Парламенттік монархия
(Конституциялық монархия бетінен бағытталды)
Парламенттік монархия немесе конституциялық монархия — елдің монархы үкіметке қарағанда биліктік өкілеттілігі аз, көбінесе салтанатты рәсімдерде елдің өкілеті рөлін орындайды. Сонымен қоса монархтың мәртебесі заң мен факт жүзінде мемлекеттік биліктің барлық салаларында шектелген. Осындай мемлекетте заң шығаратын және басқа органдарға қарағанда жоғары парламент, атқарушы органына яғни үкіметке жауап береді. Үкімет сайлауда көп дауыс жинаған пртиялар арқылы қалыптасады, ал осы органның басшысы көбінесе премьер-министр деп аталады. Конституциялық монархияның басқа түрі-дуалистикалық монархия кезінде монархтың өкілеттілігі кеңейтілген болып келеді және ол факт жүзінде атқарушы органның басшысы болып табылады.