Башқұртстан

Ресей Федерациясының құрамындағы республика

Координаттар: 54°28′ с. е. 56°16′ ш. б. / 54.467° с. е. 56.267° ш. б. / 54.467; 56.267 (G) (O) (Я)

Башқұртстан Республикасы (башқ. Башҡортостан Республикаһы; орыс. Республика Башкортостан) — Ресей Федерациясының құрамындағы субъект, республика. Жер аумағы – 143,6 мың км². Халқы – 4,04 млн.(2012). Астанасы – Үфі қаласы. Негізгі халқы – башқұрттар. Басқа халықтары ішінде орыс, татар, чуваш, мари, мордва, ұдмұрт ұлт өкілдері бар.[4]

Ресей Федерациясының субъектісі

Башқұртстан Республикасы
башқ. Башҡортостан Республикаһы
орыс. Республика Башкортостан

Башқұртстан туы Башқұртстан елтаңбасы

башқ. Башҡортостан Республикаһы орыс. Республика Башкортостан Ресей картасында

Елордасы

Үфі

Жер аумағы

27-

Барлығы
% су беті

142947[1] км²
0,5

Жұрты

7-

Барлығы
Тығыздығы

4 064 245 (2012)

28.43 адам/км²

ЖАӨ

9-

Барлығы, ағым. баға
Жан басына шаққанда

757.6 млрд руб. (2010)

184.8 мың руб.

Федералды округ

Волга маңы

Экономикалық аудан

Орал

Мемлекеттік тілі

башқұрт,
орыс

Республика басшысы

Радий Хәбиров

Үкімет премьер-министрі

Азамат Ілімбетов[2]

Мемлекетік мәжіліс - Құрылтайдың төрағасы

Константин Толкачёв

Әнұраны

«Башқұртстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны»[3]

РФ субъектісінің коды

02, 102

ISO 3166-2 бойынша коды

RU

Уақыт белдеуі

MSK+2 (UTC+6)

Ресми сайты:

Башкортостан.рф

Географиясы

өңдеу

Башқұртстан Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде, орыс жазығының шығыс шеті мен Орал тауларының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ауа райы континентті. Жерінің 34% қара топырақты жазық, 35% орман, қалған бөлігі — орманды дала. Жері ауыл шаруашылығына қолайлы әрі минералды ресурстарға (табиғи газ, көмір, темір, гипс, алтын, т.б.) өте бай.

Тарихы

өңдеу

Бұл өңірге адамдар палеолит дәуірінде қоныстана бастаған. Б.з.б. 3-мыңжылдықта бұл аймақтағы тайпалар мал өсірумен, егіншілікпен айналысқан. Б.з. 1-мыңжылдығында бұл аймақ түркілердің Ұлы Бұлғария, Хазар, Еділ бұлғариясы мемлекеттерінің меншігінде болды. Көшпелі башқұрттар (түркі тілдерде "бас бөрілер") туралы алғашқы жазба деректер IX–X ғасырлардан бастап кездеседі. 1229 жылы қазіргі Башқұртстан жеріне Бату әскерлері басып кіріп, 1236 жылы толық жаулап алды. Сөйтіп, башқұрттар қазақ халқының да негізін құраған тайпалармен бірге бірнеше ғасыр бойы бір мемлекет құрамында болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін башқұрт тайпалары Ноғай ордасының, кейбір бөліктері Қазан және Сібір хандықтарының құрамына енді. 1557 жылы башқұрттар Ресей империясының шапқыншылығына ұшырады да, Ноғай, Сібір хандықтарымен қоса Ресей отарына айналды. Ресей өкіметінің башқұрттарды аяусыз қанауы, шенеуніктердің әділетсіздігі XVII–XVIII ғасырларда бірнеше халық көтерілістеріне алып келді. Олардың ірілері қатарына Сейіт Саафар бастаған (1681–1683) Батырша бастаған (1755), тағы басқа ұлт-азаттық көтерілістер жатады. Ресей өкіметі тарапынан болашақта мұндай көтерілістерді болдырмау үшін бірнеше шаралар іске асырылды. 1735 жыл Санкт-Петербургте Сенаттың жанынан Еділ бойы халықтарын шоқындыру кеңсесі құрылды. Башқұрт көтерілісшілерінің басқа халықтармен, әсіресе, Ресейге жаңа қосылған әрі саны көп Кіші жүз қазақтарымен бірігіп кетпеуі үшін 1747 жылы Орынбор губерниясы құрылып, оның тұңғыш губернаторы И.И. Неплюев башқұрттар мен қазақтар арасына жалпы ұзындығы 3.5 мың км-ге жететін қамалдар шебін тұрғызуға кірісті. Осы бекіністерді салу әрі күзету үшін ішкі Ресейден 95,378 орыс шаруасы көшіріліп әкелінді. Осы төңіректегі башқұрт және қазақ руларына бекіністерге жақындауға, әрі-бері өтуге тыйым салынды. Бірақ туысқан екі халықты мүлдем бөліп тастауға ешқандай шекара бөгет бола алмады. Жазалаушылардан қашқан башқұрт көтерілісшілері үнемі қазақ даласын паналап отырды (қ. Қарасақал). Бірыңғай күштеу шаралары арқылы бағындыру мүмкін еместігіне көзі жеткен үкімет кейбір жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. 1786 жылы Үфі губерниясы құрылып, башқұрттар отырықшылыққа көше бастады, мешіт-медреселер салуға рұқсат етілді. Дегенмен патша өкіметі отырықшы башқұрттардың арасына орыс шаруаларын орналастырып, жыл сайын олардың санын көбейте түсті. Үфі, Орынбор сияқты қалалар ірі сауда орталықтарына айналып, оларға көршілес Қазақ даласы, Орталық Азия елдерінен сауда керуендері жиі келіп тұрды. Бекіністерде жергілікті халықтар арасынан үкіметке қажетті ұсақ шенеуніктер дайындау үшін орыс мектептері ашылды. Бұл мектептер мен медреселерде башқұрт және басқа да халықтардың көптеген зиялы азаматтары білім алды. Үфідегі "Ғалия", тағы басқа медреселерде башқұрт жастарымен бірге татар, қазақ жастары да көп оқыды. Осы медреседе оқыған қазақ ақын-жазушылары М.Жұмабаев, Б.Майлин, Т.Жомартбаевтар башқұрт ақыны Сайфи Құдаш пен татар жазушысы Ғ.Ибрагимовпен шығармалары байланыста болды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Башқұртстан жерінде ұлт-азаттық қозғалыс қайта жанданды. 1917 жылғы жазда Үфі және Орынбор қалаларында башқұрт зиялыларының съезі өтіп, Орынбор, Үфі, Пермь, Самара губернияларында бөлшектеніп кеткен башқұрт жерлерін біріктіріп, Башқұртстан автономиясын құруға шешім қабылданды. Үфіде Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, 1917 жылғы 16 қарашада атаман Александр Дутов билігінде болған Орынбор қаласында Зәки Уәлиди Тоғанның басқаруымен Башқұрт автономиясы жарияланды. Бұл автономия атаман Дутовпен және желтоқсан айында Орынборда құрылған Алаш ордасы өкіметімен тығыз байланыста болды. Бірақ көп ұзамай қаланы қызыл әскерлер бөлімдері басып алды да, Башқұрт автономиясының үкіметі Челябі қаласына көшірілді. 1918 жылғы жазда Үфі қаласында Чехословакия корпусының төңкерісі болып, ақ гвардияшылардың Үфі директориясы орнады, бірақ бұл директория да, кейіннен Колчак өкіметі де Башқұрт автономиясын мойындамай қойды. Сондықтан башқұрт зиялылары В.И.Ленинмен келіссөз жүргізіп, өздерінің Кеңес өкіметі жағына шығатындықтарын мәлімдеді. Сөйтіп, 1919 жылғы 23 наурызда РКФСР-дің құрамына кіретін Башқұрт Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (БАКСР) құрылды, оның астанасы Стерлитамак қаласы болды. Көп ұзамай Кеңес өкіметінің ұлт саясатымен келіспеген Ахмет Зәки Уәлиди Тоған бастаған кейбір автономия басшылары шет елге кетіп қалды. 1922 жылғы 14 маусымда Бүкілресейлік ОАК-нің шешімімен БАКСР шекарасы кеңейіп, астанасы Үфі болып жарияланды. Кеңес өкіметі тұсында Башқұртстан біршама мәдени, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге жетті, елдегі ірі мұнай өңдеу аудандарының біріне айналды. Бұған қоса химия, қара металлургия, машина жасау, ағаш өңдеу өндірістері, ауыл шаруашылығы жақсы дамыды.

Дегенмен Башқұртстан одақтас республика мәртебесіне ие бола алмады. 1990 жылғы наурызда елде Жоғарғы Кеңеске сайлау өтті. Жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттары 1990 жылғы қазанда өткен 3-сессиясында Башқұртстан Республикасын құрып, өз егемендігін жариялады. Башкирия атауы Башқұртстан (Башкортостан) деп өзгертіліп, КСРО, РКФСР және басқа республикалармен арақатынасын одақтық шарт пен келісім арқылы айқындауға шешім қабылдады. 1991 жылғы 23–26 желтоқсанда Үфі қаласында өткен 4-Бүкілбашқұрт съезінде президенттік сайлау, мемлекеттік тіл мәселелері қаралды. 1992 жылғы 1 сәуірде федеративтік шартқа қол қойылып, онда Башқұртстан жерінде дербес меншік құқығын, бюджет қабылдау, заң шығару мен сот ісі жүйесін құруды дербес жүргізу мәселелері айқындалды. 1994 жылғы 3 тамызда Башқұртстан мен Ресей Федерациясы орталық үкіметі арасында мемлекеттік билік органдары өкілеттігінің арақатынасын реттейтін екі жақты келісім жасалынды. Тұңғыш президент сайлауында елдің президенті болып М.Рахимов сайланды (1996).

Қазақ-башқұрт қатынастары

өңдеу

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

өңдеу

Ресей Федерациясының субъекті әкімшілік-аумақтық құрылым шеңберінде келесі әкімшілік-аумақтық бірліктерге бөлінеді: республикалық маңызы бар 8 қала, 1 ЖӘАҚ және аудандық маңызы бар 12 қала, 2 жұмысшылар ауылы (қ.ү.а.), 828 ауылдық кеңестерді қосатын 54 ауданнан тұрады.

Муниципалдық құрылым шеңберінде 2018 жылғы 1 қаңтарға қарай республиканың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекараларында 895 муниципалитет құрылды, оның ішінде: 9 қалалық округ және 818 ауылдық қоныс пен 14 қалалық қоныстарды қосатын 54 муниципалды аудан кіреді.

Аудандар (муниципалды аудандар) Әкімшілік карта
  1. Әбжәлел
  2. Әлшей
  3. Архангел
  4. Асқын
  5. Ауырғазы
  6. Баймақ
  7. Бақалы
  8. Балташ
  9. Белебей
  10. Балақатай
  11. Белорет
  12. Бесбөлек
  13. Бөрі
  14. Благовар
  15. Благовещен
  16. Бөздек
  17. Бұрай
  18. Бөріжан
  1. Ғафури
  2. Дәулекен
  3. Дуан
  4. Төртүйлі
  5. Жермекей
  6. Жиенсора
  7. Жылайыр
  8. Иглин
  9. Еліш
  10. Есімбай
  11. Қалтасы
  12. Қараеділ
  13. Қырмысқалы
  14. Қыйғы
  15. Краснокама
  16. Көгершін
  17. Кушнаренко
  18. Күйірғазы
  1. Мелеуіз
  2. Мешітлі
  3. Мешке
  4. Миеке
  5. Нұриман
  6. Салауат
  7. Стерлібаш
  8. Стерлітармақ
  9. Татышлы
  10. Тоймазы
  11. Үфі
  12. Ушалы
  13. Фёдоровка
  14. Хайбулла
  15. Шақмағұш
  16. Шешме
  17. Шаран
  18. Жаңауыл
 
Башқұртстан Республикасының әкімшілік картасы
Республикалық маңызы бар қалалар және ЖӘАҚ (қалалық округтер)
  1. Ақеділ қаласы;
  2. Көміртау қаласы;
  3. Нефтекама қаласы;
  4. Октябрьский;
  5. Салауат қаласы;
  6. Сибай қаласы;
  7. Стерлітармақ қаласы;
  8. Үфі;
  9. Межгорье ЖӘАҚ.

Өнеркәсібі

өңдеу

Башқұртстан өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы жан-жақты дамыған республика. Өнеркәсібіндегі басты сала: мұнай өңдеу мен мұнай өндіру. Мұнай кәсіпорындары негізінен Үфі, Ишимбай, Салауат қалаларында орналасқан. Республика аумағы арқылы Ресейдегі ірі өнеркәсіп орындары мен Батыс Еуропаға қарай мұнай және газ құбырлары тартылған (Туймазы – Омбы, Туймазы – Самара, Шкапово – Ишимбай – Магнитогорск, Ишимбай – Үфі). Бұл құбырлардың ТМД елдері үшін маңызы зор. Осы құбырлар арқылы Орталық Азия мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан да, Каспий теңізі алабындағы мұнай мен газ өнеркәсібі өнімдерін Ресейге, Батыс Еуропаға шығарады. Өнеркәсіптегі мұнайдан кейінгі негізгі салалар: табиғи газ, қара және түсті металлургия, мұнай өндірісіне қажетті жабдықтар мен бұрғылау станоктарын шығару, химия (спирт, полиэтилен, жуғыш заттар, пластмасса, синтетикалық каучук, тағы басқа) өнеркәсіптері. Башқұртстан Ресейдегі егіншілік пен мал шаруашылығы жақсы дамыған өлке. Негізгі сала — егіншілік. Мал шаруашылығында сиыр мен қой өсіру жақсы жолға қойылған. Кей жерлерде қымыз бен еті үшін жылқы өсіріледі. Көлік саласында темір жол негізгі рөл атқарады. Тас жолдары мен су жолдары да жақсы дамыған.[4]

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Bashkortostan

Дереккөздер

өңдеу