Аманат (партия)
Аманат | |
Басшысы | |
---|---|
Негізін салушы |
"Отан" ретінде Нұрсұлтан Назарбаев |
Құрылған жылы |
22 ақпан 1999 жыл ("Отан" ретінде) |
Штаб-пәтері |
Астана, Д. Қонаев көшесі, 12/1 |
Идеологиясы |
Центризм |
Жастар ұйымы | |
Мүшелер саны |
1 млн. |
Мәжілістегі мандат саны[1] |
62 / 98 |
Сайты |
Аманат партиясы (2022 жылға дейін «Nur Otan») — Қазақстанның билік етуші ең ірі, әрі доминантты саяси партиясы. Партияның төрағасы — Ерлан Жақанұлы Қошанов. 2023 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде жалпы дауыс санының 53,9%-ын жинап, жалпы 98 ішінен 62 мандатқа ие болды.
Партия 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Отан» партиясы атымен құрылған еді.
Аталуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен тыс X съезінде «Отан» Республикалық саяси партиясын «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы ұсыныс қабылданып, «Отан» РСП-ның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы шығарылды. Атаудағы "Нұр" - сол уақыттағы Қазақстан президентіне - Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме.
2022 жылы 1 наурызда "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезінде мәжіліс спикері Ерлан Қошанов партияның атын "Аманат" деп атау туралы ұсыныс жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты қолдады.[2]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақала келесі топтама бөлігі: |
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі |
---|
|
Қазақстан порталы |
1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасында «Президентке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы» қоғамдық қозғалысы тіркелді. Штаб сайлау науқаны кезінде саяси партиялар және қозғалыстармен бірге қызмет істеді. Штаб жұмысына белгілі мемлекет және саясат қайраткерлері – Терещенко С.А, Дунаев Г.И., Такуов Х.Ш белсене ат салысты. Тап сол кездері қоғамдық қозғалысты саяси партияға айналдыру туралы идея дүниеге келді.
1999 жылғы 19 қаңтарда жиналыс өтіп, Қоғамдық штабты Республикалық «Отан» саяси партиясы» етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. 1999 жылғы 12 ақпанда партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуден өтті. Осы күн Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы партия қызметінің өз жұмысын бастаған уақыты болып есептеледі.
Партия мұрағатында Республикалық «Отан» саяси партиясының мүшесі Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылдың 22 ақпанымен белгіленген есеп кітапшасы мұқият сақтаулы.
1999 жылғы 1 наурызда партияның І құрылтай сьезі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірауыздан партия Төрағасы болып сайланып, Саяси кеңес, Орталық ревизия комиссиясының құрамы бекітіліп, партия Жарғысы қабылданды. Сонымен бірге сьезд делегаттары маңыздылығы жағынан тарихи болып саналатын «Отан» республикалық саяси партиясының, Қазақстанның халықтар бірлігі партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның либералдық қозғалысы, «Қазақстан – 2030» қозғалысымен бірігуі туралы қарарды қабылдады.
2002 жылғы 9 қарашада Алматы қаласында «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс IV съезінде «Отан» РСП-на Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы мен Республикалық еңбек саяси партиясының қосылуы туралы шешім қабылданды.
2006 жылғы 4 шілдеде Астанада Республикалық «Отан» саяси партиясының кезектен тыс IX съезі өтіп, «Асар» партиясының, ал 2006 жылғы 22 желтоқсанда өткен кезектен тыс Х-сьезде Азаматтық және Аграрлық партиялардың «Отан» РСП қатарына қосылуы туралы шешім қабылданды.
Партияның Х-съезінде көпшілік дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы етіп өзгерту туралы шешім қабылданды.
2008 жылғы 17 қаңтарда Елбасы – Партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, партияның халықтық платфомасын іске асырудың бағдарламасы қабылданды.
2008 жылғы 14 мамырда «Жас Отан» жастар қанатының І сьезі өтті.
2009 жылғы 9 қаңтарда Партия Орталық аппаратында Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдық отырысы өтті.
2013 жылғы 18 қазанда «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді. Сол күні партияның жаңа Доктринасы қабылданды.
2022 жылғы 1 наурыздағы кезектен тыс XXII Съезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партияның атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынады. Сол жылдың 26 сәуірінде партияның кезектен тыс XXIII съезінде Президент партиядан шығып, төрағалық Ерлан Қошановқа берілді және «Адал» партиясы «Аманат» партиясына қосылды.
Съездер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Съезі | Күні | Өткізу орны |
---|---|---|
«Отан» партиясының I құрылтай съезі: | 1 наурыз 1999 жыл. Өкілдер бірауыздан Нұрсұлтан Назарбаевты партияның бірінші төрағасы етіп сайлады. | Алматы |
«Отан» партиясының II кезектен тыс съезі: | 18 тамыз 1999 жыл. | Алматы |
«Отан» партиясының III съезі: | 20 сәуір 2001 жыл. | Алматы |
«Отан» партиясының IV съезі: | 9 қараша 2002 жыл. | Алматы |
«Отан» партиясының V съезі: | 12 шілде 2003 жыл. | Алматы |
«Отан» партиясының VI съезі: | 12 наурыз 2004 жыл. | Алматы |
«Отан» партиясының VII съезі: | 18 шілде 2004 жыл. | Алматы |
«Отан» партиясының VIII съезі: | 9 қыркүйек 2005 жыл. | Алматы |
«Отан» партиясының IX съезі: | 4 шілде 2006 жыл. «Нұр Отан» және «Республикалық Асар партиясының» (200 мың мүше) бірігуі. | Астана |
«Отан» партиясының Х съезі: | 22 желтоқсан 2006 жыл. Қазақстан Аграрлық партиясы және Қазақстан Азаматтық партиясы (130-150 мың мүше) «Отан» партиясына қосылды. | Астана |
«Нұр Отан» партиясының XI съезі | 4 шілде 2007 жыл. | Астана |
«Нұр Отан» партиясының XII съезі: | 15 маусым 2009 жыл. | Астана |
«Нұр Отан» партиясының XIII съезі: | 11 ақпан 2011 жыл. | Астана |
«Нұр Отан» партиясының XIV съезі: | 25 қараша 2011 жыл. | Астана |
«Нұр Отан» партиясының XV съезі: | 18 қазан 2013 жыл. | Астана |
«Нұр Отан» партиясының XVI съезі: | 11 наурыз 2015 жыл. | Астана |
«Нұр Отан» партиясының XVII съезі: | 29 наурыз 2016 жыл. | Астана |
«Нұр Отан» партиясының XVIII съезі: | 27 ақпан 2019 жыл. | Астана |
«Nur Otan» партиясының XIX съезі: | 23 сәуір 2019 жыл. | Астана |
«Nur Otan» партиясының XX съезі: | 25 қараша 2020 жыл. | Астана |
«Nur Otan» партиясының XXI съезі: | 28 қаңтар 2022 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып сайланды, жарғыға өзгерістер енгізіліп, жаңа саяси кеңес бекітілді. | Астана |
«Nur Otan» партиясының XXII съезі: | 1 наурыз 2022 жыл. Партияның аты "Аманат" болып өзгерді, жаңа саяси кеңес құрамы бекітілді. | Астана |
«Amanat» партиясының XXIII съезі: | 26 сәуір 2022 жыл. «Adal» партиясы «Аmanat» партиясымен бірікті, Қасым-Жомарт Тоқаев партиядан шығып, партияның жаңа төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды. | Астана |
«Amanat» партиясының XXIV съезі: | 6 қазан 2022 жыл. Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат ретінде ұсынылды, партияның жаңа Саяси тұғырнамасы бекітілді. | Астана |
«Amanat» партиясының XXV съезі: | 7 ақпан 2023 жыл. Мәжіліс сайлауына қатысатын партиялық тізім бойынша кандидаттар ұсынылды. | Астана |
Партияны басқару жүйесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жоғары басшы органдар:
- Партия съезі
- Партия филиалының конференциясы
- Бастауыш партия ұйымының жиналысы
Жоғары өкілді органдар:
- Партия Саяси кеңесі
- Партия филиалының Саяси кеңесі
Басшы органдар:
- Партия Саяси кеңесінің Бюросы
- Партия филиалы Саяси кеңесінің Бюросы
Бақылау-тексеру және бақылау органдары:
- Партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясы
- Партия филиалының Бақылау-тексеру комиссиясы
- Партиялық бақылау комитеті
- Партиялық бақылау комитетінің аймақтық және аумақтық комиссиялары
Атқарушы органдар:
- Партия орталық аппараты
- Партия филиалының аппараты
- Бастауыш партия ұйымының Бюросы, ол болмаса Төрағасы[3]
Басшылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Партия төрағасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (4 шілде 2007 - 28 қаңтар 2022 жыл)
- Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (28 қаңтар - 26 сәуір 2022 жыл)
- Ерлан Жақанұлы Қошанов (26 сәуір 2022 жылдан бері)
Партияның атқарушы хатшысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Партияның атқарушы хатшысы — партия төрағасынан кейін тұрған екінші ең жоғары лауазым, ол партияның қызметіне жалпы басшылық етеді. Лауазым 2022 жылы 2 ақпанда партия төрағасының бірінші орынбасары қызметінің орнына енгізілген. 2022 жылы 1 наурызда «Нұр Отанның» ХХII Съезінде партия Жарғысына өзгерістер жасалды.[4]
- Асхат Раздықұлы Оралов (2 ақпан 2022 – 4 қаңтар 2023)
- Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев (4 қаңтар – 17 шілде 2023)
- Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек (17 шілде 2023 жылдан бері)
Партия төрағасының бірінші орынбасары
- Сергей Александрович Терещенко (наурыз 1999 – қазан 2002)
- Амангелді Дінұлы Ермегияев (қазан 2002 – 12 наурыз 2005)
- Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов (19 сәуір 2005 – 23 қаңтар 2008)
- Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков (23 қаңтар 2008 - 13 қазан 2008)
- Дархан Аманұлы Кәлетаев (13 қазан 2008 – 19 қараша 2009)
- Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин (19 қараша 2009 – 24 қыркүйек 2012)
- Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев (24 қыркүйек 2012 – 16 қаңтар 2013)
- Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек (17 қаңтар 2013 – 8 тамыз 2015)
- Асқар Исабекұлы Мырзахметов (8 тамыз 2015 – 6 мамыр 2016)
- Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед (11 мамыр 2016 – 1 ақпан 2018)
- Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев (1 ақпан 2018 - 29 маусым 2019)
- Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек (29 маусым 2019 - 2 ақпан 2022)
Партияның хатшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы
- Жылқыбаев Ержан Жұматұлы
- Каринова Шолпан Таңатқызы
Партияның Саяси кеңес Бюросы мүшелері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қошанов Ерлан Жақанұлы — «Amanat» партиясының Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы
- Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы — ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы
- Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлы — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
- Оралов Асхат Раздықұлы — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы
- Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы — ҚР Парламенті Сенатының депутаты
- Қалтаева Ләззат Молдабекқызы — ҚР Парламенті Сенаты Спикерінің кеңесшісі
- Саиров Ерлан Бияхметұлы — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
- Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы — Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
- Зенченко Геннадий Геннадьевич — «Зенченко и К» командиттік серіктестігінің директоры
- Рожин Максим Николаевич — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
- Масагутова Элина Сергеевна — «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры
Сайлау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Президент
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Парламент
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сын
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстан оппозициясы «Nur Otan» партиясын Назарбаевтың тұлғасын тым әсірелеп насихаттаушы псевдодемократиялық және тоталитарлық немесе авторитарлық партия деп санайды. ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымдар әкімшілік ресурстарды пайдалануын және сайлауларды бұрмалауларын айыптайды.[5] Партияның бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің суды үнемдеу туралы бастамасы теріс пікірге ие болды және соған қатысты әлеуметтік желілерде көптеген демотиватор суреттер жарияланды.[6] «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының жаңа ғимаратының құрылысына мұғалімдерден ақша жинау бастамасы көптеген дау-дамай туғызды.[7]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда дауыс берудің алдын ала нәтижелері туралы (қаз.) (20 наурыз 2023).
- ↑ "Нұр Отан" партиясы "Аманат" болып өзгерді. Саяси кеңес құрамына төрт адам қосылды
- ↑ «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің ЖАРҒЫСЫ
- ↑ Nur Otan: «Бауыржан Байбек атқарған лауазым жойылады»
- ↑ https://www.zakon.kz/4467634-vybory-v-kazakhstane-ne-sootvetstvujut.html Мұрағатталған 2 қаңтардың 2019 жылы.
- ↑ http://expertonline.kz/a10411/ Мұрағатталған 30 мамырдың 2013 жылы.
- ↑ https://rus.azattyq.org/a/shymkent-uchitelya-pobory/25258358.html
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ресми веб сайты Мұрағатталған 20 желтоқсанның 2014 жылы.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |