Мазмұнға өту

Айдахо

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
АҚШ штаты

Айдахо
ағылш. Idaho

Айдахо туы Айдахо мөрі
Айдахо туы Айдахо мөрі
АҚШ картасындағы Айдахо штаты

Штат ұраны

«Әрқашан болады» (Esto perpetua(ағыл.)

Штат әні

Here We Have Idaho (ағыл.)

Штат лақапаты

«Гауһарлы Штат»

Астанасы

Бойсе

Ең ірі қаласы

Бойсе

Ірі қалалары

Айдахо-Фолс
Нампа
Покателло
Меридиан

Тұрғыны

1 567 582 (2010 жыл)
39−орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
7,24 адам/км²

Ауданы

14−орын
- барлығы
216 632 км²
- су беті
2 123 км² (0,98 %)
- ендік
42° с. е. бойынша 49° с. е., 491 км
- бойлық 111° б. б. бойынша 117° б. б., 771 км

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі 3 861,2 м
- орташа биіктігі 1 520 м
- минимал биіктігі
217 м

Штат статусын иеленуі

3 шілде 1890
43 ретпен
- штат болмай тұрып
Айдахо жері

Губернаторы

Брэд Литтл (Р)

Вице-губернаторы

Дженис Макгичин (Р)

Заң шығару органы

Айдахо легислатурасы[1]
- жоғарғы палатасы Айдахо сенаты
- төменгі палатасы Айдахо өкілдігінің палатасы

Сенат мүшелері

Майк Крепо (Р)
Джим Риш (Р)

Уақыт белдеуі

UTC−8/UTC−7,
жазда UTC−7/UTC−6

Домені

.id.us

Ресми сайты:

www.idaho.gov
  1. Англияда және АҚШ-тың кейбір штаттарында заң шығаратын органдар атауы

Айдахо (ағылш. Idaho, [ˈaɪdəhoʊ];[1] Айдахоу) — тынық мұхиттық Солтүстік-Батыстағы Таулы штаттар тобына жататын АҚШ штаты. Штаттың ең үлкен қаласы және астанасы — Бойсе. Басқа штаттармен салыстырғанда жер көлемі жөнінен 14-ші, ал тұрғыны жөнінен 40-шы орында. Штат мәртебесін 43-ші ретпен 1890 жылы 3 шілдеде иеленді. Штаттың ресми лақап аты: «Гауһарлы Штат» (ағылш. «Gem state»), табиғи ресурстарының молшылығына байланысты қойылған. Штат ұраны: «Әрқашан болады» (лат. Esto perpetuum).

Топонимикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тарихшылар арасында штаттың атауына байланысты ортақ пікір жоқ. Бірақ та бұған байланысты бірнеше болжамдар бар, соның бірі: 1860 жылы лоббист Джордж Уиллинг (George M. Willing (ағыл.)) жаңа жерді «Айдахо» деп атауды АҚШ Конгресіне ұсынды. Оның айтуы бойынша, бұл сөз шошондар тайпасының тілінде «таулы гауһар» дегенді білдіреді (ағылш. gem of the mountains). Дегенмен, Конгресте Уиллингтің дәлелдеріне күмәнданды, және жаңа жерге «Колорадо» деген атау берілді. Алайда 1859 жылы Колорадоның бір қаласы Айдахо деп аталған болатын[2] (1866 жылдан бастап - Айдахо-Спрингс).[3] Бірақ кей жерде Уиллинг бұл сөздің ойдан шығарылғаны жөнінде мойындады делінеді.[4][5]

Басқа болжамға сәйкес «айдахо» (бастапқыда ағылш. ee-dáh-how («и-да́-хоу») сөзі шошондар тілінде «Күн шығады» дегенді білдірген; сонымен бiрге бұл сөз арапахо тайпасының да тiлiнен болуы мүмкін.[2] Үшінші болжам бойынша «айдахо» («ídaahę́») сөзі «жау» дегенді білдіреді, яғни атабасктар тайпасы команчтар тайпасын осылай атаған.[6]

1860 жылы 9 маусымда Колумбия өзенінің бойымен бу кемесі жіберілді, ол «Айдахо» (ағылш. Idaho(e)) деп аталды.[2][7] 1861 жылы соның құрметіне жаңа құрылған округке Айдахо атауы берілді. 1863 жылы Вашингтон аумағынан жаңа аумақ бөлініп шықты (Айдахо округімен аттас).[8] Және 1890 жылы Айдахо штат мәртебесін иеленді.

Орегон жері, 1818-1846 жж.

Айдахо жерінде алғашқы адамдар палеоүнділер, б. з. д. XIII мыңжылдықта пайда болған деген мәліметтер кездеседі.[9] Үнді тайпалары бірнеше мәдени аумақтарға бөлінген. Солардың ішінен өте ірі тайпалары - не-персе және пайюттар.[10][11] Еуропалықтардың келуіне дейін Айдахода 8 мыңдай адам мекен еткен.[12]

Айдахо жеріне аяқ басқан алғашқы ақ адамдар Льюис және Кларк экспедициясының мүшелері болды. Бұл экспедиция 1805 жылы 12 тамызда өткен.[13][14] Келесі жылдары Айдахо қамбат аң терісімен айналысатын компаниялардың трапперлерімен белсене зерттеле бастада. Сонымен қоса АҚШ пен Ұлыбритания арасында Айдахо жері үшін аймақтық даулар болды. Нәтижесінде 1846 жылы 15 маусымда Орегон келісімі бекітіліп, Орегон жері АҚШ-қа өтті.[15]

1850—1860 жылдары Айдахо аумағынан алтынның бай қоры табылды, бұл алтын іздеушілердің көптеп келіуіне алып келді. Сонымен қоса алғашқы қалалар пайда бола бастады. 1890 жылы 3 шілдеде Айдахо 43-ші ретпен штат статусын иеленді. Қазіргі таңда штаттың ең басты өнеркәсіп салалары - тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы және ғылыми-техникалық секторлар.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Айдахо картасы

Штаттың ауданы 216 446 км² құрайды (83 570 шаршы миль).[16] Бұл көрсеткіш бойынша басқа штаттармен салыстырғанда 14-ші орында.[17] Су бетінің жиынтық ауданы 2 131 км² (823 шаршы миль),[16] яғни 0,98 %. Штаттың оңтүстігінен солтүстігіне дейінгі ұзындығы 164 және 479 мильді құрайды немесе 264 және 771 км, сәйкесінше ең қысқа және ең ұзын бөліктерінде. Штаттың шығысынан батысына дейінгі ұзындығы 45 мильден 305 мильге дейін немесе 72 км-ден 491 км-ге дейін, сәйкесінше ең тар және ең кең бөліктерінде.[18]

Айдахо оңтүстігінде Юта және Невада штаттарымен,[19] солтүстігінде — Британдық Колумбия канадалық провинциясымен,[20] шығысында — Вайоминг[19] штатымен және Биттеррут жотасын бойлай Монтана штатымен шектеседі.[21][22] Ал батысында Орегон және Вашингтон штаттарымен шектеседі. Осылайша Айдахо штаты басқа алты штаттармен және бір канадалық провинциямен шектесіп жатыр.

Айдахо континенттiк су айырықтың батысында орналасқан.[21] Штаттың 8 ірі геологиялық аймағы бар. Ең ескілерінің жасы 1 400 миллион жылды құрайды, ал жаңаларының жас шамасы — 16-17 миллион жыл. Штаттың жері көбіне таулы болып келеді. Батысынан шағасына дейін Снейк өзен аңғары созылып жатыр.[23] Аңғарда орналасқан штаттың ірі қалалары: Нампа, Колдуэлл, Айдахо-Фолс, Покателло т. б., соның ішінде қазіргі астанасы — Бойсе.

Айдахо штатында бірнеше кеме жүзетін өзендер бар, соның ішінде Снейк өзені.[24] Штатта 2 мыңдай көл бар деп саналады. Ең ірі көлі — Панд-Орей. Оның аумағы 180 шаршы миль (466 км²).[18]

Айдахоның ең биік нүктесі — Бора-Пик (3 859 м). Ол Лост-Ривер өзен аңғарында орналасқан.[25] Ең төмен нүктесі (216 м) Льюистон қаласындағы Клируотер және Снейк өзендерінің қиылысында орналасқан.[26][27]

Көрші штаттар
Солтүстік-батыс:
Вашингтон (штат)
Солтүстік:
Үлгі:Байрақ/Британдық Колумбия (Канада)
Солтүстік-шығыс:
Монтана
Батыс:
Орегон
Шығыс:
Вайоминг


Оңтүстік-батыс
Невада
Оңтүстік:
Юта
Оңтүстік-шығыс:
Вайоминг


Кларкия шөгінділерінен қазып
алынған өсімдік жапырақтары
Жеті шайтан таулары Овайхи өзенінің каньоны Снейк өзені Снейк өзен аңғары
Сент-Мериз өзені, сәуір айы

Штат өзінің бірқалыпсыз климатымен ерекшеленеді. Тынық мұхитынан 500 км-ге қарамастан, Айдахоның климатына батыстан келетін ауа ағындары (атмосфералық ылғалдың негізгі көзі) ықпал етеді. Жазды күндері ауа массалары Мексика шығанағы мен Кариб теңізінен айтарлықтай ылғал алып келеді.

Қысты күндері бұлттылықтың, ылғалдың және температураның орташа көрсеткіштері АҚШ-тың басқа бөліктеріне қарағанда жоғары болып келеді. Жалпы Айдахоның климаты қоңыржай климатты, оңтүстігіне қарай климаты құрғақ. Дауыл және құйындар өте сирек болады.[28]

Флора және фаунасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Айдахо ақ қарағайы[29] (лат. Pinus monticola), Айдахо штатының белгілерінің бірі
Айдахо боршатышқаны

Штаттың аумағында 10 биомдар кездеседі және 3 мыңға жуық байырғы өсімдіктер өседі, соның ішінде ағаштың 20 түрі.[30] Ылғалға бай өзен жағалауларында Батыс Тсугасы (лат. Tsuga heterophylla),[31] Қатпарлы Туя (лат. Thuja plicata)[32] және Қылшықты Терек (лат. Populus trichocarpa) өседі;[33] құрғақ жерлерінде Сары қарағай (лат. Pínus ponderósa)[34] және Мензис Псеудотсугасы (лат. Pseudotsuga menziesii) өседі.[35]

Штаттың таулы аймақтарында Ақ қабықты қарағай (лат. Pínus albicáulis)[36] және Тау Тсугсы (лат. Tsuga mertensiana) өседі.[37]

Айдахо штатында мекендейтін сүтқоректілер: Вапити (лат. Cervus elaphus subspp.),[38][39] Бұлан (лат. Alces alces),[40] Аққұйрықты бұғы (лат. Odocoileus virginianus),[41] Қарақұйрықты бұғы (лат. Odocoileus hemionus),[42] Ашамүйізді киік (лат. Antilocapra americana),[43] Сабау қой (лат. Ovis canadensis),[44] Қар ешкісі (лат. Oreamnos americanus),[45] Барибал (лат. Ursus americanus),[46] Пума (лат. Puma concolor),[47] ірілері: Канада құндыздары (лат. Castor canadensis),[48] Шалғын қасқыры (лат. Canis latrans),[49] Түлкі (лат. Vulpes vulpes),[50] Ондатр (лат. Ondatra zibethicus),[51] Күзендер (лат. Mustela frenata),[52] Солтүстік Америкалық кәмшат (лат. Lutra canadensis),[53] Америкалық борсық (лат. Taxidea taxus),[54] Солтүстік қалталы егеуқұйрық (лат. Thomomys talpoides),[55] Америкалық күзен (лат. Mustela vison),[56] Жанаттар (лат. Procyon lotor),[57] Америкалық сусарлар (лат. Martes americana)[58].

Айдахо аумағында үнемі ұя салатын тұқымдастарға Қырғауылдар тұқымдастары (лат. Phasianidae)[59][60][61][62][63][64] Қаршыға тұқымдастары (лат. Accipitridae),[65][66] Сұңқарлар тұқымдастары (лат. Falconidae),[67][68] Жапалақ тұқымдастары (лат. Strigidae)[69][70] т.б. жатады.

Сирек және жойылып бара жатқан түрлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Айдахо халқының тығыздығы

2010 жылы Айдахо штатының тұрғындар саны 1 567 582 адамды құрады,[72] алдыңғы жылмен салыстырғанда 21 781 адамға (1.4 %)[73] және 2000 жылмен салыстырғанды 273 629 адамға (21,1 %) өсті.[72] Басқа штаттармен салыстырғанда бұл көрсеткіш бойынша 40-шы орында.[74]

2010 жылы Айдахо штаты 2000-2010 жылдар аралығындағы тұрғынның өсу деңгейі бойынша төртінші орын алды. Айдаходан жоғарырақ көрсеткіштерге ие болған Невада (35,1 %), Техас (21,7 %) және Калифорния (10 %) штаттары. Ал 2004-2005 жылдар аралығындағы көрсеткіштер бойынша Невада мен Аризона штаттарынан кейін 3-ші орында болған.

Тұрындарының жартысына жуығы қалада тұрады. Этникалық құрамы (2000 жылғы деректер бойынша):[75]

  • немістер — 18,8 %,
  • ағылшындар — 18,1 %,
  • ирландықтар — 10 %,
  • байырғы американдықтар — 8,1 %,
  • мексикалықтар — 5,5 %.

Штаттың тұрғындар санының динамикасы төменде келтiрiлген.[76]

Ірі қалалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Тұрғын саны 10 мыңнан асатын қалалар
1 шілде 2009 жылғы деректер бойынша[77]
Бойсе 205,7 Пост-Фолс 26,9
Нампа 81,2 Москоу 24,3
Меридиан 68,5 Игл 19,7
Айдахо-Фолс 55,3 Аммон 13,9
Покателло 55,0 Куна 13,9
Кёр-д’Ален 43,8 Хейден 13,2
Колдуэлл 43,3 Чаббак 12,5
Туин-Фолс 42,7 Маунтин-Хоум 12,3
Левистон 31,9 Гарден-Сити 11,9
Рексбург 28,9 Блэкфут 11,2

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Айдахо алқабындағы трактор

2010 жылы штаттың Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 55,4 миллиард долларды құраса, әр адамға шаққандағы ЖІӨ мөлшері 35 363 долларды құрады.[78] 2008 жылы штаттың экономикасы АҚШ-тың басқа штаттарымен салыстырғанда 43-ші орында болды.[79]

Штат экономикасының маңызды секторы ауыл шаруашылығы болып табылады. Жалпы АҚШ-та өсірілетін картоптың үштен бір бөлігі Айдахо штатына тиесілі. Әйгілі картоп сорттарының бірі Russet Burbank болып есептеледі.[80] Картоптан басқа Айдахода бидайдың үш түрі өсіріледі. Бақтақ және жасымық өндірісі бойынша бірінші орын алады.[81] Айдахода азық-түлік және ағаш өндірісі, көлік және химия өнеркәсіптері, сонымен қоса қағаз, электроника өндірістері жақсы дамыған. Гудинг қаласында ирландиялық Glanbia (ағылш. Glanbia) компаниясына тиесілі елдің ең ірі шикізат өндіретін зауыты орналасқан.[82] Айдахода реактивті катерлер өндіруші ірі өндірістер (Jetboat (ағыл.)) орналасқан. Сандпойнт қаласында Coldwater Creek (Coldwater Creek (ағыл.)) компаниясының киім сататын орталық офисі орналасқан.[83]

Штат экономикасының ірі секторы ғылыми және технология саласы болып табылады. 2001 жылы бұл сала штаттың ЖІӨ мөлшерінің 25 % құрады. 1991—2002 жылдар аралығында бұл саланың өсім деңгейі 38 % болды.[84]

Жұмыс күші мен жұмыссыздықтың динамикасы[85]:

Транспорты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Білім беру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Айдахо-Фолс қаласындағы мектеп

Айдахо аумағындағы ең алғашқы мектепті 1837 жылы миссионер Генри Сполдинг (Henry H. Spalding (ағыл.)) салған болатын. 1865 жылы мектептер саны 12-ге жетті: 4 жеке меншік және 8 муниципалдық. 5 – 21 жас аралығындағы 1239 баланың үштен бір бөлігі осы мектептерде оқыды. 1887 жылы 8 – 14 жас аралығындағы балалардың мектепке баруға міндеттейтін заң қабылданды. Осы заң арқасында 1889 жылы 296 мектеп жұмыс істеп, онда 12 457 бала оқыды.

Алғашқы орта мектеп 1881 жылы штаттың қазіргі астанасы Бойсе қаласында салынған болатын. 1891 жылы штаттың білім министрлігі құрылды.[86] 2008 жылы штатта 751 мектеп жұмыс істеді, онда 275 мыңға жуық бала оқыған болатын.[87] Бір оқушыға шаққандағы салыстырмалы шығын бойынша штат ең соңғы орындарда. 2007-2008 жылғы кейбір мәліметтерге сүйенсек бұл көрсеткіш бойынша Айдахо штаты Юта және Теннесси штаттарынан ғана озып, соңынан санағанда 3-ші орында болған,[88] ал басқа мәліметтерде соңғы орында болған делінеді.[87] Оқу бағдарламасына жұмсалатын аз шығынға қарамастан, 2006 жылы штаттың орташа Айкю-і (IQ (ағыл.)) 101,4[89] құрады (жалпыұлттық көрсеткіш - 98[90]).

Жоғарғы оқу орындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Айдахода үш университет жұмыс істейді.[91] Штаттың ең алғашқы және басты университеті — Айдахо Университеті (University of Idaho (ағыл.)). Бұл оқу орын университеттерге жер телiмдерiн тегiн бөлу бағдарламасының аясында 1889 жылы Москоу қаласында құрылды. Штаттың екінші университеті , Айдахо штатының Университеті (Idaho State University (ағыл.)), 1901 жылы Покателло қаласында «Айдахо академиясы» ретінде құрылып, университет статусын 1963 жылы иеленді.[92] Штаттың үшінші университеті 1932 жылы Бойсе қаласына алғашында кіші колледж ретінде құрылып, 1974 жылдан бастап Бойсе Штат Университеті (Boise State University (ағыл.)) деп аталды.

Бұлардан басқа штат аумағында 4 жеке меншік университет, 5 колледж және 7 жеке меншік колледж жұмыс істейді[91]:

Жеке меншік университеттер:

Штат колледждері:

Айдахо Университетінің басты ғимаратының алды

Жеке меншік колледждер:

Boise State Broncos football және Wyoming Cowboys fooball командалары, 2006 жыл

Штатта дамыған негізгі спорт түрлері қатарына бейсбол, шайбалы хоккей және баскетбол жатады. Бірақ жоғарғы ұлттық спорт лигаларына қатысатын командалары жоқ.

1926-1928 жылдары Айдахо мен Юта арасында С класының бейсбол лигасы өтті.[93] Қазіргі күнге дейін штатта екі кәсіби бейсбол командасы бар: Айдахо-Фолс Чакарс (Idaho Falls Chukars (ағыл.)) және Бойсе Хокс (Boise Hawks (ағыл.)). Сонымен бірге 6 жергiлiктi бейсбол лигалары жұмыс iстейдi.[94]

Үш командасы Студенттiк спорттың ұлттық ассоциациясына кіреді: Бойсе Стейт Бронкос (Boise State Broncos (ағыл.);Таулы батыс конференциясы),[95] Айдахо Вэндалс (Idaho Vandals (ағыл.);Батыс атлетикалық конференциясы),[96] Айдахо Стейт Бенгалс (Idaho State Bengals (ағыл.);Үлкен аспан конференциясы)[97].

Штаттың кәсіби баскетбол командасы Айдахо Стампид (Idaho Stampede (ағыл.)) болып табылады, 2006 жылға дейін КБА құрамында болған,[98] қазір ҰБА дамыту лигасында. 2007-2008 жылдары бұл команда лиганың чемпион атағын жеңіп алған.[99]

Штаттың тенистен кәсіпқой командасы ретінде Айдахо Сникерс (Idaho Sneakers (ағыл.)) танылған. Кезінде бұл командаға Энди Роддик[100] және Манон Боллеграф[101] деген спортшылар қатысқан болатын. Команда 1994 жылдан бастап World TeamTennis турниріне қатысып келеді. Сол жылы турнирде екінші орынды иемденген.[102]

ECHL хоккей лигасына штаттың Айдахо Стилхедс (Idaho Steelheads (ағыл.)) деген командасы қатысады. 2004, 2007 жылдары[103] Айдахо Стилхедс екі мәрте Келли кубогын (Kelly Cup (ағыл.)) және 2009—2010 маусымда Брэбхем кубогын (Brabham Cup (ағыл.)) жеңіп алған.[104]

Гольф спорты бойынша жалпыұлттық турнир аясында Айдахода үнемі Albertsons Boise Open (ағыл.) турнирі өтеді.[105]

Назар аударарлық орындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлттық саябақтар, қорықтар, ескерткіштер, тарихи орындар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Сити-оф-Рокс ұлттық қорығы

Ұлттық демалыс орындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Хелс-Каньон

Ұлттық қорықтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлттық қорықшалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресми белгілері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Pronunciation of Idaho. Inogolo.
  2. a b c John E. Rees Idaho - its meaning, origin and application — Portland: The Ivy Press, 1917. — 16 p. — ISBN 1113409312.
  3. Fun Facts and Trivia - Historic Idaho Springs  (ағыл.). Historical Society of Idaho Springs. Тексерілді, 17 қазан 2010.
  4. Richard W. Etulain, Bert W. Marley The Idaho heritage: a collection of historical essays — Idaho State University Press, 1974. — 230 p.
  5. Erl H. Ellis That Word "Idaho". — Denver: Western Folklore, 1951. — № 4.
  6. Online Etymology Dictionary  (ағыл.). Тексерілді, 17 қазан 2010.
  7. Idaho's Name  (ағыл.). Official Idaho Vacation and Travel Planning Guide. Тексерілді, 17 қазан 2010.
  8. Idaho County  (ағыл.). Idaho.gov. Тексерілді, 17 қазан 2010.
  9. Wilson Butte Cave  (ағыл.). Bureau of Land Management. Тексерілді, 8 қараша 2010.
  10. The Peoples of Idaho: Native Settlers  (ағыл.). Idaho Museum of Natural History. Тексерілді, 8 қараша 2010.
  11. Jill Foran Idaho. A guide to American states, American States Series. — Weigl Publishers Inc., 2002. — P. 17. — 32 p.
  12. Idaho Culture  (ағыл.). Official Idaho Vacation and Travel Planning Guide. Тексерілді, 10 қараша 2010.
  13. Lemhi Pass--Lewis and Clark Expedition  (ағыл.). A National Register of Historic Places Travel Itinerary. Тексерілді, 10 қараша 2010.
  14. The Lewis and Clark Back Country Byway and Adventure Road  (ағыл.). Bureau of Land Management. Тексерілді, 11 қараша 2010.
  15. Treaty between Her Majesty and the United States of America, for the Settlement of the Oregon Boundary  (ағыл.). Université de Montréal. Тексерілді, 20 қараша 2010.
  16. a b Table 347. Land and Water Area of States and Other Entities: 2000 // Statistical Abstract of the United States: The National Data Book / Census Bureau — Government Printing Office, 2005. — P. 221. — 512 p. — ISBN 0160739780.
  17. United States Summary: 2000, Population and Housing Unit Counts  (ағыл.). U.S. Census Bureau. Тексерілді, 4 қараша 2010.
  18. a b Idaho Profile  (ағыл.). Idaho Secretary of State. Тексерілді, 4 қараша 2010.
  19. a b Spatial databases for the geology of the Northern Rocky Mountains - Idaho, Montana, and Washington  (ағыл.). U.S. Geological Survey. Тексерілді, 4 қараша 2010.
  20. Washington State, USA  (ағыл.). Vancouverisland.com. Тексерілді, 4 қараша 2010.
  21. a b Climate of Idaho  (ағыл.). Western Regional Climate Center. Тексерілді, 4 қараша 2010.
  22. GNIS Detail - Bitterroot Range  (ағыл.). U.S. Geological Survey. Тексерілді, 25 қазан 2010.
  23. Snake River Plain, Idaho  (ағыл.). Earth Observatory, NASA. Тексерілді, 25 қазан 2010.
  24. Snake River  (ағыл.). U.S. Geological Survey. Тексерілді, 25 қазан 2010.
  25. The NGS Data Sheet  (ағыл.). National Geodetic Survey. Тексерілді, 25 қазан 2010.
  26. State Fast Facts: Idaho#Geography  (ағыл.). CBS news. Тексерілді, 25 қазан 2010.
  27. Idaho Geology  (ағыл.). Geology.com. Тексерілді, 25 қазан 2010.
  28. Donna Henderson, Aberdeen Research, Christopher J.Williams, Jeffrey S. Miller Прогнозирование фитофтороза картофеля в южном Айдахо с использованием логистического регрессивного анализа (en) = Forecasting Late Blight in Potato Crops of Southern Idaho Using Logistic Regression Analysis // Plant Disease. — The American Phytopathological Society, тамыз 2007. — Т. 91. — № 8. — б. 951-956.
  29. А. Д. Букштынов, Б. И. Грошев, Г. В. Крылов. Леса (Природа мира). М.: Мысль, 1981
  30. Trees of The Idaho Forest  (ағыл.). Idaho Forest Products Commission. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  31. PLANTS Profile for Tsuga heterophylla (western hemlock)  (ағыл.). USDA PLANTS. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  32. PLANTS Profile for Thuja plicata (western redcedar)  (ағыл.). USDA PLANTS. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  33. PLANTS Profile for Populus balsamifera ssp. trichocarpa (black cottonwood)  (ағыл.). USDA PLANTS. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  34. PLANTS Profile for Pinus ponderosa (ponderosa pine)  (ағыл.). USDA PLANTS. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  35. PLANTS Profile for Pseudotsuga menziesii (Douglas-fir)  (ағыл.). USDA PLANTS. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  36. PLANTS Profile for Pinus albicaulis (whitebark pine)  (ағыл.). USDA PLANTS. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  37. PLANTS Profile for Tsuga mertensiana (mountain hemlock)  (ағыл.). USDA PLANTS. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  38. Alvin A. Gajadhar, Stacy V. Tessaro, William D.G. Yates Diagnosis of Elaphostrongylus cervi infection in New Zealand red deer (Corvus elaphus) quarantined in Canada, and experimental determination of a new extended prepatent period (en). — Can Vet J, 1994. — Т. 35. — б. 433-437.
  39. American Elk  (ағыл.). Natural Resources Conservation Service. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  40. R. Lee Lyman New Record of Moose (Alces alces) in Southeastern Washington State  (ағыл.). Northwest Scientific Association. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  41. Donald Streubel White-tailed Deer  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  42. Odocoileus hemionus  (ағыл.). US Forest Service. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  43. Antilocapra americana  (ағыл.). US Forest Service. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  44. Ovis canadensis  (ағыл.). US Forest Service. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  45. Donald Streubel Mountain Goat  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  46. Ursus americanus  (ағыл.). US Forest Service. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  47. Puma concolor  (ағыл.). US Forest Service. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  48. American Beaver  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  49. Coyote  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  50. Red fox  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  51. Muskrat  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  52. Long-tailed Weasel  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  53. Northern River Otter  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  54. American Badger  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  55. Northern Pocket Gopher  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  56. Mink  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  57. Common Raccoon  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  58. American Marten  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  59. Ruffed grouse Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  60. Sage grouse Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  61. Blue grouse Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  62. Spruce grouse Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  63. Ring-necked pheasant Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  64. Gray partridge Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  65. Bald eagle Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  66. Golden eagle Info  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  67. Merlin Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  68. Peregrine falcon Info  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  69. Common barn-owl Info  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  70. Burrowing owl Info  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  71. a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t Threatened & Endangered Species  (ағыл.). Idaho.gov. Тексерілді, 8 қараша 2010.
  72. a b State Fact Sheets: Idaho: Population, Income, Education, Employment, and Federal Funds  (ағыл.). Economic Research Service, USDA, Washington, DC. Тексерілді, 17 сәуір 2011.
  73. Idaho QuickFacts from the US Census Bureau  (ағыл.). U.S. Census Bureau. Тексерілді, 17 сәуір 2011.
  74. Idaho Ranks Fourth in Fastest Growing States in 2010 Census  (ағыл.). Idaho Department of Labor News. Тексерілді, 17 сәуір 2011.
  75. Ancestry: 2000  (ағыл.). census.gov. Тексерілді, 24 қазан 2011.
  76. Resident Population Data — 2010 Census  (ағыл.). census.gov. Тексерілді, 24 қазан 2011.
  77. Population Estimates  (ағыл.). U.S. Census Bureau, Population Division. Тексерілді, 16 сәуір 2011.
  78. Idaho Gross State Product Rebounds in 2010  (ағыл.). Idaho Department of Labor. Тексерілді, 21 маусым 2011.
  79. Idaho GDP size and rank  (ағыл.). EconPost. Тексерілді, 23 маусым 2011.
  80. Varieties - Russet Burbank (Solanum tuberosum)  (ағыл.). Potato Association of America. Тексерілді, 21 шілде 2011.
  81. Facts About Idaho  (ағыл.). Idaho Department of Commerce. Тексерілді, 18 тамыз 2011.
  82. Interim Results 2004  (ағыл.). Glanbia.com. Тексерілді, 21 маусым 2011.
  83. Women's Apparel & Fashion Accessories  (ағыл.). Coldwater Creek. Тексерілді, 22 маусым 2011.
  84. The Power of Idaho  (ағыл.). Idaho Economic Development Association. Тексерілді, 22 маусым 2011.
  85. Economy  (ағыл.). Idaho.gov. Тексерілді, 10 қараша 2011.
  86. A Brief History Of Education In Idaho  (ағыл.). Idaho State Department of Education. Тексерілді, 18 шілде 2011.
  87. a b Idaho Schools - Public & Private Schools (ID)  (ағыл.). Local School Directory. Тексерілді, 19 шілде 2011.
  88. Times-News report: Idaho lags behind most states in per-student funding  (ағыл.). Magicvalley.com. Тексерілді, 19 шілде 2011.
  89. Michael A. McDaniel Estimating state IQ: Measurement challenges and preliminary correlates (en) // Intelligence. — Virginia Commonwealth University: Elsevier, 2006. — № 34. — б. 607-619.
  90. Richard Lynn, Tatu Vanhanen IQ and Global Inequality — Augusta, GA: Washington Summit Publishers, 2006. — ISBN 1593680252.
  91. a b Colleges & Universities  (ағыл.). Idaho.gov. Тексерілді, 18 шілде 2011.
  92. History of Idaho State University  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 19 шілде 2011.
  93. Rebecca S. Kraus Minor league baseball: community building through hometown sports — Routledge, 2003. — P. 41. — 206 p. — ISBN 0789017563.
  94. Leagues  (ағыл.). The Idaho Baseball Network. Тексерілді, 24 шілде 2011.
  95. Boise State moves to Mountain West  (ағыл.). ESPN. Тексерілді, 25 шілде 2011.
  96. Idaho Vandals  (ағыл.). ESPN. Тексерілді, 25 шілде 2011.
  97. Idaho State Bengals  (ағыл.). ESPN. Тексерілді, 25 шілде 2011.
  98. Stampede History  (ағыл.). NBA. Тексерілді, 26 шілде 2011.
  99. Idaho Stampede Win 2008 D-League Finals Presented By Delta  (ағыл.). Тексерілді, 26 шілде 2011.
  100. Andy Roddick  (ағыл.). WTT.com. Тексерілді, 25 шілде 2011.
  101. ASAP Sports Transcripts - Tennis - 1997 - US OPEN - September 4 - Rick Leach  (ағыл.). ASAP Sports, Inc.. Тексерілді, 25 шілде 2011.
  102. 2010 WTT MEDIA GUIDE  (ағыл.). WTT.com. Тексерілді, 25 шілде 2011.
  103. History of the Kelly Cup  (ағыл.). ECHL. Тексерілді, 26 шілде 2011.
  104. Alaska wins Brabham Cup  (ағыл.). ECHL. Тексерілді, 26 шілде 2011.
  105. Albertsons Boise Open Pres'd by Kraft  (ағыл.). PGATOUR.com. Тексерілді, 25 шілде 2011.
  106. a b c d e f g h i j k l m n Idaho’s state symbols are an official part of Idaho Code  (ағыл.). Idaho State Historical Society. Тексерілді, 31 тамыз 2011.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Idaho