Мазмұнға өту

Балалайка

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
16:54, 2016 ж. қаңтардың 21 кезіндегі Batyrbek.kz (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (clean up, replaced: энцклопедия → энциклопедия using AWB)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
A.
Балалайка
A.
Контрабас-Балалайка

Балалайкаорыстың үш ішекті музыкалық аспабы. Алғашқыда екі ішекті болған. Жеке орындауда да, басқа аспаптармен қосылып әнді, биді сүйемелдеуге де пайдаланылған.

19 ғасырдың соңында В. В. Андреев музыка аспап шебері С. И. Налимовпен бірігіп балалайканың жетілдірілген түрлерін (прима, альт, секунда, бас, контрабас) жасап шығарып, оларды оркестрге қосты. Балалайка үшін көптеген музыка шығармалар жазылды (С. Н. Василенконың, М. М. Шиполитов-Ивановтың концерттері, Н. П. Будашкиннің вариациялары, т.б.).

Прима Балалайканың үстіндегі екі ішегі бірдей бірінші октаваның ми нотасына, ал астындағы ішегі бірінші октаваның ля нотасына бұралады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9