Жез

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жезмыстың мырышпен және басқа қосымша элементтермен қорытпасы.[1] Құрамында 50%-ға дейін мырыш және басқа да элементтер араласқан мыстың қорытпасы. Жездің құрамына алюминий, қалайы, никель, т.б. элементтер де кіреді. Жез таза мыс сияқты иілгіштігі жоғары, бірақ одан берік болады. Құрамында 20%-ке дейін мырыш бар жез атмосфералық жегідесіне төзімді. Күрделі (легирленген) Жездің беріктігі және коррозияға төзімділігі өте жоғары болады. Құрамында 1,0 — 1,5% Sn бар жез (немесе теңіздік жез), алюминийлі жез (құрамында 0,4 — 2,5% Al бар; түсі алтынға ұқсайды) және никельді жез (12 — 16,5% бар) теңіз суына төзімді келеді. Жез — коррозиядан қорғауды қажет етпейтін құралымдық материал. Жай жез құбырлар мен күрделі пішінді жұқа қабырғалы бұйымдар, күрделі жез кеме жасауда (буды конденсациялауға арналған құбырлар, тісті дөңгелек, т.б.); никельді жез химиялық машина жасауда; алюминийлі жез (құрамында 15% Zn, 0,5% Al бар) зергерлік бұйымдар жасауда пайдаланылады. Балқаштағы түсті металдар өңдейтін зауыт — жез өндіретін еліміздегі ең ірі металлургиялық өндірістердің бірі. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
  2. "Қазақ Энциклопедиясы"