Мамонттар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Мамонт бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мамонттар
Қазбалық ауқымы: Early Pliocene to Early Holocene, 5–0.0045 Ma
Mammuthus columbi
Ғылыми топтастыруы
Тегі: Mammuthus
Үлгілік түрі
Mammuthus primigenius
(Иоганн Фридрих Блюменбах, 1799 [originally Elephas])
түрлері
Синонимдері
  • Archidiskodon Pohling, 1888
  • Parelephas Osborn, 1924
  • Mammonteus

Мамонттар - піл текті қазып алынған жануарлардың түрі. [1]

Ма́монттар- сүтқоректілердің жойылып кеткен түрі. Бойы 5,5 метр және салмағы 10-12 тонна болатын. Осылайша мамонттар қазіргі африкандық пілдерден екі есе ауыр болған.

Мамонттар плиоценде пайда болып 2млн - 9000 жылдарда Еуропа, Азия, Африка және Солтүстік Америкада өмір сүретін. Мамонттардың көптеген сүйектері ежелгі адамдардың тұрақтаған жерлерінде табылған, және ежелгі адамдармен жасалған суреттерде мамонттар бейнеленген. Сібір және Аляскада мұздардың арқасында мамонттардың өлі денелері табылған. Мамонттардың қарапайым түрлері қазіргі пілдерден аспайтын, бірақ солтүстікамерикалық түрі бойы 5 метр және салмағы 12 тонна болатын, ал кішкене түрлерінің бойы 2 метрден аспайтын және салмағы 900 килограммға дейін болатын. Мамонттар суық климаттың өміріне жақсы бейімделген. Қазіргі пілдерге қарағанда, денелері ірі, үлкен болған, аяқтары қысқа, ұзын жүнді, құлақтары кішірек және ұзын иілген азулар болған. Азулардың арқасында қысқы уақытта қардың астынан тамақ таба алатын. Тұмсығының соңында кеңейтілген ауданның арқасында қарды қазу және қатудан алдын алатын, және қарды шөлден алдын алу үшін ішкен. Тұмсығының соңындағы шаштың жоқтығы, оның тамақ жеуге қолданған деуге болады.

Жойылып кетуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көптеген мамонттар 10 мың жыл бұрын Вислиндік мұз дәуірінде өліп кеткен. Бір гипотеза бойынша палеолит дәуіріндегі аңшылары жойған, ал екінші гипотеза бойынша климаттың өзгеруі себептерінен жойылып кеткен. Және метеорит құлауы себебінен жойылды деген ойлар бар.

Оның өткен дәуірлердегі сүйектері барлық құрлықтан табылды. Тек әзірге архиологтар, ұзынтұмсықты пілдердің қалдығын Австралия мен Оңтүстік Америкадан кезіктірмеген. Жүндес мамонт Сібірдің қатты суығында өмір сүргендіктен, оның өліктері де бізге қалпында бұзылмай жетті.

Көпшілігінің көлемі қазіргі пілдердермен шамалас болған. Кейбірі сәл кішірек. Ал, Император деп аталатын Солтүстік Американдық мамонттың биіктігі 4 метрге дейін жеткен. Мамонттардың көпшілігінің денесін қысқа қалың түк қаптаған және ұзын мұрты бар. Бас сүйектері күмбез тәрізді, құлақтары кішілеу болып келеді.

Мамонттар осыдан 10 мың жыл бұрынғы уақыттарда өмір сүрген. Жер бетінен жоғалып кетуіне ежелгі дәуір адамдарының соңына түсіп, аулауы себеп болуы мүмкін.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Britannica настольная энциклопедия» Том I. АСТ-Астрель. Мәскеу, 2006 жыл. ISBN 978-5-17-038532-4 (Т.1) (АСТ). ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Mammuthus