Тензометр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
14:50, 2011 ж. тамыздың 30 кезіндегі Rake (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: '''Тензометр''' ({{lang-la|tensus}} — кернеулі, керілген және {{lang-el|metre}} - өлшеймін) — машина тетіктерінің, қ...)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Тензометр (лат. tensus — кернеулі, керілген және гр. metre - өлшеймін) — машина тетіктерінің, құрастыру құрылымдарының тетіктерінде деформацияның үлестірілуін зерттеу үшін қолданылатын, сонымен қатар материалдарды механикалық тексеруде пайдаланылатын аспап. Өлшенетін шаманы тіркеуге және есептеуге ыңғайлы түрге келтіру тәсіліне қарай тензометрлер механикалық және электрлік болып бөлінеді. Механыкалық тензометр әртүрлі есептеу және тіркеу құрылғылары бар иінтіректі қиыстырулардан түрады, негізінен алғанда серпімді материалдардың беріктік сипаттамаларын анықтау үшін қолданылады. Электрлік тензометр күрделі жағдайдағы (агрессивті ортадағы, жоғары немесе төмен температурадағы және қысымдағы және т.с.с) статикалық және динамикалық деформацияларды қашықтан өлшеуге мүмкіндік береді.[1]

Пайдаланған әдебиет

  1. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.