Силсила
Силсила (араб.: سلسلة) Араб тілінен тізбек деген мағынаны білдіреді.
- сопылық әдебиетте адамның Құдайлық нұрға, оның дидарына ұмтылысын білдіреді
- Т а р қ а т шейхтарының рухани ұстаздарының шынжыры.
Мысалы; Иасауня тариқатының құрушысы Қожа Ахмет Иасауидің С-сы Али Мұртаза, Мұхаммед Ханафия, Абдул Фаттах, Абдул Жаббар, Абдул Қаһһар, Абдурраһман, Ысқақ Баб, Харун Шайх, Мумия Шайх, Муса Шайх, Исмайл Шайх, Хасан Шайх, Омар Шайх, Осман Шайх, Мұхаммед Шайх, Ифтиһар Шайх, Махмуд Шайх, Илияс Шайх, Ибраһим Шайх, Ахмет Қожа (Иасауи). Бұл - Иасауи Силсиласының бір нұсқасы, Насабнаманың әртүрлі нұсқалары бар. Силсиладағы шайхтарға «силсила рижалы» да делінеді. Аллаһтан муридке (саликке) рухани нұр-шабыт, аян келеді. Құдайлық нұр адамға тікелей Аллаһтан келуі мүмкін немесе силсила (шайхтары) көсемдері арқылы берілуі мүмкін. Силсила өте маңызды. Силсиласын білмеген салик, тегін білмейтін тексіз сияқты. Силсила жайлы жазылған еңбектерге «силсиланама» дейді. Силсиладағы шайхтың, өзінің алдындағы шайхты тікелей немесе физикалық тұрғыдан тәлім тәрбие алуы өзінен кейінгі шайхты да тікелей тәрбиелен өсіруі шарт емес. Силсиладағы шайхтар тізбегі тікелей немесе рухани тәлім тәрбие эстафетасы сияқты.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |