АҚШ-тағы U19 әлем біріншілігінің ширек финалына үш қазақстандық боксшы шықты
АҚШ-тағы U19 әлем біріншілігінің ширек финалына үш қазақстандық боксшы шықты
70 келіге дейінгі салмақта алғашқы жекпе-жекте Диас Серікұлы Ислам Дахлалды (Алжир) жеңді.
55 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Аманғалиев чехиялық Ондрей Томаштан басым түсті.
Ал Асылхан Көшербай чехиялық Симона Стожканы ұтты.
Үш боксшымыз да ширек финалға өтті.
Еске салсақ, әлем чемпионатында ел намысын төрт спортшымыз қорғайды. Даниял Райымбеков жарысты кейінірек бастайды.