Пресногорьковка
Ауыл | |
Пресногорьковка | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
54°29′55″ с. е. 65°45′53″ ш. б. / 54.49861° с. е. 65.76472° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 54°29′55″ с. е. 65°45′53″ ш. б. / 54.49861° с. е. 65.76472° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1752 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
1873 адам (2009) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
10 |
Пресногорьковка шекарасы
|
Пресногорьковка — Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы ауыл, Пресногорьков ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан орталығы - Ұзынкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 80 км-дей жерде.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1837 адам (874 ер адам және 963 әйел адам) болса, 2009 жылы 1873 адамды (906 ер адам және 967 әйел адам) құрады.[1]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іргесі 1752 жылы халық арасында “Қасірет белдеуі” аталып кеткен “Пресногорьков” атты орыс бекіністері желісінің құрылуына байланысты қаланған. Жергілікті қазақтар оны “Стап” деп атаған. Ауыл 1928-36 жылдары Қарағанды облысының, одан 1963 жылға дейін Қостанай облысының құрамындағы Пресногорьков ауданының орталығы болып келді. 1957 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны кезінде кеңшардың орталығына айналды. Кеңшар негізінде мұнда 1996 жылы бірнеше шаруа қожалықтары мен ЖШС-тер құрылды. Пресногорьковкада 1910-14 жылдары көрнекті халық жазушысы, драматург, Социалисттік Еңбек Ері Ғ. Мүсірепов оқыған. Ауылда жазушыға арналған мұражай ашылған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
|