Мазмұнға өту

Аламантәрізділер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Cricetids
Қазбалық ауқымы: Middle Miocene–Recent
Meadow Vole Microtus pennsylvanicus
Meadow Vole
Microtus pennsylvanicus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Ықшам табы: Ұрықжолдастылар
Ұлы сабы: Euarchontoglires
Сабы: Кеміргіштер
Кіші сабы: Myomorpha
Ұлы тұқымдасы: Muroidea
Тұқымдасы: Аламантәрізділер
Григорий Иванович Фишер фон Вальдгейм, 1817
Subfamilies

Arvicolinae
Cricetinae
Neotominae
Sigmodontinae
Tylomyinae
and see below

Жоңғар ергежейлі атжалманы

Аламантәрізділер (Cricetidae) – кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы.


Барлық құрлықта тараған, тек Австралия мен Азия және Африканың тропиктік аймақтарында кездеспейді. 80-ге жуық туысы, 400-дей түрі белгілі. А. қазба қалдықтары Еуразияда олигоцен дәуірінен сақталған. Қазақстанда А. атжалмандар, құмтышқандар және тоқалтістер деп аталатын 3 топқа жататын 31 түрі кездеседі. Олар еліміздің барлық аудандарына дерлік, далалы орманнан шөл-шөлейтті жерлердің таулы алқаптарына дейін тараған. А-дің пішіні дембелше келген, ұршық тәрізді және мойын бөлімі жақсы жетілген. Артқы аяқтары алдыңғыларына қарағанда ұзындау, бес башпайлы. А-дің көбі құлақ қалқандары, күрек тістері ақсиған (соқыртышқан), құйрықтары мен аяқтары қысқа, жер қазуға ыңғайлы болып келеді. Су қоймаларына жақын және батпақты жерлерде мекендейтіндерінің артқы аяқтарының башпайларының арасында жүзу жарғақтары болады. Көпшілік түрі қысқы азық жинайды. А. өте өсімтал, жылдың жылы маусымдарында тез көбейеді. Олар а. ш. мен орман ш-тарының зиянкестері әр түрлі індеттер таратады. Кейбір түрлері лаб-лық жануарлар болып саналады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]