Қымыздық (лат. Rumex) – тарандар тұқымдасына жататын көп жылдық және бір жылдық өсімдіктер. Қазақстанда Ақмола, Ақтөбе облыстарында, Күнгей, Теріскей, Жетісу (Жоңғар) Алатауларының шалғындарында, өзен-көл жағалауында, тастақты тау бөктерінде, субальпі және альпі шалғында өсетін 24 түрі кездеседі. Гүлі қос және дара жынысты, қос үйлі, түсі қызғылт, сары не қызыл.[1] Аталығы 6 (ішкі гүл қоршауының арасында қосарланып жетіледі). Аналығы 1 не 3 жеміс жапырағынан тұрады. Бір ұялы, онда бір тұқым бүршігі болады. Қымыздықтың арасында жиі кездесетін, емдік маңызы бар түрі — кәдімгі Қымыздық (R. аsetosa). Оның биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, тамыры қысқа, түйнекті. Жапырағы ірі, сағақты. Аталық гүлдерінің гүл қоршауы ұзын. Аналық гүлі сыртқа қарай қайырылып, гүл сағағына жанасады. Қызыл, сары гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі — үш қырлы жаңғақша, жылтыр, қоңыр түсті (ұзындығы 1,5 — 2 мм, ені 1 мм). Жапырағында қышқыл дәмді калий тұзы, сондай-ақ, белок, темір және өте көп мөлшерде С витамині бар. Халық медицинасында кәдімгі Қымыздықты бауыр қызметін реттеуге, өттің бөлінуін күшейтуге, қан тоқтатуда пайдаланылады. Жапырағынан салат жасайды.[2]

Қымыздық
Rumex patientia
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Caryophyllales
Тұқымдасы: Polygonaceae
Кіші тұқымдасы: Polygonoideae
Тегі: Rumex
L. 1753
Үлгілік түрі
Rumex patientia L.
түрлері

200 түрі белгілі

A.
Қымыздық.

Дереккөздер

өңдеу
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9