Альтинг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Альтинг ғимараты

Альтинг (исл. Alþingi) - Исландия парламенті. 4 жылға сайланады.

Алғашқы рет 930 ж. Тингвадлаватн көлінің солтүстік жағасындағы Þingvellir деген жерде жиналған. Бастапқы кезде 2-3 жылда бір жиналатын. Исландияның әр ер азаматы Альтингта өз пікірін айтуға құқығы бар тұғын.

1000 ж. альтингқа қатысқан көпшілік христиандық дін қабылдауға дауыс берген.

1798 жылға дейін саяси өмірінің орталығы болды.

1800 ж. Дания үкіметі Альтингті жойды (Исландия 14 ғ-дың аяғынан былай Данияның қол астында болды).

1843 жылдан бері Альтинг қайта шақырылатын болып, бірте-бірте буржуазиялық парламентке айналды.

1920 ж. конституция бойынша Альтингке заң шығару және үкіметтің қызметіне бақылау жасау билігі берілді.

Қазіргі заманда (1991 жылдан бері) Альтинг - 6 сайлаулық аймақтан 63 депутат сайланған бір палаталық парламент. 2009 жылдан бері альтинг төрағасы — Эйнар Кристин Гудфинсон (Тәуелсіздік партиясынан депутат).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998