Мазмұнға өту

Неопозитивизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
20:21, 2022 ж. қазанның 21 кезіндегі Alphy Haydar (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

НеопозитивизмXX ғасыр позитивизмінің субъективті-идеалистік жаңа ағымы.

Неопозитивизм өкілдері философияны теориялық таным ретінде мойындамай, философиядағы сана мен материя сияқты негізгі мәселелерді жоққа шығарды. Неопозитивизм Беркли және Юмнан басталған эмпиризм мен феноменализм дәстүріндегі позитивизмнің өзіндік эволюциялық даму кезеңі болып табылады.

Неопозитивизмнің ең ықпалды бағыты логикалық позитивизм болды. XX ғасырдың 30-жылдары Неопозитивизм көзқарасындағылардың жекелеген топтары айқындала түсті. Мәселен, Вена үйірмесінің логикалық позитивистердің (Карнап, Шлик, О.Нейрап т.б.), бер-линдік “Эмпирикалық философия қоғамының” логикалық позитивистерінің (Рейхенбах, Гемпель, т.б.), ағылшын аналитиктерінің прагматикалық бағыттағы америкалық өкілдерінің (Нагель, Маргенау, Бриджмен, т.б.) көзқарастары белгілі болды.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том 2 бөлім
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9