Мазмұнға өту

Интенционалдық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Интенционалдықты тыңнан сипаттаушы Эдмунд Гуссерль

Интенционалдық (ағылш. Intentionality) — бұл сананың қашанда әлдебірдеңе туралы болу сипаты, яғни сананың әрқашан мәлім заттарды, олардың мәлім қасиеттерін және мәлім жағдайларды көрсетуі, бейнелеуі, қатысты болуы.[1] Интенционалдық ең алдымен менталды күйлерді білдіреді, олар түйсіну, сену, немесе аңсар, тб. Сондықтан да оны көптеген философтар сананың сипаты, менталдылықтың белгісі ретінде таныған. Интенционалдық теориялары үшін өзекті мәселе интенционалды жоқтық мәселесі болды: интенционалды күйлердің объектілері болып табылатын шындықтардың онтологиялық статусын анықтау.

Алғашқы интенционалдық теориясы Кентерберилік Ансельмнің Құдайдың бар екендігі туралы онтологиялық аргументімен байланысты, ол объекттің түсініктегі барлығы мен шындықтағы барлығын ажырататын қағидаларды ұсынған болатын.[1] Бұл идея ортағасырлық схоластикалық кезеңнің аяқталуына орай талқы алаңынан шығып қалды, бірақ кейінірек эмпирикалық психолог Франц Брентано жағынан қайта тірілтіліп, қазіргі замандық феноменолог философ Эдмунд Гуссерль тарапынан қабылдады. Интенционалдық кезекте сана және тіл философтарының қызу талқылайтын мәселесінің бірі саналады.[2] Қазір негізінен интенционалды қасиеттерді табиғаттану ғылымдары зерттейтін табиғи қасиеттерге дейін редукциялауға болады деген көзқарасты ұстанатын натурализмдік интенционалдық пен зерде интенционалдық негізі деп есептейтін феноменальды интенционалдық теориясы арасында жалпы пікірталас жүруде.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Chisholm, Roderick M. (1967). "Intentionality". The Encyclopedia of Philosophy 4: 201. 
  2. Churchland, Paul M.; Churchland, Patricia Smith (1981). "Functionalism, Qualia, and Intentionality". Philosophical Topics 12 (1): 121–145. doi:10.5840/philtopics198112146. JSTOR 43153848.