Жеміс бағы– көп жылдық жеміс-жидек және әсемдік өсімдіктер егілген алқап немесе үй іргесіндегі жер. Жеміс бағы жергілікті тұрғындарды жеміс-жидекпен қамтамасыз ету үшін өсіріледі. Жеміс-жидек құрамында адам организміне өте қажетті шипалық қасиеті бар қанттар (фруктоза, глюкоза, сахароза), органикалық қышқылдар (алма, лимон, шарап қышқылдары), әр түрлі витаминдер (С, А, В, В1, Р және РР) бар. Жеміс ағаштары – көп жылдық өсімдік, ол 20 – 100 ж. жеміс береді. Жақсы өсіп, жеміс беруі үшін бақ және жидек дақылдарын отырғызуда жер таңдау, ол жерді баптау және оны дұрыс отырғыза білудің мәні зор. жеміс бағы ағашын қолайсыз жерге отырғызса ағаштар зақымданады. Жеміс ағашының өсуіне, жеміс салуына ең қолайлы жер тегіс және еңістігі 12 – 12°-тан аспауы қажет. Қазан шұңқырлы не терең оры бар жер қолайсыз, мұндай жердегі ағаш үсікке тез шалдығады. Шымды, ашық қызыл қоңыр топырақты, қара топырақты жер баққа өте қолайлы, егер органикалық тыңайтқыш шашып, көп жылдық бұршақ тұқымдас шөп ексе, сұр топырақты жерде де жеміс ағашы өседі. Қандай топырақ болмасын бақ отырғызатын жердің ыза суы 1,5 – 2 м-ден терең болмауы тиіс.

ЖЕМІС БАҒЫ

[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. "Қазақ Энциклопедиясы"