Мазмұнға өту

Эллен Вильсон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
02:18, 2022 ж. қаңтардың 18 кезіндегі InternetArchiveBot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Rescuing 2 sources and tagging 0 as dead.) #IABot (v2.0.8.6)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Эллен Вильсон
Ellen Wilson
Эллен Вильсон
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ-тың Бірінші Ханымы
4 наурыз 1913 жыл — 6 тамыз 1914 жыл
Ізашары Хелен Тафт
Ізбасары Эдит Вильсон
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 15 мамыр 1860 (1860-05-15)
Саванна, Джорджия, АҚШ
Қайтыс болуы 6 тамыз 1914 (1914-08-06) (54 жас)
Ақ үй, Вашингтон, АҚШ
Туған кездегі есімі Эллен Акссон
Әкесі Самуэль Эдвард Акссон
Анасы Маргарет Джейн Акссон
Жұбайы Вудро Вильсон
Балалары Маргарет, Джесси, Элеанор
Қолтаңбасы Қолтаңбасы

Эллен Акссон Вильсон (ағыл. Ellen Axson Wilson, 15 мамыр 18606 тамыз 1914[1]) – Америка Құрама Штаттарының президенті Вудро Вильсонның бірінші әйелі және 1913 жылдан бастап 1914 жылы қайтыс болған күніне дейін АҚШ-тың бірінші ханымы.

Эллен Вильсон

Эллен Акссон Вильсон Саванна, Джорджияда киелі Самуэль Эдвард Акссон мен Маргарет Джейн (тумысында Хойт) Акссонның отбасында дүниеге келді. Эллен өнерге, музыкаға және әдебиетке[2] талғампаз ханым болды.

Томас Вудро Вильсон оны алғаш рет үш жасында көрген еді. 1883 жылдың сәуірінде Вильсон өзінің немере ағасына Римге барып, сол жерде өзінің жесір қалған әкесіне көмектескен Элленді кездестіреді. Олар бес ай кездесіп жүрді, бірақ неке тойын кейінге қалдыруды жөн көрді, себебі сол кезде Томас Джонс Хопкинс Университетінде сынау мерзімінде болды, ал Эллен ауру әкесіне[3] күтім жасады.

Вильсон жиырма сегіз жасында жиырма бес жастағы Элленге 1885 жылы 24 маусымда қалындықтың атасының Саваннадағы үйінде үйленді. Рәсімге Вильсонның әкесі, Джозеф Вильсон және Элленнің атасы, Иссак Стоктон Кит Акссон қатысты. Бал айын олар Уэйнесвиллде өткізді. Сол жылы Брин Маур колледжі Вильсонға жылдық айлығы 1500 долларға тең мұғалім қызметін ұсынды. Олар колледждің кампусында Элленнің ағасымен бірге тұрды. 

Элленің моласы

Вильсондарда үш қыз болды:

  • Маргарет Вудро Вильсон (1886—1944) 
  • Джесси Вудро Вильсон Сейр (1887—1933) .
  • Элеанор Рэндольф Вильсон (1889—1967)

Америка Құрама Штаттарының бірінші ханымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақ үйде тұрғанда Эллен үйдің үшінші қабатында студияда сурет пен эскиздерді салған. Жұмыстардан келген ақшаны ол қайырымдылыққа жұмсаған. Ақ үйде оның екі қызының неке тойы өткен. Вильсон кештерді[4] ұйымдастыруды жақсы көрмеді. 

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. First Lady Biography: Ellen Wilson. National First Ladies' Library. Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 сәуір 2012. Тексерілді, 6 қазан 2006.
  2. New Georgia Encyclopedia: Ellen Axson Wilson (1860—1914) Мұрағатталған 21 қазанның 2012 жылы.
  3. Ellen Louise Axson Wilson — Kids Encyclopedia | Online Encyclopedia | Kids Online Dictionary | Britannica
  4. Ellen Wilson Biography — Biography.com(қолжетпейтін сілтеме)

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

White House biography Мұрағатталған 2 қаңтардың 2004 жылы. - Эллен Вильсонның өмірбаяны.

President Wilson’s Other Wife Мұрағатталған 19 ақпанның 2012 жылы.

  Findagrave.com сайтында Эллен Вильсон