Координаттар: 31°51′ с. е. 6°24′ б. б. / 31.850° с. е. 6.400° б. б. / 31.850; -6.400 (G) (O) (Я)

Марокко (араб.: المغرب‎‎‎ — әл-Мағриб — «батыс», Мағриб әл-Акса — «алыс батыс», Мағриб деп аталады) — Мағриб патшалығы, әл-Мәмләкә әл-Мағрибия Солтүстік-Батыс Африкадағы мемлекет. Толық ресми атауы — Мағриб Патшалығы (араб.: المملكة المغربية‎‎‎ — әл-Мәмләкә әл-Мағрибия). Араб тілінен аударғанда Мағриб - батыс, яғни, "Батыс Патшалығы" (бұл Арабтардың батыстағы мемлекеті) деген мағына береді.

Марокко патшалығы
араб.: ‎المملكة المغربية
(әл-Мәмләкә әл-Мағрибия)
бербер ⵜⴰⴳⵍⴷⵉⵜ ⵏ ⵓⵎⵕⵕⵓⴽ
(Таглдит н Умррок)
Байрақ Елтаңба
Ұран: «араб.: ‎الله، الوطن، الملك
(Allāh, al Watan, al Malik — «Аллаһ, Отан, Мәлік»)»
Әнұран: «Hymne Cherifiеn»
Марокко Корольдігінің картасы
Тарихы
Тәуелсіздік күні 2 наурыз 1956 жыл (Франциядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері араб тілі, тамазигхт тілі
Елорда Рабат
Ірі қалалары Касабланка, Рабат, Марракеш, Фес, Танжер
Үкімет түрі Дуалдық монархия
Мәлік
Премьер-министрі
Мұхаммед VI
Саад ад-Дин аль-Османи
Мемлекеттік діні ислам (Әһл әс-Сунна бағыты)
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 57-ші орын
446 550 км²
0,056
Жұрты
• Сарап (2014)
• Санақ (2017)
Тығыздығы

33 848 242 адам (38-ші)
35 740 000[1] адам
50 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

332,358 млрд.[2] $
9,339[2] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

122,458 млрд.[2] $
3,441[2] $
АДИ (2017) 0,667[3] (орташа) (123-ші)
Этнохороним марокколықтар
Валютасы Марокко дирхамы
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .ma
ISO коды MA
ХОК коды MAR
Телефон коды +212
Уақыт белдеулері UTC+1, Africa/Casablanca және UTC±00:00

Жер аумағы 446,5 мың км². Халқы 30,1 млн. (2000). Ресми тілі — араб тілі, сонымен қатар француз тілі кеңінен қолданылады. Халқы негізінен ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Астанасы — Рабат қаласы. Әкімшілік жағынан 35 провинцияға және 8 префектураға бөлінген. Мағриб — конституциялы монархиялы ел. Мемлекет және үкімет басшысы — патша. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (Өкілдер палатасы және өлттық жиналыс). Ақша бірлігі — дирхем.

Табиғаты

өңдеу

Мағриб жері таулы келеді. Ел аймағындағы орташа және биік таулар қыратты жазықтармен, үстірттермен ұласады. Оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай Атлас таулары созылған. Жерорта теңізінің жағалауы Эр-Риф тауына жалғасады. Климаты негізінен субтропиктік, солтүстігінде жерорта теңіздік. Шілденің орташа температурасы 24 — 28С, қаңтарда 10 — 12С. Жылдық жауын-шашын мөлшері — таулы өңірде 1000 мм, елдің оңтүстік бөлігінде 200 мм, Сахара шөліне көршілес өңірде 100 мм. Мағрибта тұрақты ағынды өзендер аз. Біршама ірі өзендер қатарына Мулуя, Себу, УмМароккоәр-Рабия, Тенсифит жатады. Бұлар Атлант мұхитына, Жерорта теңізіне құяды. Елдің таулы және солтүстік-батыс бөліктері қалың орманды келеді. Емен, самырсын, қылқан жапырақты ағаштар өседі. Жануарлардан жылан түрлері, тасбақа, жабайы шошқа, макака маймылы, қорқау қасқыр, сілеусін, түлкі, т.б. кездеседі.

Тарихы

өңдеу

Мағриб жерін ертеден ливий немесе ежелгі бербер тайпалары мекендеген.

  • Б.з.б. 2-мыңжылдықтың аяғында Мағрибтың теңіз жағалауында бірсыпыра финикиялық қоныстар салынып, кейінірек Карфагеннің иелігіне көшті.
  • Б.з.б. 3 — 2 ғасырлардағы Рим мен Карфаген арасындағы соғыстардан кейін Мағриб Римнің ықпалында болды.
  • Ал б.з.б. 27 ж. римдіктерге толығымен бағынды.
  • V ғасырда Мағрибтың солтүстік бөлігін славян текті вандалдар,
  • VI ғасырда Византия басып алды.
  • 701 — 711 ж. Мағриб жерін арабтар жаулап алып, араб халифатының құрамына қосты.
  • 788 ж. Мағрибтың солтүстік-батысында Идрис(Ыдырыс) әулеті билеген мемлекет орнады.
  • X ғасырда Мағриб жері Фатима әулеті билеген халифатқа қосылды.
  • XI ғасырдың ортасынан бастап Мағрибта әртүрлі әулеттер бір-бірін ауыстырып, билік құрды.
  • XV ғасырда Мағрибқа португалдар мен испандар басып кіре бастады.
  • XVI ғасырда Саади әулеті көптеген қалаларды еуропалықтардан азат етті. Ахмед әл-Мансур (1578 — 1603) кезінде Мағриб Сонгам, Судан, т.б. Африка елдерін бағындырды.
  • XVII — XVIII ғасырларда орт. билік әлсіреп, саяси жағдай жиі шиеленісті.
  • 1845 ж. Франция Мағриб пен Алжир жерінің түгеліне дерлік бақылау орнатты. Сұлтан Хасан І (1873 —94) тұсында бірқатар реформалар жүргізілді, өндіріс орындары мен жаңа порттар салынды.
  • 1907 ж. француз әскерлері Мағрибтың солт.-шығыс бөлігіндегі Ужда аймағын, кейіннен Касабланка мен Шауиа облысын, Испания Мелиль аймағындағы жерлерді жаулап алды.
  • 1912 ж. Мағрибта француз протектораты орнады.
  • 1921 ж. маусымда Мағрибтың Абд әл-Керим басқарған риф тайпалары Анвал түбінде испан армиясын талқандап, тәуелсіз Риф республикасын құрды.
  • 1926 ж. Франция мен Испанияның біріккен күштері Риф республикасын талқандады.
  • 2-дүниежүзілік соғыс (1939 — 45) кезінде елде ұлт-азаттық қозғалыс күшейді.
  • 1952 ж. Мағриб қалаларында протекторат туралы шарттың 40 жылдығына байланысты бұқаралық шерулер өтті.
  • 1955 ж. 7 желтоқсанда Франция ұлттық үкімет құруға келісім беруге мәжбүр болды.
  • 1956 ж. 2 наурызда Франция Мағрибтың ұлттық тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын мойындады.
  • 7 сәуірде Мағрибтың испандық аймағы қайта қосылып, елдің тұтастығы қалпына келтірілді.
  • 1956 ж. 12 қарашада Мағриб БҰҰ-ға мүшелікке қабылданды.
  • 1958 ж. Мағриб Тарфая провинциясын испан үстемдігінен азат етті,
  • 1961 ж. қарашада елден француз әскерлері толық шығарылды.
  • 1962 ж. желтоқсанда конституция қабылданды. Мағриб Араб мемлекеттері Лигасына мүше.
  • 1992 ж. 28 мамырдан Мағриб пен Қазақстан арасында дипломат. байланыс орнаған. Екі ел арасындағы мәдени, оқу-ағарту саласының қарым-қатынастары біршама дами бастады. Мағрибта балық және мал шаруашылығы дамыған. Экспортқа фосфорит, теңіз өнімдері, темекі, тоқыма бұйымдары шығарылады. Шеттен мұнай, электр, өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алады. Жалпы ішкі өнім 87,5 млрд. АҚШ долл-н құрайды, жан басына шаққанда 3060 долл. болады (1994). Негізгі сауда серіктестері — ЕО, АҚШ, Үндістан, Сауд Арабиясы. Ел аумағында Касабланка, Мохаммедия, Танглер, т.б. ірі теңіз порттары орналасқан.[4]

Әкімшілік бөліну

өңдеу
Облыс Әкім. центр Жер аумағы, км² Тұрғыны, чел. (2004) Тығыздығы, чел./км²
1 Шавия-Уардига Сеттат 7 010 1 655 660 236,19
2 Дуккала-Абда Сафи 13 285 1 984 039 149,34
3 Фес-Бульман Фес 19 795 1 573 055 79,47
4 Гарб-Шрарда-Бени-Хсен Кенитра 8 805 1 859 540 211,19
5 Үлкен Касабланка Касабланка 1 615 3 631 061 2248,33
6 Гулимим-Эс-Смара* Гулимин 71 970 401 984 5,58
7 Эль-Аюн-Буждур-Сегиет-эль-Хамра* Эль-Аюн 139 480 256 152 1,84
8 Марракеш-Тенсифт-Эль-Хауз Марракеш 31 160 3 102 652 99,57
9 Мекнес-Тафилалет Мекнес 79 210 2 141 527 27,04
10 Шығыс облыс Уджда 82 820 1 918 094 23,16
11 Вади-эд-Дахаб-эль-Кувира* Дахла 50 880 99 367 1,95
12 Рабат-Сале-Заммур-Заер Рабат 9 580 2 366 494 247,02
13 Сус-Масса-Драа Агадир 70 880 3 113 653 43,93
14 Тадла-Азилаль Бени-Меллаль 17 125 1 450 519 84,70
15 Танжер-Тетуан Танжер 11 570 2 470 372 213,52
16 Таза-Әл-Хосейма-Таунат Таза 24 155 1 807 113 74,81
Барлығы 639 340 29 831 282 46,66

Галерея

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Morocco Population, 1960-2017 - knoema.com. HCP (2017). Тексерілді, 29 наурыз 2018.
  2. a b c d Morocco. IMF.
  3. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
  4. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9