Айқайың

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Айқайың

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Brassicales
Тұқымдасы: Brassicaceae
Тегі: Malcolmia
W.T.Aiton
түрлері

35 түрі белгілі

Айқайың (лат. Malcolmia) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Жалпы мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еуразияның және Солтүстік Африканың қоңыржай белдеулерінде өсетін 30-дан астам түрі белгілі. Қазақстанның Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарындағы тау беткейлерінде, өзен аңғарларында, құмды, сортаң жерлерде өседі.[1]

Қазақстанда тарауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алматы облысының тау беткейлерінде, өзен аңғарларында, құмды, сортаң жерлерде өседі. Сондай-ақ Қазақстанның басқа аймақтарындада кездеседі. Ең көп тараған түрі — Түркістан Айқайыңы, Африка Айқайыңы, тағы басқа Биіктігі 5-40 см, сабақтары түбінен тарамдалған. Жапырағы сопақша, бүтін жиекті, кейде ойық, бедерлі келеді. Гүлдері күлгін қызғылт түсті, қалың гүл шоғырына топтасқан. Наурыз-мамыр айларында гүлдейді. Наурыз-шілдеде жеміс береді. Жемісі — қысқа, жуан сағақты бұршаққын. Тұқымы бір не қос қатарлы орналасады. Айқайың — құнарлы мал азығы. Оны халық медицинасында да пайдаланады.[2]

Елімізде Айқайыңның 9 түрі бар, оның ішінде ең көп тарағандары: Түркістан Айқайыңы, түкті Айқайың, жеміс Айқайыңы, Aфрика Айқайыңы. Олардың биіктігі 5 – 40 см, сабақтары түбінен тарамдалған. Жапырағы сопақша бүтін жиекті, кейде ойық, тісті келеді. Гүлдері күлгін қызғылт түсті, қалың гүлшоғырына топталған. Наурыз – мамыр айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Жемісі – қысқа, жуан сағақты бұршаққын. Тұқымы бір не қос қатарлы орналасады. Айқайың – құнарлы мал азығы. Оны халық медицинасында да пайдаланады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Қазақ ұлттық энциклопедиясы
  2. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3