Шамбала (халық)
Шамбала (вашамбала, шамбаа, самбара)[1] — Танзанияда тұратын халық, негізінен елдің солтүстік-шығысындағы Усамбала аймағында. Туыстас зигуа (зигула), бондеи, квере, дое және басқа халықтармен бірге саны 1,2 млн. адам.[2]
Шамбала | |
вашамбала, шамбаа, самбара | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,2 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
ата-бабалар культі, христиандық, ислам |
Тілі
өңдеуТілі шамбала тілі, банту тілдер отбасының шығыс тобына жатады.[3]
Діні
өңдеуДіни нанымдар ата-бабалар культімен және табиғат күштеріне табынумен байланысты. Христиандық пен ислам діні де таралуда.[4]
Тарихы
өңдеуXIX ғасырда суахили мен Шығыс Африканың ішкі аймақтары арасындағы айырбас саудасының дамуына байланысты Шамбалада көсем (Симбамвене) басқарған ерте мемлекеттік формация пайда болды.[5]
Кәсібі
өңдеуДәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (негізгі дақыл – банан, сонымен қатар жүгері, бұршақ дақылдары, маниок, тәтті картоп, дақылдар – күріш, кофе, мақта, темекі, көкөністер). Ірі (негізінен айырбас үшін) және ұсақ мал мен тауықтар аз мөлшерде өсіріледі. Кооперативті шаруашылықтар экспорттық дақылдарды өндіреді.[6]
Тұрмыс салты
өңдеуОтбасы шағын, неке патрилокальды. Христиан емес топтарда үлкен отбасы мен полигиния сақталады.[5]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Большая Советская энциклопедия Шамбала https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/106857-shambala/
- ↑ Шамбала (народ) https://www.istmira.com/novosti-istorii/14663-shambala-narod.html
- ↑ ШАМБАЛА https://slovaronline.com/browse/ccd368ce-3e1c-3e64-8316-c6f195fd5e74/%D1%88%D0%B0%D0%BC%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0?ysclid=lopcak969z505426564
- ↑ Большая советская энциклопедия https://gufo.me/dict/bse/%D0%A8%D0%B0%D0%BC%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0?ysclid=lopc93c96q563241824
- ↑ a b народы мира / Шамбала http://www.etnolog.ru/people.php?id=SHAM
- ↑ Народы и культуры Шамбала https://travel-journal.ru/ethno/52/361/(қолжетпейтін сілтеме)