Lenovo
Lenovo Group Limited (қазақша Леново Груп Лимитед деп айтылады; қытайша. 联想) - қытайлық компьютер компаниясы, 2011 жылдың соңына қарай дүние жүзінің ең үлкен бес персоналды компьютер өндірушілерінің ішінде екінші орында.( Леноводан бас бестікке HP, Dell, Acer, Asus кіреді). Гонконгте тіркелген, ұйым-үйі Бейжің қаласында орналасқан. Негізгі зерттеу орталықтары Ямато, Жапония; Бейжің, Шанхай және Шыңжаң, Қытай; және Рейлиде, Солтүстік Королина.
Lenovo Group Limited 联想集团有限公司 | |
[[Сурет:|200x200px px|логотипі]] | |
Түрі |
Көпшілік компания |
---|---|
Құрылды | |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Ян Юаньцин |
Саласы |
компьютер өнімі |
Айналым |
▲ $21,5 млрд (2009/2010 қарж. жыл)[1] |
Таза табыс |
▲ $273 млн (2009/2010 фин. ж.) [1] |
Қызметкерлер саны |
27 мыңға жуық (2011 жыл) |
Сайты |
Тарихы
өңдеуКомпания 1984 жылы Қытайдың ғылым академиясы қаржысына, қытайлық ғалымдардың тобымен іргесі қаланған. Бас кезде компания аты New Technology Developer Incorporated болатын. Екі жылдан кейін Legend және негізгі қызметтері Қытайдың басқа өңірлерін компьютермен қамтамасыздандыру және иероглифтерді кодылау болатын.
2003 жылы компания атын Lenovo – ға ауыстырып, 2004 жылдың желтоқсанында американдық компьютер өндіретін IBM компаниясын $1,25 млрд ақшаға сатып алғандығын жариялады. Сатып алу туралы мәміле тек 2005 жылдың мамырында аяқталды. Келісімге сәйкес Lenovo IBM брендін 2010 жылға дейін қолдана алатын, ал қазір тек Lenovo атымен өндірілетін болды.
2010/11 жылдардың үшінші жартысында Lenovo мен Nec компаниялары келісімге келіп, бірге Nec Lenovo Japan Group бөлімін ашқан болатын. Келісім $175 млнге бағаланып 51% табысты Lenovo, ал 49% Nec үлесіне тиді.
2011 жылдың маусымында Lenovo Батыс Еуропада персоналды компьютерлердің сегменттері, мультимедиялық құрылғы, мобильді байланыс қызмет көрсету және электроника тауарлары бойынша алдыңғы қатарда орын алатын немістің Medion компаниясын сатып алады. Сатып алынған компания Lenovo- ға өз үлесін Еуропа, Германия нарығында арттыруға мүмкіндік береді.
Меншіктенуші және басшылық
өңдеуLenovo-ның негізгі акционерлері – Қытайдың ғылым академиясы Legend Holdings Ltd (41,5 %),американың тікелей инфестициялау қорлары Texas Pacific Group, General Atlantic LLC және Newbridge Capital LLC (2,8 %), 55,1% қорлық биржада бәсекелеске түсуде. Компанияның 2010 жылдың 12 шілдесіндегі нарықтық капитализациясы – 5,6 млрд долларды құрайды. Директорлар кеңесінің төрағасы - Янь Юаньцин (Yang Yuanqing).
Қызметі
өңдеуКомпания персоналды, қалта компьютерлерін, нетбуктер, серверлер, бейнепроекторлар және т.б. Өнімдердің шығарылатын негізгі тауар белгілері - Lenovo, ThinkCentre, ThinkPad, IdeaPad. Coca-Cola, NASA, Microsoft, Intel, Mercedes, BMW сияқты компанияларды IT шешімдермен қамтамасыздандырады.
Gartner аналитикалық компаниясының мәлімдеуінше Lenovo 2009 жылы 6,98 млн. компьютер сатқан екен, оның 60% ноутбук болып есептеледі. 2010 жылға компанияның персонал саны 20,8 млн адам. Сол жылғы қаржылық табыс 16,6 млрд долларды құраса, оның 129 млн доллары пайда. Lenovo – ның жекеменшік зауыттары АҚШ, Мексика,Үндістан да бар. 2007 жылы Еуропада да бірінші зауытын Польшада ашқан болатын. Алдымыздағы жылда Ресейде де зауыт ашылуы жоспарлануда.
Компания дүние жүзі бойынша 5500 патентке иелік етуде. 2010 жылы BuissnessWork журналының алдыңғы қатардағы 30 топ компания қатарына, 2011 жылы FORBES журналының ең экологиялық таза компания ретінде алдыңғы 10 кірді.
Аталуы
өңдеуLenovo атауы «Le» ( алдыңғы атауы Legend) және латынша аблативтік септіктегі novo «жаңа» сөзінен құралған. Қытай тілінде ( liánxiǎng) «байланыс» немесе «біріккен ой», одан басқа «креативтік» (сәнді) ұғымына да сәйкес келеді.
Өнімдері
өңдеу- ThinkPad — корпаративтік нарыққа арналған ноутбуктер
- ThinkCentre — үстел компьютерлері
- ThinkVision — профессионалды мониторлар
- IdeaPad — жеке тұлғаларға арналған портативті компьютерлер
- IdeaCentre — жеке тұлғаларға арналған персоналды компьютерлер
- ThinkStation — жұмыс орталары
- ThinkServer — серверлер