Мазмұнға өту

Абай Сабыржанұлы Масалимов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Абай Сабыржанұлы Масалимов (1952 ж. т.), физикалық және кванттық химия, еркін радикалдардың ЭПР-спектроскопиясы саласының маманы, химия ғылымдарының докторы (1993), профессор (1996), ЖМ ХҒА академигі (2005).

С. М. Киров атындағы ҚазМУ-ды бітірген (1974). 1974-77 ж. КСРО ҒА Элементті-органикалық қосылыстар институтында тағылымдамадан өтті (Мәскеу қ.), КСРО ҒА академигі М. И. Кабачниктің зертханасында жұмыс істеді. 1978 ж. ҚазКСР ҒА Химия ғылымдары институтының ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 1980 жылпан Е. А. Бекетов атындағы ҚарМУ-да аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, химия ф-тінің деканы және университеттің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, физикалық және аналитикалық химия каф-сының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 200 ғылыми еңбектің авторы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5