Василий Васильевич Великанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Василий Васильевич Великанов
Туған күні

25 сәуір 1899 (1899-04-25)

Туған жері

Ресей, Санкт-Петербург

Қайтыс болған күні

29 қаңтар 1969 (1969-01-29) (69 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Мемлекет

 КСРО
 Қазақ КСР
 Қазақстан

Мамандығы

сазгер

Марапаттары
Құрмет Белгісі ордені  — "Құрмет белгісі" ордені
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері


Василий Васильевич Великанов (25.04.1899, Ресей, Санкт-Петербург қ. – 29.01.1969, Алматы) – сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1958).

Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) консерваториясының композиция класын (1930), фортепьяно класын бітірген (1931). Алғашқы шығармалары Ленинград театрларында жұмыс істеген кездерінде жазылды. Онда, негізінен, камералық-аспаптық музыка (фортепьяно мен скрипкаға арналған сонатталар, трио, симфонетта), сонымен қатар, әндер мен романстар (Г. Гейне өлеңдеріне цикл) жазды. 193536 жылдары Ресейдің солтүстік облыстары бойынша Этнография институты мен Композиторлар одағы ұйымдастырған музыкалық-этнографиялық экспедицияға қатысып, халық шығармшылығын зерттеумен айналысты.

Шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1937 жылы арнайы шақыртумен Алматыға келіп алғашқы қазақ ұлттық балеті "Қалқаман – Мамырды" (либреттосын жазған М. Әуезов) жазды (балет 1938 жылы қойылды). Бұдан кейін "Тұтқын қыз" операсын (либреттосын жазған Ғ. Мүсірепов) және "Райхан" кинофильміне музыка жазды. В. Великанов Қазақ академиялық опера және балет театрында ұзақ жылдар еңбек ете жүріп, кәсіби қазақ музыкасының дамуына үлес қосты. "Ленинградтық өрендерім" вокалдық-симфониялық шығармасын (1942), "Амангелді" симфониялық поэмасын (1944), "Көктем әні" атты хор және симфониялық оркестрге арналған поэма (1946), "Қазақ симфониясын" (1947), сонымен қатар, оркестрлік пьесалар, фантазия, камералық-аспаптық шығармалар, ән-романстар, спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазды. 1951 жылы "Қамбар – Назым" балеті (либреттосын жазған Н. Баймұхамбетов) қойылды. 1951 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) оқытушы болды.[1]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005. – 656 б. ISBN 9965-26-095-8