Эдит Рузвельт

Эдит Кермит Кароу Рузвельт (ағылш. Edith Kermit Carow Roosevelt; 6 тамыз 186130 қыркүйек 1948) – Америка Құрама Штаттарының президенті Теодор Рузвельттің екінші әйелі және оның 1901-1909 жылдары аралығындағы президенттігі кезінде АҚШ-тың Бірінші ханымы.

Эдит Рузвельт
Edith Roosevelt
Эдит Рузвельт
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ-тың Бірінші Ханымы
14 қыркүйек 1901 жыл — 4 наурыз 1909 жыл
Ізашары Ида Мак-Кинли
Ізбасары Хелен Тафт
Ту
Ту
АҚШ-тың Екінші Ханымы
4 наурыз 1901 жыл — 14 қыркүйек 1901 жыл
Ізашары Дженни Таттл Хобарт
Ізбасары Корнелия Коул Фейрбенкс
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 6 тамыз 1861 (1861-08-06)
Коннектикут, АҚШ
Қайтыс болуы 30 қыркүйек 1948 (1948-09-30) (87 жас)
Нью-Йорк, АҚШ
Әкесі Чарльз Карроу
Анасы Гертруда Тайлер Карроу
Жұбайы Теодор Рузвельт
Балалары Элис Ли Рузвельт, Квентин Рузвельт
Қолтаңбасы Қолтаңбасы

Өмірбаян

өңдеу

1861 жылы Норидж, Коннектикутта саудагер Чарльз Кароу мен Гертруда Элизабет Тайлердің отбасында дүниеге келді. Азаматтық соғысының генералы Дэниел Тайлердің немересі. Нью-Йоркте Эдит Теодор Рузвельттің қасында тұрды және оның қарындасының құрбысы болған. Ол Теодорды жақсы білген.

Ол және оның әпкесі Эмили Тайлер Кароу (1865-1939) жайлылықта және дәстүрлерге сай тәрбиеленген болатын. Эдиттің ағасы Кермит оның туылуының алдында қайтыс болды.

Миссис Комстоктың мектебінде Эдит сол уақытқа сай жас әйелге қажетті білімді алды. Кітап оқуды жақсы көретін жуас қыз Оустер Бей, Лонг-Айлендтегі серуендерде Теодор Рузвельт Эдитті өзімен бірге жолдас ретінде алатын. Бірақ бұның бәрі Теодордың Гарвард колледжіне түскен кезде аяқталады. Ол оның 1880 жылы Элис Хетауэймен тойында болса да, олар 1885 жылға дейін көріспеді. 

Неке

өңдеу
 
Эдит Рузвельт

Бірінші әйелінің қазасынан кейін Теодор Рузвельт қарындасының үйінде Эдитті кездестіреді. Олар бір-бірімен жиі көрісе бастады. 1885 жылы 17 қарашада ол Кароуға ұсыныс жасайды. Алайда әдептілікті сақтау үшін жас тұл ер адам некелесу туралы жариялауды кейіндетті.

Жиырма сегіз жасар Рузвельт 1886 жылы 2 желтоқсанда Лондон, Англияда жиырма бес жасар Эдит Карроуға үйленеді. Бұл оның екінші әйелі еді. Оның шафері Сесил Артур Спринг-Райс, кейінрек Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде  АҚШ-тағы ағылшын елшісі болды.

Он бес апталық бал айында олар Еуропаны аралап шыққан соң, Оустер Бейдегі үйде тұрады. Миссис Рузвельт отбасы қаражатын тиімді қолданды. Теодор Рузвельттің белсенді мансабы кезінде оның отбасылық өмірі берік болып қала берді. 

АҚШ-тың Бірінші ханымы

өңдеу
 
Эдит Рузвельт

Мак-Кинлидің қазасынан кейін миссис Рузвельт өзінің Бірінші ханым ретінде жаңа міндеттерін орындауға кірісті. Ол өзінің жеке өмірін қорғап, репортерлерді отбасынан алыс ұстауға тырысты. Осының кесірінен жұрт оның жігерлі мінезі, парасатты ойы туралы аз естіді.

Бірінші ханым ретінде ол әр апта сайын өткізілетін дамбаларды музыкалық кешке айналдырды. Бұл үшін ол 475000 долларға Ақ үйді қайта салды. Бұны президент Рузвельт «мемлекет көшбасшысының қарапайым және лайықты үй» деп атады. Теодор Рузвельттің әкімшілігінің әлеуметтік ортасы Ақ үй болды. Ресми кездесулерден тыс, бұл жерде әр түрлі әлеуметтік сатыдағы әйелдер мен ерлер жиналатын.

Алғыр көмекші Бірінші ханымды «әрдайым сыпайы, тәрбиелі қожайын; не болса да ол әрдайым күлімсіреп жүреді; ешқашан білімсіздерді кінәраттамайды және кейде адал емес саясаттық өмірге төзеді» деп сипаттады. 

Өмірінің соңы

өңдеу

1919 жылы күйеуінің қазасынан кейін ол шетелге аттанған, алайда әрқашан Сагамор Хиллға оралатын. Ол өмірінің соңына дейін кедейлерге киім тігетін қайырымдылық ұйым - қолөнер Гильдисы мен Оустер Бейдегі шіркеуге қызыққан. Ол Тайлер отбасының мұрагерлерінің екінші тұрғын мекенін Бруклин, Коннектикутта орнатты. Миссис Рузвельт 1932 жылы зейнетке шықты және Герберт Гувердің атынан кішігірім сөз айтып, өзінің жиені Франклин Делано Рузвельтке қарсы кампанияны өткізді. Ол ешқашан жиені Элеонора туралы ойламаған және оның Бірінші ханым атанғанын көргісі келген жоқ.

Ол Оустер Бе, Нью-Йоркта 1948 жылы 30 қыркүйекте сексен жеті жасында қайтыс болды.

Сілтемелер

өңдеу