Мазмұнға өту

Шығыс Пиреней

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Шығыс Пиренейлер бетінен бағытталды)

Шығыс Пиреней (фр. Pyrénées-Orientales, окс. Pirenèus Orientals, кат. Pirineus Orientals) — Францияның оңтүстігінегі департамент, Лангедок-Руссильон аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 66. Әкімшілік орталығы — Перпиньян. Халық саны 392,8 мың адам (департаменттер арасында 57-ші орын, 1999 ж.).

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жер аумағы 4116 км². Пиреней тау жүйесінің бөктерінде орналасқан департамент оңтүстігінде — Испаниямен, ал шығысында — Жерорта теңізімен шектеседі. Департаментте каталан тілі кең таралған.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Департамент 3 округ, 31 кантон және 226 коммунаны қосады.

Шығыс Пиреней — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі.

Бұрынғы Руссильон провинциясының аймағында пайда болған.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]