Қар және мұз көшкіні
Көрініс
Қар және мұз көшкіні[1]– тау шыңдары мен құлама беткейлеріндегі қозғалысқа түскен және төмен қарай құлаған қар массасы. Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады.
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қар және мұз көшкіні беткейлермен сырғанау сипатына қарай 4 түрге бөлінеді:
- беткейдің бетін түгелдей ала арнасыз сырғитын қар сырғымалар;
- жыра, жылғалармен қозғалатын астаулы қар және мұз көшкіні;
- ақпа, яғни еркін құлайтын қар және мұз көшкіні;
- тау беткейінен құлайтын немесе сырғитын, жолында тұрған кез келген нысандарды өзімен бірге ала кететін қар массасы.
- Құрамындағы материалдардың сипатына қарай екіге бөлінеді:
Сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қар және мұз көшкіні қозғалысының орташа жылдамдығы 20-30 м/с.
- Қар көшкіні көлемі бірнеше млн.м³-ге, соққы күші 1м²-ге 60— 100 тоннаға жетіп, жойқын апаттарға әкеліп соқтырады.
- Құрғақ (қыстағы) қар және мұз көшкінінің жылдамдығы 80-100 м/с.
- Ылғал (көктемде) қар және мұз көшкінінің 10-20 м/с.
Зерттеу және қорғану шаралары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қар және мұз көшкінін бақылайтын арнаулы стансалар жұмыс істейді, онда қар және мұз көшкіні үнемі зерттеледі:
- қар және мұз көшкінінің қалыптасу жағдайы мен олардың таралуының негізгі заңдылықтары, қар жамылғысының режимі мен физикалық-механикалық қасиеттерінің құбылу ерекшеліктері анықталады;
- қар қатқабаты күйінің алмағайып жағдайлары анықталып, көшкінді болжаудың тәсілдері жасалады;
- қар көшкіндерінің гидрологиялық мәнінің есептік сипаттамалары жасалады;
- көшкіндердің тасқын сулар мен селдердің қалыптасу режиміне тигізетін әсері анықталады;
- қар өлшеу маршруттары бойынша қар және мұз көшкіндері картаға түсіріледі.
- Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде халық шаруашылық нысандарын қар және мұз көшкіндерінен дер кезінде қорғау шаралары жасалынып, сел мен көшкінге қарсы ғимараттар тұрғызылады.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5