Мұқан қаған
Мұқан қаған (Муюй Кигин) [1] – Түрік қағандығының қағаны (553 – 572ж.ж). Түрік қағанатының негізін қалаушы Бумын қағанның кіші баласы. Бумын қаған өлгеннен кейін таққа ағасы Қара Еске отырды. Қара Ескенің мұрагері ретінде Қытай деректерінде оның інісі Иркин (Ицзинь) аталады. Ол қағандық тағына Мұқан хан деген атпен отырып, Йанту деген қосымша лақап есімге ие болған. Мұқан хан тұсында Солтүстік Қытай мемлекеттері – Чжоу, Ци және Енисей қырғыздары мен қидандар Түрік қағандығына тәуелді болып, салық төлеп тұрды. Түрік қағандығы Ұлы Жібек жолына дербес бақылау жасау мақсатымен Иранға қарсы Византиямен одақтасып, қағандықтың батыс шекарасын Әмудария өзенінің бойына дейін кеңейтті. Мұқан хан кезінде Түрік қағандығы барынша дамыды.
Мұқан қаған | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
553 — 572 | ||
Тәж кигізу жорасы | 553 | |
Ізашары | Қара-Еске қаған | |
Ізбасары | Тобо қаған | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Тәңіршілдік | |
Дүниеге келуі | белгісіз | |
Қайтыс болуы | 572 | |
Династия | Ашина | |
Әкесі | Бумын қаған | |
Балалары | Төремен Апа-хан | |
өңдеу |
Дереккөздер
өңдеу- Қазақ энциклопедиясы
- Гумилев Л.Н., Древние тюрки, М., 1967
- Қазақстан тарихы, 1-т., А., 1996
- ↑ Қазақстан энциклопедиясы, VI-том
Тағы қараңыз
өңдеуБұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |