Ақ азу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
23:00, 2023 ж. желтоқсанның 16 кезіндегі Kasymov (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Asemwei (т) өңдемелерінен Ғауғауррр соңғы нұсқасына қайтарды)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ақ азу
White Fang
Басылым
Авторы

Джек Лондон

Түпнұсқа тілі

ағылшын тілі

Жариялануы

1906 ж.

Баспагер

Macmillan

ISBN

978-1-85813-740-7

«Ақ азу» — америкалық жазушы Джек Лондонның шығармасы.

Мұнда ХІХ ғасыр соңында Аляскада қолға үйpeтiлгeн қасқырдың тағдыры жайлы баяндалады. Күшік кезінде ол шешесімен (Кичи деген есімі бар жартылай ит, жартылай қасқырмен) бірге үндістердің қолына түседі. Содан бері оны Ақ азу деп атайтын болады.

Ақ азудың бір-біріне ұқсамайтын иелері болады, ол төрт түрлі өмірді басынан өткереді: жануарлар әлемі — үндістер — Сылқым Смиттің қорқынышты әлемі — махаббат пен ақылдың әдемі әлемі. Қасқыр табиғи күшінің, мықтылығының, бейімделгіштігінің арқасында тірі қалады.[1]

Романның бір ерекшелігі: оқиғалардың едәуір бөлігі Ақ азудың көзқарасынан көрсетіледі. Автор қасқырдың психологиясын және қылықтарының астарын ашып түсіндіреді.

1938 жылы роман қазақ тіліне аударылды. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде осы романның әсері байқалады.[2]

Экрандалуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шығарманың желісімен алғашқы фильм 1925 жылы түсірілді, ол дыбыссыз болды.

Кейін дыбысты фильмдер де пайда бола бастады: 1936 жылы АҚШ, 1946 жылы КСРО, 1973 жылы Италия мен Франция осы аттас фильмдер түсірді.

1991 жылы Walt Disney Pictures түсірген фильм шығады. 1994 жылы фильмнің жалғасы шығады, бірақ оның романға қатысы жоқ болады. Осы жылдары бірнеше телехикая да түсіріледі.

2018 жылы Netflix үшін компьютерлік анимация қолдануымен түсірілген фильм де шығады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:White Fang

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]