заңмен анықталған кезде, еврей ұлтының мәртебесі мен құқықтары мұсылмандардан төмен болды. Содан кейін еврейлер араб ақсүйек өкілдері мен жергілікті мұсылман тұрғындарының қолында шоғырланған жергілікті билік тарапынан кемсітушілікке ұшырады. Бұл жағдай екі халықтың қарым қатынасыныңушығуына келді.[1]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1917 жылдан бастап Палестинада Балфур декларациясын жариялағаннан кейін еврейлер мен арабтар арасындағы қатынастар жыл сайын шиеленісіп келе жатқан саяси қақтығысқа ұласа бастады. Қайшылықтарды шешу мақсатында 1947 жылы 29 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1948 жылдың мамырында Палестинадағы ағылшын мандат тәртіптемесінің күшін жою үшін және оның аумағында екі тәуелсіз мемлекетті араб мемлекетін және еврей мемлекетін құру үшін дауыс берді. Сол мезетте еврей халқының өкілетті органы Халық Кеңесі құрылды. Британдық басқарудың Палестинадағы мерзімінің аяқталуы сәтінде, яғни 1948 жылдың 14 мамырынан 15 мамырына қараған түні Халық кеңесі өзінің отырысын өткізді, ол жерде жетекші саяси көшбасшылардың бірі Бенгурион Израиль мемлекетінің құрылғандығын жариялайтын Тәуелсіздік декларациясын оқыды. Израиль мемлекетін жариялаған сәттен кейін оның шекарасы әлі анықталмай тұрып, ертесінде-ақ еврейлер мен арабтар арасында соғысқа жол ашқан қарулы шайқастар басталып кетті.[2]
Араб-израиль соғысы (1947–1949)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1948 жылдың 15 мамырында Израиль мемлекеті жарияланды; араб мемлекеттері (Мысыр, Сирия, Ирак, Иордания, Ливан) оған бірден соғыс ашты. Израильдің сол кездегі күші арабтардың әскери қуатымен салыстыруға да келмейтін; алайда араб елдерінің көздеген мақсаттары әр түрлі болды, тіпті бірыңғай әскери басшылығы да болмады. Израильдіктер бұл жағдайды ұтымды пайдалана білді: олар жаудың бетін қайтарып, қарсы шабуылда ірі жеңіске жетті. Соғыс 1948 жылдың соңына дейін жалғасты. 1949 жылдың бірінші жартысында БҰҰ-ның аралық етуімен 4 араб мемлекетімен (Ирактан басқа) бейбіт келісімдер жасалды. Осылайша Палестинаны бөлу мәселесі күшпен шешілді. Израиль БҰҰ бөліп берген аумақтан қарағанда анағұрлым үлкен аймақты басып алды. Араб мемлекеті құрылмады: Иордан өзенінің Батыс жағалауын - Иордания, ал Газа аймағын Мысыр жаулап алды.[3]
Суэц дағдарысы (1956–1957)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Суэц каналын мемлекеттендіру туралы шешім Англия мен Францияда ете суық қабылданды. Дегенмен олар әскери шығынға батып, тәуекел жасағысы келмеді. Мысырмен соғысуға тек Израиль гана мүдделі болды. Оның үстіне соғыс ашуға себептер де баршылық еді: лаңкестік шабуылдарының күшеюі; араб елдерінің Тиран бұғазын қоршап, Израиль кемелеріне тосқауыл қоюы. 1956 жылы 29 казанда Англия мен Францияның қолдауына сүйенген Израиль Мысырға қарсы соғыс қимылдарын бастады. 2 қарашаға қарай Израиль алға қойған негізгі мақсаттарына қол жеткізді: Синай түбегінің үлкен бөлігі оккупацияланды, Тиран бұғазы кеме қатынасы үшін ашылды, лаңкестердің базалары талқандалды және Мысыр әскерлеріне соққы берілді.[3]
Алты күндік соғыс (1967)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1967 жылы 5 маусымда атақты Алты күндік соғыс басталды. Арабтар Израиль армиясының кенеттен шабуылына дайын болмай шықты. Израиль әскерлері бірнеше күннің ішінде Иордан өзенінің Батыс жағалауын, Газа аймағын, Синай түбегін, сондай-ақ Дамасктен 30 шақырым жерде орналасқан аса маңызды Голан асуларын жаулап алды. Араб елдері толығымен жеңіліс тапты, Г.А.Насер бірден билік басынан кетті, бірақ кейін халықтың шақырыуымен орнында қалуға келісті. 1967 жылы тамызда Хартумда араб елдерінің көшбасшылары жиналды. Жиын Мысыр мен Иорданияның экономикалық шығындарының орнын толтыру, Израильге қарсы тұруды жалғастыру туралы шешім шығарды. КСРО Израильмен дипломатиялық қатынастарын бұзып, арабтардың жағына түпкілікті шықты: Мысыр мен Сирияның әскери шығындарын толықтырып, оларды қайта қаруландыруға бел байлады. 1967 жылғы соғыстан кейін палестиналықтардың лаңкестікке жүгінуі жиіледі, әсіресе еуропалық елдердің және АҚШ-тың азаматтық ұшақтарын ұрлау фактілері жиі болып тұрды; израильдіктер Бейрут аэродромын бомбалаумен жауап қайтарды. Бұл Таяу Шығыста белең алған лаңкестіктің басы ғана еді, ары қарай ол тек күшейе берді.[3]
Иордания соғысы (1970–1971)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1970 жылы қыркүйекте Иорданияда соғыс басталды: Хусейн король палестиналықтарды қарусыздандыруға бұйрық берді. Қарулы қақтығыстардың нәтижесінде 30 мың палестиналық жауынгер қаза тапты, ПАЕҰ-нің қалдықтары Иордания аумағынан ығыстырылды. Сирияда палестиналықтарға айтарлықтай көмек көрсете алмаған Джадид орнынан алынып, билікке Хафез Асад келді (1970 жылы). Осы жылы Мысыр президенті Г.А.Насер кенеттен қайтыс болды Оны вице-президент Анвар Садат алмастырды. Соғыс палестиналық ұйымдардың ортасында радикализмнің кеңінен жайылуына ықпал етті, дәл осы уақытта «Қара қыркүйек», «Араб революциясының колы» сияқты белгілі лаңкестік ұйымдар құрылды. Дегенмен 1969 жылы ПАЕҰ-нің басшылығына келген Я.Арафат пен Иордания королі арасындағы қақтығысты тоқтатуға қол жеткізілді.[3]
Теңіз арқылы қару контрабандасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Иранның қақтығыстағы рөлінің және оның өңірлік күшінің күшеюіне және қақтығыстағы өз жақтастарына құрлықтық қолдау көрсетудің мүмкін еместігіне байланысты оларға үшінші елдерден жалданған әскери контрабанда бар кемелер жіберілді:
- 2001 жылы – «Санторини» кемесі,
- 2002 жылы – Тонга туын көтерген «Карин А» кемесі,
- 2009 жылы – Кипрге тиесілі «Мончегорск» кемесі,
- 2009 жылы – Антигуа және Барбуда туын көтерген «Francop» кемесі,
- 2011 жылы – «Виктория» кемесі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b ЦЕНТР СТРАТЕГИЧЕСКИХ ОЦЕНОК И ПРОГНОЗОВ (орыс.) (10 ноября 2014).
- ↑ Рапопорт М.А. Восприятие еврейской иммиграции в Палестину арабской общественностью в 1882–1948 гг. – Санкт-Петербург, 2013. – 71 с.
- ↑ a b c d Қапышев А.К., Шайхыгалиев Е.А. - Дүние жүзі тарихы: Қазіргі заман тарихы. 3-том: Оқу құралы. – Алматы: «Бастау», 2017 жыл. - 352 бет.