Қотыр қайың

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қотыр қайың

Сүйелді қайын

(лат. Bétula péndula)
(лат. Bétula péndula)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Жабық тұқымдылар
Табы: Қос жарнақтылар
Тұқымдасы: Қайыңдар - Betulaceae
Тегі: Betula pendula
Roth

Қотыр қайың немесе Сүйелді қайың (лат. Bétula péndula) - синонимы: Betula verrucosa - қайың тұқымдасына жататын ағаш.

Қайыңдар тұқымдасының Солтүстік жарты шарда кеңінен таралаған. Бұрынғы КСРО-ның Европалық бөлігінде Батыс Сібірде, Батыс Европада, Жерорта теңізі аймағы Балканда, солт Африкада, Алдыңғы және Орталық Азияда кездеседі. Қазақстан-ның жазық даласында: мысалы жалпы сырт сілемдері, Тобыл-Есіл, Ертіс, Семей, Көкшетау, Мұғалжар, Ембі, Батыс және Шығыс Сарыарқа жотасы, Зайсан, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Батыс Тянь-Шань т.б. 15 түрі өседі.[1] Ең көп тараған түрі – Сүйелді қайың (лат. Bétula péndula).

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өмір сүру ұзақтығы - 100-150 жыл. Ол көктемде ерте бүршік жарып, кеш жапырақ түсіретіндігімен ерекшеленеді.

Ағаштың биіктігі 20 (кейде 30) м-дей, діңінің диам. 60 – 80 см-ге дейін, қабығы ақ түсті.
Жапырағы сағақты, жиегі ара тісті, тілімденген, кезектесіп орналасады.
Аталық гүл шоғы сырға тәрізді, бұтағының ұшында жетіледі. Аналық гүл шоғының жасыл түсті сырғалары, аталық сырғасына қарағанда едәуір қысқа болады, олар көктемде ағаш бүрінен дамиды. Қайың ағашы бір мезгілде жапырақ жарып, гүлдейді.
Жемісі – ұсақ жаңғақша (оның ұзындығы 1,5 – 4 мм). Тұқымы тамыз – қыркүйекте піседі.

Отто Вильгельм Томенің Flora von Deutschland, Österreich und der Schweiz кітабынан сурет, 1885
  • Қайыңның бүршігі мен жапырағында, гүлі мен діңінің қабығында және ағашы мен шырынында емдік қасиеттер бар. Оның бүршіктері мен жапырақтарының құрамында эфир майы, қара май, флавоноидтар, сапониндер мен С дәрумені бар.

Медицинада бүршігі мен жапырағын бүйрек ауруларына қарсы ем ретінде қолданады.

  • Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш, оларды елді мекендерді көгалдандыру, әсемдік үшін саябақтарда көшеттерінен немесе тұқымынан қолдан өсіреді.
  • Қайың ағашының бұтағы мен діңі берік, әрі шымыр. Сүрегі құрылыста және жиһаз жасау үшін, жас жапырағы мен бүрі және оның діңінде өсетін қайың қара саңырауқұлағы (чага) медицинада және парфюмерияда пайдаланылады.
  • Қайың қабығын тіліп, одан ағатын шырынды ішуге болады. Қайың шырынында 20%-дай қант, кальций оксиді және хош иісті заттар бар. Оны несеп жүргізетін, ішек құртын түсіретін, қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады.
  • Сүйелді қайыңды егіс қорғайтын орман алқабы үшін отырғызады.
  • Жанғыштық қасиеті жоғары болғандықтан, отын ретінде пайдаланады.

Көп күтімді қажет етпейді. Жас көшетін алғашқы жылдары түзулеп өсірсе, діңі тік әрі әдемі болып өседі.[2]

Қалемшелеу арқылы оңай көбейтіледі.

Қайың туралы өлең жолдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бүршігі мен қабығы – ем, шырыны бар,
Қасиетін қайыңның ұғыныңдар.
Теңеп оны сыланған сұлу қызға,
Сусын жасап ішеді шырынын бал.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
  2. Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Ағаштар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010 - 15 б; ISBN 978-601-7237-03-5