Мазмұнға өту

Алюминий

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
13 МагнийАлюминийКремний
B

Al

Ga
Периодическая система элементовСутегіГелийЛитийБериллийБор (элемент)КөміртекАзотОттекФторНеонНатрийМагнийАлюминийКремнийФосфорКүкіртХлорАргонКалийКальцийСкандийТитан (элемент)ВанадийХромМарганецТемірКобальтНикельМысМырышГаллийГерманийКүшәнСеленБромКриптонРубидийСтронцийИттрийЦирконийНиобийМолибденТехнецийРутенийРодийПалладийКүмісКадмийИндийҚалайыСүрмеТеллурИодКсенонЦезийБарийЛантанЦерийПразеодимНеодимПрометийСамарийЕуропийГадолинийТербийДиспрозийГольмийЭрбийТулийИттербийЛютецийГафнийТантал (элемент)ВольфрамРенийОсмийИридийПлатинаАлтынСынапТаллийҚорғасынВисмутПолонийАстатРадонФранцийРадийАктинийТорийПротактинийУранНептунийПлутонийАмерицийКюрийБерклийКалифорнийЭйнштейнийФермийМенделевийНобелийЛоуренсийРезерфордийДубнийСиборгийБорийХассийМейтнерийДармштадтийРентгенийКоперницийНихонийФлеровийМосковийЛиверморийТеннессинОганесон
Периодическая система элементов
13Al
Жай заттың сыртқы бейнесі
жұмсақ, жеңіл және иілгіш металл күміс-ақ түсті.
Атом қасиеті
Атауы, символ, нөмірі

Алюминий, 13

Топ типі

Басқа металдар

Топ, период, блок

13, 3, p

Атомдық масса
(молярлық масса)

26,9815386(8) м. а. б. (г/моль)

Электрондық конфигурация

[Ne] 3s2 3p1

Қабықшалар бойынша электрондар

2, 8, 3

Атом радиусы

143 пм

Химиялық қасиеттері
Ковалентті радиус

121 ± 4 пм

Ван-дер-Ваальс радиусы

184 пм

Ион радиусы

51 (+3e) пм

Электртерістілігі

1,61 (Полинг шкаласы)

Тотығу дәрежелері

0; +3

Иондалу энергиясы

1-ші: 577,5 (5,984) кДж/моль (эВ)
2-ші: 1816.7 кДж/моль (эВ)
3-ші: 2744.8 кДж/моль (эВ)

Жай заттың термодинамикалық қасиеттері
Термодинамикалық фаза

Қатты дене

Тығыздық (қ.ж.)

2,6989 г/см³

Балқу температурасы

660 °C, 933,5 K

Қайнау температурасы

2518,82 °C, 2792 K

Балқу жылуы

10,75 кДж/моль

Булану жылуы

284,1 кДж/моль

Молярлық жылусыйымдылық

24,35 Дж/(K·моль)

Молярлық көлем

10,0 см³/моль

Қаныққан бу қысымы
P (Па) 1 10 100 1000 10 000 100 000
T (К) 1482 1632 1817 2054 2364 2790
Жай заттың кристаллдық торы
Тор құрылымы

текше бетке бағытталған

Тор параметрлері

4,050 Å

Дебай температурасы

394 K

Басқа да қасиеттері
Жылуөткізгіштік

(300 K) 237 Вт/(м·К)

Дыбыс жылдамдығы

5200 м/с

Юнг модульі

70 ГПа

Пуассон коэффициенті

0.35

Моос қаттылығы

2.75

Бринеллий қаттылығы

160–550 МПа

CAS нөмірі

7429-90-5

Алюминий (лат. Aluminium; Al) — элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі 13, атомдық массасы 26,9815. Тұрақты бір ғана изотопы бар. Жер қыртысында таралуы бойынша элементтер арасында 4, металдар арасында 1-ші орында.

Табиғатта жүздеген минералдары кездескендіктен, оның көпшілігі – алюмосиликаттар болып келеді. Алюминий латынша Alumіnіum; алюминий алу үшін пайдаланылатын негізгі шикізат – боксит. Алюминийді бос күйінде алғаш рет 1825 жылы даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған.

Алюминий – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2,7 г/см3; балқу температурасы 660℃, қайнау температурасы 2500℃; коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі бетіндегі алюминий оксидінен тұратын жұқа қабыршақ оны тотығудан қорғайды. Сондай-ақ ол амфотерлі элемент, сондықтан қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі. Алюминий – практикалық маңызы зор металл. Ол негізінен жеңіл құймалар өндіру үшін пайдаланылады. Алюминий құймалары авиа, авто, кеме, ядролық реактор, химиялық аппараттар жасауда, құрылыста, т.б. салаларда, таза металл түрінде электртехникасында ток өткізгіш сымдар, тұрмысқа қажетті бұйымдар дайындау үшін қолданылады. Техникалық қасиеттері жағынан өте бағалы құймасы – дюралюминий.

Оның құрамында 94% алюминий, 4% мыс және аздаған магний, марганец, темір, кремний болады.[1][2]

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • ас үй жабдықтарында;
  • терезелер, есіктер мен монтаж сымдарын жасауда, құрылыс өндірісінде;
  • аэроғарыш пен басқа да көлік индустриясында;
  • электр қуатын өткізу үшін электрөткізгіш ретінде;
  • алюминий фольгасы сияқты орауыш материалдар, сыра мен басқа да сусын- дар ыдыстары, бояулар салған түтік пен үй өнімдерін сақтайтын ыдыстар жасауда;
  • алюминий ұнтағы бояулар мен қатаң зымыран отындарда қолданылады.

Алюминий өндірісі химиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тау кеңінен бокситтер алу.
  2. Глинозем өндіру. Бокситті бөлшектеу, су қосу, құрамындағы кремнийді ығыстыру үшін жоғары температурада қыздыру.
  3. Сілтісіздендіру. Автоклавқа салу, сілтімен өңдеу, оттек сілті ерітіндіге өтеді, қалғаны қызыл шлам түрде түзіледі.
  4. Декомпозиция. Натрий алюминат ерітіндісін декомпозерде бірнеше тәулік араластыру, алюминий оксидінің глиноземі тұнба ретте пайда болуы.
  5. Алюминий электролизі. 950 °C-дағы ваннаға криолетпен салу, 400kA тоқ өткізу, алюминий мен оттек атом байланыстары үзіледі, ванна түбінде сұйық металл п.б.
  6. Алғашқы алюминий. Кесек түрде тұтынушыға жеткізу.
  7. Алюминий құймасы. Формаға құю арқылы өнім жасау, кремний/мыс/магний қосу. Автобөлшектер, авиақозғалтқыш, көлік дискілерін жасау.
  8. Прокат. Алюминий созылымдылығы арқасында 9м тіртөртбұрыш кесек жасау. Қақтама/жұқалтыр, сусын банкалары, автобөлшектер жасау.
  9. Экструзия. Арнайы пішін алу үшін металді тесу. Көзілдірік ілдірігі, телефон корпусы, ұшақ фюзеляжы, ғарыш кемесін жасау.
  10. Қайта құю. Алюминий коррозияға ұшырамайды, қайта қолдану мүмкіндігі бар. Бірінші алюминий өндіруге кеткен энергияның 9% алады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырылған 2-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 208 бет: суретті. ISBN 9965-36-702-7
  2. Қазақстан балалар энциклопедиясы