Катарина Сусанна Причард

Катарина Сусанна Причард - Аустралия жазушысы. 1920 жылдан Аустралия Компартиясының мүшесі. Катарина - Аустралияда реалистік романның негізін салушылардың бірі.

Катарина Сусанна Причард
Туған күні

4 желтоқсан 1884 (1884-12-04)

Туған жері

Левука, Фиджи аралы

Қайтыс болған күні

2 қазан 1969 (1969-10-02) (84 жас)

Қайтыс болған жері

Батыс Аустралия, Перт қаласы

Азаматтығы

 Аустралия

Еңбек жолы

өңдеу

Оның тұңғыш романы "Пионерлер" 1915 ж. жарияланды. "Қара лағыл тас", "Жегілген өгіздер", "Жақын бейтаныстар" т.б. романдарында қарапайым еңбек адамдарының өмірін көрсетті, капиталистік қоғамның мерезін сынады. Катарина 1933 ж. Совет Одағына келіп, "Нағыз Ресей" атты очрктер кітабын шығарды. Ол соғыстан кейінгі кезеңде "Тоқсаныншы жылдар", "Алтын мильдер", "Өркенді дән" романдарынан құралған трилогиясында қоғамдық өмірді кең қамтып, дәуір шындығын шебер суреттеді. [1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том