Тьерри Анри

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тьерри Анри Футбол
Тьерри Анри
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Тьерри Даньель Анри

Лақап аттары

Titi, Va Va Voom

Туған күні

17 тамыз 1977 (1977-08-17) (47 жас)

Туған жері

Лез-Юлис, Эссонна, Франция

Азаматтығы

Франция Франция

Бойы

188 см

Салмағы

83 кг

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

мансабын аяқтады

Жастар клубы
1983—1989 Франция Лез-Юлис
1989—1990 Франция Палезо
1990—1992 Франция Витри-Шатийон
1992 Франция Клерфонтен
1992—1994 Франция Монако
Клуб карьерасы[* 1]
1994—1999 Франция Монако 105 (20)
1994—1996 Франция Монако B 31 (7)
1999 Италия Ювентус 16 (3)
1999—2007 Англия Арсенал 254 (174)
2007—2010 Испания Барселона 80 (35)
2010—2014 Америка Құрама Штаттары Нью-Йорк Ред Буллз 56 (28)
2012   Англия Арсенал 4 (1)
Ұлттық құрамы[* 2]
1993—1994 Франция Франция-16 8 (4)
1994—1995 Франция Франция-16 11 (10)
1995—1996 Франция Франция-19 9 (5)
1997—1998 Франция Франция-20 11 (7)
1997—1999 Франция Франция-21 6 (1)
1997—2010  Франция 123 (51)
Бапкерлік карьерасы
2015—2016 Англия Арсенал (Лондон) бапкерлер шт
2016—2018  Бельгия асс
2018—2019 Франция Монако
2019— Канада Монреаль Импакт
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Тьерри Даниель Анри (фр. Thierry Daniel Henry; 17 тамыз 1977 жыл[1], Лез-Юлис, Эссонна, Франция) — франциялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. 1998 жылы әлем, 2000 жылы Еуропа чемпионы атанған.

Анридің әкесі гуаделупалық, анасы мартиникалық. Балалық шағында Францияның бірнеше әуесқой клубында және "Монаконың" фарм-клубында жаттықты. 1994 жылы Франция бірінші лигасындағы тұңғыш ойынын өткізді. "Монаконың" бапкері Арсен Венгер оны жартылай қорғаныста ұстады. Көп ұзамай футболшының қабілетін байқаған Венгер оны шабуыл шебіне ауыстырды.

1996/97 жылғы маусымды жақсы өткізген (Сол маусымда "Монако" Франция чемпионаты мен кубогында топ жарды) Тьерри Анриге "Реал Мадрид" скауттарының көзі түсіп, алты жылдық келісім шарт жасасып та қойды. Бірақ ұзамай ол келісім шарттың заңсыз екендігі әшкереленіп, ФИФА Анриге ақшалай айыппұл салды.

1998 жылғы әлем чемпионатын сәтті өткізген соң футболшыны сатып алғысы келетіп топ клубтар көбейіп кетті. Ақыры 1999 жылы қаңтарда клубтан кетіп тынды. Бірақ "Ювентуске" барған Анри Франциядағы қарқынын жоғалтып алды, жартылай қорғаныста ойнау оған тиімді болмады, маусым соңына дейін үш рет қана гол соқты. Мынадай сәтсіздікттен соң клуб оны трансферге шығарды да, сол жылы тамыз айында бұрынғы бапкері Арсен Венгер жаттықтыратын, 1991 жылдан бері өзінің сүйікті клубына айналған "Арсеналға" ауысты.

"Арсеналда" Анри ең жұлдызды шақтарын бастан кешті. Бірнеше маусым бойы үздік мергендер қатарында жүрді, екі рет Англия чемпионы атанды. 2001/02 жылғы маусымда 32 гол соғып, чемпионаттың үздік мергені атанды. 2002 жылы 12 ақпанда клуб сапындағы 100-ші голын "Саутгемптон" қақпасына соқты.

Келесі маусымда Анри 32 гол соқты, 23 нәтижелі пас берді. Бірақ клуб Англия чемпионы атана алмады, есесіне Англия кубогында топ жарды. Ал мергендер көшінде Руд ван Нистелройдан ("Манчестер Юнайтед") кейін екінші орында қалды.

2003/04 жылғы маусым Анри үшін де, "Арсенал" үшін де сәтті болды: клуб Англия чемпионатында бір рет те жеңілмеді, Ал Анри чемпионатта 30 гол соқты.

2006/07 жылғы маусымның екінші жартысында Анри дерлік ойнамады, жарақаты оған мүмкіндік бермеді.

2007 жылы жазда 2-3 жылдан бері "Анри "Арсеналдан" "Барселонаға" ауысады екен" деп қаулаған әңгімелер шындыққа айналды. 24 млн еуроға каталониялық клубқа ауысты. "Менің кетуім лондондық клуб үшін пайдалы болуы тиіс, командаластарым көбіне өздері қақпаға тебуге ыңғайлы позицияда тұрса да, допты маған беретін, ал ол үнемі пайда әкелмейтін. Енді "Арсенал" басқаша ойнайды және көптеген биіктерді бағындырады деп сенемін" деді Анри трансфері жайлы.

"Барселонада" өткізген үш маусымда Анри 35 гол соқты. Алғашқы маусымда 19 гол соғып, клубтастары арасында Лионель Мессиден ғана артта қалды. Кейін өзінен 10 жас кіші Педро Родригеспен негізгі құрамдағы орынға таласу оңайға түспеді. 2009/10 жылғы маусымнан соң клуб футболшымен келісім шартты созған жоқ,нәтижесінде 2010 ылы Оңтүстік Африкада өткен әлем чемпионатынан оралған Анри "Нью-Йорк Ред Буллз" клубымен шарт жасасты.

2012 жылы қаңтар айында "Арсеналмен" қысқа мерзімдік келісім шартқа қол қойды. Клуб Анриді Африка Ұлттары кубогына қатысуға кеткен Маруан Шамах пен Жервиньюдің орнына ойнату үшін осы қадамға барған еді. "Арсеналдағы" қайта оралғаннан кейінгі алғашқы ойынын 9 қаңтарда Англия кубогында "Лидске" қарсы өткізіп, 78 минутта жеңіс голын соқты.

2012 жылы 17 ақпанда Америкаға қайта оралды.

2014 жылы 16 желтоқсанда карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Анри төрт бірдей әлем чемпионатына (1998, 2002, 2006, 2010) қатысты. 1998 жылғы әлем чемпионатында үш рет көзге түсті: үш ретте де топтық кезеңде гол соқты, екі голды Сауд Арабиясына, бір голды Оңтүстік Африка Республиксына. 2000 жылғы Еуропа чемпионатында да Анри үш гол соқты, біреуін жартылай финалда Португалия қақпасына енгізді. Осы екі турнирде де Франция чемпион атанды.

2004 жылғы Еуропа чемпионатында бір ғана гол соқты, құрама ширек финалдан аса алмады. 2006 жылғы әлем біріншілігінде Анри құраманың жалғыз шабуылшысы ретінде доп тепті, топтық кезеңде бір гол, плей-офф кезеңдерінде бір гол (ширек финалда Бразилияның қақпасына ойын тағдырын шешкен допты) соқты. Бұл чемпионатта Франция құрамасы күміс жүлдегер атанды.

Анри 2008 жылғы Еуропа біріншілігінде бір ғана гол соқты, бұл құраманың чемпионаттағы жалғыз голы-тұғын. Құрама бұл долы да, 2010 жылғы әлем чемпионатында да топтан шыға алмады. 2010 жылғы турнирден соң құрамадағы карьерасын аяқтады.

2015 жылы "Арсеналдың" жасөспірімдер командаларының бірін жаттықтырды. 2016-18 жылдары Бельгия құрамасының бапкерлер штабында қызмет жасады.

2018 жылы 13 ақпанда "Монаконың" бас бапкері боп тағйындалып, 2019 жылы қаңтарда ол қызметтен кетті. Оған клубтың қанағаттанарлықсыз нәтижесі мен Анри мен футболшылар арасындағы түрлі түсініспеушіліктер себеп болды.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Монако»
  • Франция чемпионы: 1996/97
  • Франция кубогы: 1996/97
«Ювентус»
  • Интертото кубогы: 1999
«Арсенал»
  • Англия чемпионы (2): 2001/02, 2003/04
  • Англия кубогы (3): 2001/02, 2002/03, 2004/05
  • Англия суперкубогы (2): 2002, 2004
«Барселона»
  • Испания чемпионы (2): 2008/09, 2009/10
  • Испания кубогы: 2008/09
  • УЕФА Чемпиондар Лигасы: 2008/09
  • Испания суперкубогы: 2009
  • УЕФА Суперкубогы: 2009
  • Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2009
«Нью-Йорк Ред Буллз»
  • MLS шығыс конференциясының жеңімпазы (2): 2010, 2013
  • MLS Supporters' Shield: 2013
Франция
  • Әлем чемпионы: 1998
  • Еуропа чемпионы:: 2000
  • Конфедерациялар кубогы: 2003
  • Жастар арасындағы Еуропа чемпионы (19): 1996
  • ӘЧ-2006 символикалық құрамасы
  • Францияның үздік жас футболшысы: 1997
  • Францияның үздік футболшысы (5): 2000, 2003, 2004, 2005, 2006
  • Алтын бутсы иегері (2): 2004, 2005
  • Англия премьер-лигасының үздік мергені (4): 2002, 2004, 2005, 2006
  • Англия премьер-лигасының үздік футболшысы (2): 2003/04, 2005/06
  • Еуропадағы жыл футболшысы (Onze d'Or) (2): 2003, 2006
  • Конфедерациялар кубогының үздік мергені: 2003
  • Конфедерациялар кубогының үздік футболшысы: 2003
  • «Арсенал» тарихындағы үздік мерген: 228 гол
  • Франция құрамасы тарихындағы үздік мерген: 51 гол
  • ФИФА 100

Статистикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Клуб Маусым Лига Кубок Еурокубок Басқа да Бары
Ойын Гол Ойын Гол Ойын Гол Ойын Гол Ойын Гол
Монако 1994/95 8 3 0 0 0 0 0 0 8 3
1995/96 18 3 3 0 1 0 0 0 22 3
1996/97 36 9 3 0 9 1 0 0 48 10
1997/98 30 4 5 0 9 7 0 0 44 11
1998/99 13 1 1 0 5 0 0 0 19 1
Бары 105 20 12 0 24 8 0 0 141 28
Монако B

(фарм-клуб)

1994/95 19 6 0 0 0 0 19 6
1995/96 10 0 0 0 0 0 10 0
1996/97 2 1 0 0 0 0 2 1
Бары 31 7 0 0 0 0 0 0 31 7
Ювентус 1998/99 16 3 1 0 0 0 2 0 19 3
1999/00 0 0 0 0 1 0 0 0 1 0
Бары 16 3 1 0 1 0 2 0 20 3
Арсенал 1999/00 31 17 5 1 13 8 0 0 48 26
2000/01 35 17 4 1 14 4 0 0 53 22
2001/02 33 24 5 1 11 7 0 0 49 32
2002/03 37 24 5 1 12 7 1 0 55 32
2003/04 37 30 3 3 10 5 1 1 51 39
2004/05 32 25 1 0 8 5 1 0 42 30
2005/06 32 27 1 1 11 5 1 0 45 33
2006/07 17 10 3 1 7 1 0 0 27 12
Бары 254 174 27 9 85 42 4 1 370 226
Барселона 2007/08 30 12 7 4 10 3 0 0 47 19
2008/09 29 19 1 1 12 6 0 0 42 26
2009/10 21 4 1 0 6 0 4 0 32 4
Бары 80 35 9 5 28 9 4 0 121 49
Нью-Йорк Ред Буллз 2010 12 2 0 0 0 0 12 2
2011 29 15 0 0 0 0 29 15
2012 27 15 0 0 0 0 27 15
2013 32 10 0 0 0 0 32 10
2014 35 10 0 0 0 0 35 10
Бары 135 52 0 0 0 0 0 0 135 52
Арсенал

(аренда)

2011/12 4 1 2 1 1 0 0 0 7 2
Бары 4 1 2 1 1 0 0 0 7 2
«Арсеналда» бары 258 175 29 10 86 42 4 1 377 228
Барлығы 625 292 51 15 139 59 10 1 825 367

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]