2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілері
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілері | |
Үстіден астыға: Дүниежүзілік сауда орталығындағы өрт. Пентагонның бұзылған бөлігі. 175 рейстің Оңтүстік мұнарамен соқтығысу сәті. Өрт сөндіруші Граунд-Зирода көмек сұрауда. 93 рейстегі ұшақтың қозғалтқышының бөлігі. 77 рейстің Пентагонмен соқтығысу сәті. | |
Шабуыл орны | |
---|---|
Дата |
сейсенбі |
Уақыты |
|
Шабуыл әдiсi | |
Қару-жарақ |
ұшақ |
Қаза тапқандар саны |
2977 |
Жарақаттанғандар |
шамамен 6300 |
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілері (кейде жай ғана 9/11 деп аталады) — АҚШ-та орын алған төрт өзара келісілген жанкешті лаңкестік шабуылдардың тізбегі[1]. Бұл шабуылдардың жауапкершілігін «әл-Қағида» лаңкестік ұйымы өз мойнына алды[2].
11 қыркүйектің таңында «әл-Қағидаға» қатысы бар он тоғыз лаңкес төрт топқа бөлініп төрт рейстік жолаушылар ұшағын басып алды. Әрбір топ бастапқы ұшу дайындығынан өткен кем дегенде бір адамнан құралды.
Басқыншылар бұл лайнерлердің екеуін Нью-Йоркте, Манхэттеннің оңтүстік бөлігінде орналасқан Дүниежүзілік сауда орталығының мұнараларына бағыттады. American Airlines 11 рейсі Дүниежүзілік сауда орталығының 1-ші мұнарасына соқтығысты (солтүстік), ал United Airlines 175 рейсі 2-ші мұнарасына (оңтүстік) соғысты. Соның нәтижесінде бұл екі мұнара қасындағы ғимараттарға үлкен нұқсан келтіріп, құлады[3]. Үшінші ұшақ (American Airlines 77 рейсі) Вашингтон маңында орналасқан Пентагон ғимаратына бағытталды. Төртінші авиалайнердің (United Airlines 93 рейсі) экипажы мен жолаушылары ұшақ басқаруын лаңкестерден тартып алуға әрекеттенді[4]; ұшақ Пенсильвания штатындағы Шенксвилл қаласының маңындағы далада құлады.
Шолу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]19 лаңкестен басқа, шабуылдар нәтижесінде 2977 адам қаза тапты, тағы 24 адам із-түссіз жоғалып кетті. Қаза тапқандардың көбісі азаматтық тұлғалар болған.
Қайғылы оқиғаның ресми нұсқасы бірқатар журналистер, ғалымдар мен куәгерлердің тарапынан сынға ұшырады. Тәуелсіз тергеулер өткізіліп, олардың кейбірінің желісі бойынша деректі фильмдер түсірілді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 11 қыркүйектегі шабуылдар БҰҰ қауіпсіздік кеңесімен «жантүршігерлік лаңкестік актілері» деп аталған. Security Council Condemns, 'In Strongest Terms' Terrorist Attacks on the United States. United Nations (September 12, 2001). Басты дереккөзінен мұрағатталған 26 тамыз 2011. Тексерілді, 11 қыркүйек 2006.
- ↑ Bin Laden claims responsibility for 9/11, CBC News (29 қазан 2004). Тексерілді 14 наурыздың 2010.
- ↑ National Construction Safety Team Executive Summary // Final Report on the Collapse of the World Trade Center Towers — NIST.
- ↑ Black Box Recordings.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 30 наурыз 2007.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — тарих бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |