Антигона

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жан-Батист Юг. Эдип пен Антигона (1885)

Антигона (көне грекше: Ἀντιγόνη) — Ежелгі грек мифологиясындағы Фива патшасы Эдиптің қызы[1][2].

Соқыр әкесімен бірге өз еркімен айдауда болып, азап шеккен[3]. Ол өлгеннен кейін еліне келеді де, Фиваға қарсы қару көтерген бауыры Полиниктің сүйегін рұқсатсыз жерлейді. Сол үшін патша оны мазардағы сардабаға тірідей салып, бекітіп тастайды. Сонда Антигона өзін-өзі өлтіреді [4].

Ата-анасына деген сүйіспеншіліктің шыңы, қайырымдылық пен қажырлылықтың үлгісі болған Антигонаның тағдырына Софокл өзінің ең таңдаулы трагедиялық шығармасын арнаған.

Астрономия

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Антигонаның құрметіне 1873 жылы ашылған ірі астероидты атаған - (129) Антигона.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мифы народов мира. М., 1991-92. В 2 т. Т.1. С.84; Любкер Ф. Реальный словарь классических древностей. М., 2001. В 3 т. Т.1. С.114; Псевдо-Аполлодор. Мифологическая библиотека III 5, 8-9
  2. Еврипид. Финикиянки 58
  3. Гигин. Мифы 67
  4. Софокл. Антигона 568—572