Маттиас Якоб Шлейден

Маттиас Якоб Шлейден (нем. Matthias Jakob Schleiden; 5 сәуір 180413 маусым 1881) — неміс ботанигі. Гейдельберг университетін бітірген (1827). 1839-1862 жылдары Иена университетінің ботаника профессоры. Осы университеттің ботаникалық бағының директоры (1850). 1863-1864 жылдары Ресейде Дерпт университетінің антропология кафедрасының меңгерушісі. Оның "Основы научной ботаники" (1842-1843) т.б. ғылми еңбектері ботаника ғылымын одан әрі дамытуға, жануарлар мен өсімдік клеткалары құрылысын, өсімдік морфологиясын зерттеуге арналған. Ол идеалистік натурфилософия ілімін сынады. Оның бірқатар ғылми еңбегі орыс тіліне аударылды.

Маттиас Якоб Шлейден
нем. Matthias Jakob Schleiden
Туған күні

5 сәуір 1804 (1804-04-05)

Туған жері

Гамбург, Қасиетті Рим империясы

Қайтыс болған күні

13 маусым 1881 (1881-06-13) (77 жас)

Қайтыс болған жері

Майндағы Франкфурт, Герман империясы

Азаматтығы

 Қасиетті Рим империясы

Ғылыми аясы

биология

Ғылыми дәрежесі

доктор

Альма-матер

Гейдельберг университеті

Несімен белгілі

ботаника реформаторы, жасуша теориясының негізін қалаушылардың бірі

Дереккөздер

өңдеу

Қазақ Совет Энциклопедиясы