Ұша алмайтын құстар

Жер жүзінде құстардың 9000-дай түрі бар. Бірақ олардың бәрі бірдей ұшпайды. Ұша алмайтын құстар бір кездері ұша алатын құстар болған. Бәлкім, жауы жоқ болғандықтан, бұл құстар бірте-бірте ұшуға деген қажеттілік пен қабілеттен айырылып қалған болар. Ұша алмайтын құстарға тинаму мен пингвиндерден өзге түйеқұс, нанду, казуар, эму, киви жатады. Африкалық түйеқұс пен аустралиялық эму, казуар, киви және оңтүстік-америкалық нанду – бұлардың бәрінің кеуде сүйектері қырсыз жалпақ. Мұхит аралдарын суқұзғыны, сутартар тәрізді ұша алмайтын құстар мекендейді. Жаңа Зеландияда «какапо» атты ұша алмайтын түнгі тотықұс бар. Күні кешеге дейін дронт, ок және мадагаскарлық пілқұс атты ұша алмайтын құстар болған. Бірақ олар қазір жер бетінен мәңгілікке жойылып кетті. Бұл құстар ұша алмағанмен, қауіп төнсе, өте жылдам жүгіріп, құтылып кетеді. Киви жылдам жүгіре алмайды, сондықтан қорегін түнмезгілінде жүріп табады. Түйеқұстар 5-50-ден топтанып жүріп, өзге жануарлармен бірге жайылады. Түйеқұстар, негізінен, дәнді дақылдар, түрлі шөптер мен қоректенеді.


Дереккөздер

өңдеу

ҚҰСТАР. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-454-6