Актиния
Актиния | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Актиниялар, Эрнст Геккелдің суреті (1904)
| ||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
| ||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||
Actiniaria Hertwig, 1882 |
Актиния немесе теңіз анемондары (лат. Actiniaria) — ішек қуыстылар отрядына жататын теңіз жануары.
Дене сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Актиниялардың пішіндері әр түрлі болып келеді. Ең кіші актинияның диаметрі небәрі 0,38 см, ал биіктігі 0,4 см болады, ең үлкенінің диаметрі 1,8 м, ал биіктігі 1,2 м-ге жетеді. Олардың көбінің реңдері көк, жасыл, күлгін, қызыл немесе қызыл-сары болса, кейбіреулері өздерінің айналасындағы түспен бірдей болу үшін басқа түске ауысуы мүмкін. Актиниялардың милары болмайды. Жүйке жүйелері қарапайым болып келеді.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көбінесе тропикалық және субтропикалық суларда кездеседі.
Қара теңізде, Баренц теңізінде және Қиыр Шығыс теңіздерінде көп болады.
Қоректері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Актиниялар – етқоректі. Олар балықтармен, мидиялармен, зоопланктондармен және шұбалшаңдармен қоректенеді. Олар өздерінің тілдерімен құрбанына уын дарытып, оны сал қылады. Кейін мұрттарымен құрбанды аузына алып келеді. Актиниялардың асқазандарында мықты қорытқыш шырын болады, ол қорегін жылдам қорытуға көмектеседі.
Көбеюі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Актиниялар жыныстық жолмен де, жыныссыз жолмен де көбейеді. Ұрғашы актиниялар жұмыртқа өндіріп, оларды ауыздары арқылы суға жібереді. Еркек актиния аталық ұрықтарды өндіріп, суға жібергенде олар жұмыртқаларды ұрықтандырады. Ұрықтанғаннан соң жұмыртқа дернәсілге айналып, маржанға немесе басқа да бір қатты затқа бекініп, әрі қарай жетіледі. Актиниялардың кейбір түрлері – гермафродиттер, яғни бір ғана организмде еркек және ұрғашы дараның көбею мүшелері бар. Актиниялар, сонымен қатар, бүршіктену арқылы да көбейеді. Актинияның денесінде қалыптасқан кішкентай полиптер бөлініп, дамып, ересек актинияға айналуы мүмкін.
Актиниялар мен клоун балықтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Актиниялар мен клоун-балықтардың арасында симбиозды қатынас дамыған. Актиниялардың 100 түрінің ішінде 10 түрі клоун-балықтармен екі жаққа да пайдалы қатынас түзеді. Клоун-балықтардың ұялары актиниялар болады. Актиниялар оларды жауларынан қорғайды, әрі сол балықтардың қоректерінің қалдықтарымен қоректенеді. Сонымен қатар, клоун-балықтар актинияларды паразиттер және олардың мұрттарына кіріп кетуінен, басқа да заттардан тазартады.
Актиниялар мен теңіз шаяндары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кейбір актиниялар көптеген жануарлармен симбиозды қатынас түзеді. Олар теңіз шаяндарының сауыттарына жабысып алады. Олар шаяндарға қорғаныс болса, ал актиниялар шаянның арқасында жүріп оның қоректерінің қалдықтарымен қоректене береді. Диуана шаян мен актиниялардың қатынастары симбиозды қатынастардың мысалы бола алады. Бұл шаяндар ұлулардың ескі жабындарын мекендейді. Олар өздерінің жабындарын жаңа жабынға ауыстырған кезде сол актиниямен бірге жаңа жабынға көшеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998