Антенналық тор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Антенналық тор — бір фазаға келтірілген және белгілі бір тәртіппен қатарласа орналасқан бір текті элементтерден (дірілдеткіштерден, рупорлардан) тұратын күрделі антенна. Элементтерінің дұрыс орналасуы және олардан таралатын тербелістің бір фазаға келтірілуі – антенналық тордың бағытталғандық диаграммасының үшкір болуын қамтамасыз етеді. Мұның бағытталғандық диаграммасы өзгермейтін (синфазалық қума толқындық) және оны электрондық басқару жолымен өзгертуге болатын (синтезделген антенналық тор) түрлері бар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6