Мазмұнға өту

Зәуірбектөбе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Зәуірбектөбе – ортағасырлық қоныс орны. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Абай ауылының шетінде, Кеңес су қоймасының оң жағалауында орналасқан.

Зәуірбектөбе 1978 жылы Жамбыл облысы тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы ашып, зерттеді. Қазіргі орны үшбұрышты келген төбешік. Көл. 110х120 м, биіктік. 2,5 м шамасында. Ол табандағы ені 10-15 м, биіктік 2 метрдей, бұрыштарында мұнара қалдықтары байқалатын үйінді жалмен қоршалған. Қоныстан сыры жоқ табақша, құмыра, көзе және басқа да ыдыстардың сынықтары жинастырылған. Табылған заттарға қарағанда Зәуірбектөбе халық 7 – 9 ғасырларда мекен еткен. Олар егін егіп, мал шамамен айналысқан.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тараз Энциклопедиясы