Мазмұнға өту

Иван Степанович Конев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Конев Иван Степанович бетінен бағытталды)
Кеңес Одағының Маршалы, Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Иван Степанович Конев

Иван Степанович Конев (1897 желтоқсанның 28-і — 1973 мамырдың 21-і) — Ұлы Отан соғысы кезіндегі қолбасшы, Кеңес Одағының Маршалы (1944[1]), екі мәрте Кеңес Одағының Батыры (1944, 1945).

Соғысқа дейінгі өмірбаяны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Конев Иван Степанович қазіргі Киров облысының Подосинов ауданындағы Лодейное ауылында (бұрынғы Вятка губерниясы) шаруа отбасында дүниеге келген. 1912 жылы Пушма ауылындағы училищені бітірген. Еңбек жолын 12 жасынан өзен бойы ағаш тасып бастаған.

Бірінші Дүниежүзілік соғысына қатысқан. Әскерге 1916 жылы көктемде әскерге аттанды. Оңтүстік майданда унтер-офицер болып қызмет атқарды. 1918 жылы соғыстан қайтып әскер қатарынан шықты.

1918 жылы большевиктер партиясының мүшесі болып, Вологда губерниясындағы Никольск қаласында уез хатшысы (ояз) болып істеген. Кейін Қызыл әскерге аттанып, азамат соғысына қатысқан, бронепоездың, атты әскер бригадасының, дивизиясының, Қиыр Шығыс республикасының Халық төңкеріс әскерінің штабының әскери комиссар болды.

Кронштадт көтерілісін басып-жаншуға қатысқан.

Азамат соғысынан кейін Кеңес Одағының түрлі жерлерінде әскери қызмет атқарды. Мысалы, 1922—1932 жылдары 17-ші Нижний Новгородтағы атты әскер дивизиясының басшысы болды. Байқал сыртында, сосын Кавказда әскери командир болған.

Ұлы Отан соғысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлы Отан соғысында генерал-лейтенант И. С. Конев 19-шы армияның қолбасшысы болды. Батыс майданының әскерлерін басқарған (1941 ж. қыркүйек-қазан айларында), Вязьма маңында әскерлері талқандалып, әскери трибуналдан және ату жазасынан Жуковтың арқасында ғана аман қалды. Мәскеу маңында жауға қарсы шабуыл жасағанда, Калинин майданының басшысы болды, бұл қызметте ол ерлік пен әскери өнердің жоғары деңгейін көрсете білді. Курск шайқасында Коневтың Дала майданының әскерлері Белгород пен Харьковты азат етті. 1944 жылы Корсунь-Шевченко операциясына басшылық етіп, жау тобын қоршап жойғаны үшін Коневқа Кеңес Одағының Маршалы әскери жауынгерлік атағы берілді (1944.02.20). 1944 жылғы наурыздың 26-сында 1-ші Украина майданының әскерлері бірінші болып КСРО мемлекеттік шекарасына шықты. Шілде-тамыз айларында олар фельдмаршал Эрих фон Манштейн басқарған «Солтүстік Украина» әскер тобын талқандады. Львов-Сандомир операциясында Сандомир плацдармын алып, Қызыл Әскерге фашистік Алманияға жол ашты.

Иван Степанович Конев 1944 жылғы шілденің 29-ында ерлігі, батылдығы және дарынды қолбасшылығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағымен, Ленин орденімен және «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталды.

1945 жылдың қаңтар айында Конев басқарған 1-ші Украина майданы немістердің Силезияның өндіріс орындарын құртуына жол бермеді, осылай одақтас Польшаның ерекше маңызды экономикалық аймағын жойылудан сақтап қалды. Коневтың әскерлері Праганы азат етуге және Берлинді алуға қатысқан.

1945 жылы маусымның 1-інде Конев екінші «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталды.

Соғыстан кейінгі кезең

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1946—1950 жылдары Конев Құрғақтағы әскердіктерін басшысы және КСРО-ның Қарулы күштерін министрінің орынбасары , 1950—1951 жылдарында бас инспекторы (тексерушісі) Кеңес әскерінің— Қорғаныс министрінің орынбасары еді. 1953 жылында Л. П. Берияны соттаған Арнайы соттың төрағасы, Жуков сияқты, Конев та Берияны үкіметтен шығарып, соттап, атып, Хрущевтың билігін күшейтуіне көмектесті .

1956 жылынан бастап Шығыс Еуропада қызмет еткен. 1956—1960 жылдарында Варшава келісімі ұйымының әскерлерінің басшысының орынбасары еді (1956 жылында Мажарстандағы коммунисттерге қарсы көтерілісін тоқтатты). 1961—1962 жылында Алманиядағы кеңес әскерлерін тобының басшысы еді. 1962 жылынан бастап демалысқа шықты.

1973 мамырдың 21-інде Мәскеуде қайтыс болған. Креміл қорғанының жанында Қызыл алаңында жерленген. Туған елінде қола мүсіні бар. Алматыдағы жоғары жалпыәскердік басшы училищесі, Ресей әскери флотының бір кеме Коневтың атында. Мәскеуде, Донецкте, Славянскта, Киевте, Харьковта, Черкасста, Кировоградта, Белгородт, Вологдада, Омбыда, Үркітте, Прагада Конев атындағы көшелер бар, Кировта Конев атыңдағы бір алаң бар.

Нижний Новгородтағы Большая Покровская көшесінің бір ғимаратында Коневтың даңқына естелік тақтасы бар.

Қоғамдық қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1918 жылдан бастап коммунисттер партиясының мүшесі
  • 1952 жылдан бастап Кеңес Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің (ЦК КОКП-тың) мүшесі (1939—1952 жж. кандидат)
  • 1931—34 жылдары Бүкілодақ Орталық Атқару Комитетінің мүшесі
  • КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің 1—8-шы шақыруларының Депутаты

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры (1944, 1945)
  • Ең жоғары әскери марапаты - "Жеңіс" орденімен марапатталған
  • 7 мәрте Ленин ордендарымен марапатталған
  • Қазан төңкерісі Орденімен марапатталған
  • 3 Қызыл Ту орденімен марапатталған
  • 2 мәрте 1 дәрежелі Суворов ордендарымен марапатталған
  • 2 мәрте 1 дәрежелі Кутузов ордендарымен марапатталған
  • Қызыл Жұлдыз Ордені
  • медальдармен марапатталған
  • КСРО-ның алтын Елтаңбасы бар қылышпен марапатталған(1968)
  • Чехословак Социалистік Республикасының Батыры
  • Моңғолия Халық Республикасының Батыры
  • көптеген шетел ордендері

Ескерткіштер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Туған елінде қола мүсін
  • Кировтағы Конев атындағы алаңдағы ескерткіш
  • Белгородтағы Конев атындағы көшесіндегі мүсін
  • Прагадағы ескерткіш.
  • Төмен Новгородта 1922 — 1932 жылдары Конев басқарған 17-ші Төмен Новгородтағы атшы дивизиясының штабы орналасқан Большая Покровская көшесінің нөмір 30-ыншы үйінде естелік тақта

Бірінші әйелі — Анна Волошина, одан екі бала сүйген. Екіншісі — санитар Антонина Василийқызы, одан — Наталья деген бір қыз бар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении генералу армии Коневу И. С. военного звания маршала Советского Союза» от 20 февраля 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 29 февраля (№ 12 (272)). — С. 1