Ай кезбелік
Ай кезбелік (снохождение ) — ұйқы бұзылудың бір түрі. Ол көбінесе балалар мен жасөспірімдер қалжырағанда, неврозбен ауырғанда, қатты науқастан сауығу кезеңінде байқалады. Ай кезбелік сырттай қарағанда қояншық (эпилепсия) ауруына ұқсас болуы мүмкін. Бұл сырқаттың бір белгісі — адам ұйқысынан оянбай-ақ төсегінен тұрып бөлмені аралап жүреді, өзімен-өзі сөйлесіп, кейде бағытсыз әрекеттер жасайды (есікті ашып-жабады, сыртқа шығып кетеді). Содан кейін ол қайтадан төсегіне жатып ұиқысын жалғастырады. Оның бір ерекшелігі — бұл эпизодтар адамның есіңде сақталмайды. Ай кезбелікпен ауырған адамдар ертеден-ақ айналасындағыларға үрей туғызған. Сондықтан халық арасында ондай адамдарды білгір, көреген, өйткені оған ай әсер еткен (Ай кезбе атауы осыдан барып шыққан), оның қолынан бәрі келеді деген қате ұғымдар орын алған.
Ай кезбелік кезінде адам жығылуы, бір нәрсеге соғылуы, жарақаттануы мүмкін, соның нәтижесінде ол үйқысынан оянып кетеді. Бақытсыздық жағдайға ұшыраудан сақтану үшін ай кезбелікпен жапа шеккен адам жатқан бөлменің есік-терезесін жауып, электр приборларын токтан ажыратып, отты сөндіріп тастау керек. Түнде ұйқысыраған адамды ақырын оятып, сосын қайтадан төсегіне жатқызып, ол үйықтағанша жанында отырған жөн. Мұндай адамдар дәрігердің бақылауында болуы керек. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |