Өздігінен бағытталу жүйесі
Өздігінен бағытталу жүйесі — ұшу сатысының соңында ракетаны нысанаға бағыттау мен ұшу сатысының соңында оның қозғалысын басқарудың кен тараған әдістерінің жиынтығы (тобы). Бұл кезде ракета нысанаға ракетаның өзінде орналасқан қондырғынын көмегімен бағытталады. Бұл жүйелерде нысанадан шыққан сәуле немесе содан шағылыскан кез келген сәуле қуатының түрі қолданылады. Соның нәтижесінде нысана қарама-карсы түске боялады, өзге заттардың ортасында бөлектеніп тұрады. Нысананың бұл қасиеті өздігінен бағытталу құралы арқылы орналасқан орнын үздіксіз аныктап, рульді басқару командасын автоматты түрде жасайды, яғни ұшу бағытын өзгертіп, нысанаға өздігінен бағыттауды жүзеге асырады. Өздігінен бағытталу жүйесінің нысананың өз сәулесін пайдаланатын енжар, нысанадан шағылысқан, ракетада жоқ өзге көзден сәулеленген қуатты пайдаланатын жартылай белсенді, сәулелендіретін қайнар көзі ракетаның өзінде болатын, нысанадан шағылысқан энергияны пайдаланатын белсенді, ракетаны (торпеданы) нысанаға бағыттаудың енжар және белсенді әдістерін қолданатын араласқан түрлері болады. Өздігінен бағытталу жүйесінің негізгі міндеті ракетаның нысанаға тиюін қамтамасыз ету немесе нысананы неғүрлым аз ауытқумен тосып алу. Өздігінен бағытталу жүйесінің үлкен жетістігі — оны тиімді қолдану үшін нысана координаттарын, бастапқы қалпын білудің қажеті жоқ, тек нысана бар ауданды білу жеткілікті.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |