Уайт-спирит – тікелей айдаудан алынған бензин өнімі. Қайнау t 165 – 200С, тығыздығы 0,795 г/см3, булану t33С, ксилол бойынша ұшқыштығы 3 – 4,5. Уайт-спирит құрамындағы ароматтық қосылыстардың мөлшері 16%-дан, күкірті 0,025%-дан аспайды. Уайт-спириттіті мұнайды тікелей айдау арқылы алып, лак-бояу өндірісінде еріткіш ретінде қолданады. Оның қасиеттеріне: фракциялық құрамының тарлығы, бу қысымының төмендігі, уыттылығының аздығы, құрамында қанықпаған көмірсутектердің болмауы, қабыршақ түзуші бояғыш заттарды жақсы ерітуі жатады. Қазақстанда таза күйдегі уайт-спирит Атырау мұнай өңдеу зауытында өндіріледі.[1]

Сілтемелер

өңдеу
  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том