Апелдорн
Апелдорн – Амстердамның шығысынан 90 км қашықтықта орналасқан орталық Нидерландыдағы қала[1]. Гелдерланд провинциясындағы Апелдорн муниципалитетінің аймақтық орталығы. Аумағы – 341 13 шаршы км.
Қаладағы Парк Оранг, Принзенпарк, Ферзец-Стрэйдерс-Парк , Мхенпарк , Парк Доггерсбанк, Спрангенпарк , Оңтүстік парк , Каналпарк , Матенпарк секілді әсем саябақтар қаланы көріктендіріп тұр. Қалада елдегі ірі қағаз және қатты қағаз өндіретін фабрикалар мен көптеген қаржылық мекемелер орналасқан.
Сондай-ақ 1971 жылы негізі қаланған Апенхеуль хайуанаттар паркі қаланың батыс бөлігінде орын тепкен. Аталған хайуанаттар паркі маймылдардың қонақтармен қатар еркін жүріп-тұруына мүмкіндік берген әлемдегі тұңғыш парк ретінде ерекшеленеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BF%D0%B5%D0%BB%D0%B4%D0%BE%D1%80%D0%BD
![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|